Сабақтың мақсаты: Оқушылар: судың тіршілік үшін маңызын біледі; ауызсуды үнемді пайдалану қажеттігін түсінеді



бет53/153
Дата16.10.2023
өлшемі16,35 Mb.
#115898
түріСабақ
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   153
Байланысты:
10 кмж обнавл

Құндылықтарды дарыту
Көпмәдениеттілік
Интернационализм
Әлем азаматы

Коммуникативті дағдылар, ұқыптылық, бір-біріне деген құрмет, функционалдық сауаттылық.
Жолдастарын тыңдай білу, ой пікірлерімен санасу, өз ісіне жауапкершілікпен қарау дағдыларын дамыту.

Пәнаралық байланыстар

математика, ғылымға кіріспе

АКТ қолдану

Интерактив тақатамен жұмыс

Бастапқы білім

Жаратылыс тану білімін салыстырады

Сабақ барысы

Сабақтың кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы
1 мин

5 мин

7 мин

2мин


  1. Мұғалімнің кіріспе сөзі. (Сабаққа психологиялық көңіл-күй)

  2. Үй жұмысын тексеру (бақылау, өзін-өзі тексеру, өзара тексеру)

Мақсаты: оқу материалының игерілу деңгейін тексеру, проблемалар проблемалады анықтау және оларды түзету.
А)Тірек білімдер актуалдау
Формасы: ұжымдық
Әдісі: жеке
Тәсілі: сұрақ-жауап
Оқушылармен бірлесіп сабақтың/оқу мақсатын анықтайды.
Өткенді қайталау

  1. Қажетсіз заттарды сыртқа шығаруға қатысатын мүше - өкпе

  2. Бүйректің құрылымдық және функциональдық бөлігі - нефрон.

  3. Бүйрек үсті без бөлетін гормон - адреналин.

  4. Бүйрек қай омыртқа тұсында орналасқан - бел.

  5. Бүйректің пішіні қандай - бұршақ

  6. Бүйрек қызметін реттейтін орталық орналасқа




Интерактивтік тақта



30 мин


1.Ой шақыру стратегиясы. Кластер құру.
Бүйректі ауыстырып қондыру науқастың барынша сапалы өмір сүруін қамтамасыз ететін керемет амал болып табылады. Бүйректі ауыстырып қондыру бүйректің созылмалы дертінен айықтырмайтыны жөнінде атап айту керек, бұл тек емнің бір түрі. Сіз өмір бойы дәрі-дәрмекке мұқтаж боласыз. Дегенмен, көптеген науқастарға бүйректі ауыстырып қондыру тәуелсіздік пен неғұрлым толыққанды өмір сыйлайды.
Бұнда тек пайда ғана емес, қауіп те бар

Егер Сіз бүйректі ауыстырып қондыруға бел буған болсаңыз, медициналық топ және басқа да мамандар операцияның мәнін түсінуіңізге көмектеседі. Ауыстырып қондырудың артықшылықтарына қарамастан, өміріңіздің сапасының артатындығына кепіл жоқ. Сонымен қатар бүйректі ауыстырып қондыруға қатысты қауіптер де бар. Егер Сіз донор бүйрегін алуға үміткер болсаңыз, онда Сіз ағзаңыздың ауыстырып қайта қондыруға сәйкестігіне кепілдік беретін жан-жақты тексерістен өтесіз. Сіздің иммундық жүйеңіздің сипаттамаларын барынша мұқият тексеру қажет. Оның үстіне, Сіздің физикалық жағдайыңыз жақсы болуы керек. Егер Сіз ауыстырып қондыруды күтушілер қатарында болсаңыз тамақтану, дәрі-дәрмектерді қабылдау және жалпы өмірлік салт бойынша қатаң бағдарламаны ұстануыңыз керек.
Донорлық мүшелердің жеткіліксіздігі
Ауыстырып қондырылатын бүйректі Сіздің туысыңыз болып табылатын немесе болып табылмайтын тірі донорлардан да алуға болады, мысалы жұбайыңыздан, жақын достарыңыздан. Кейбір елдерде, олар адал ниетпен қайырым жасап, жәрдем еткісі келетін жасырын тірі донорлардан да алуы мүмкін. Көптеген жағдайларда, бүйрек қайтыс болғандардан алынады. Жалпы алғанда, қазіргі уақытта ауыстырып қондыруға қажетті мүшелердің жеткіліксіздігі орын алып отыр. Сіздің де донор бүйрегіне қол жеткізуді айлар бойы, тіпті жылдар бойы күтуіңіз мүмкін. Ұзақ күту нәтижесі үмітіңізді үзуі мүмкін. Сіздің медициналық тобыңыз нормативтер мен күтушілер тізімі туралы барлық ақпаратты береді.
Сіз үміткерсіз бе?
Бүйректі ауыстырып қондыруға барлығы жарамды бола бермейді. Сізде ауыстырып қондыруды қиындататын немесе аса қауіпті ететін басқа да аурудың болуы мүмкін. Қол жетімді донордың бүйрегі сіздің ағзаңыздың сипаттамаларына сай келуі керек. Донор мен сіздің сипаттамаларыңыз неғұрлым ұқсас болса, ауыстырып қондырудың оң нәтижесінің ұзаққа созылуы соғұрлым артық болады. Жалпы алғанда, сіздің туысыңыз болып табылатын тірі донордың трансплантаты үздік нәтиже береді.
Ауыр операция
Трансплантациялық хирургия дегеніміз кең көлемде жедел түрде оталық шаралар қолдану. Бұл, ауруханада 4-7 күн болуыңыз керектігін білдіреді. Ота жасалған соң Сізге бүйректің ажырауына жол бермейтін дәріні өмір бойы қабылдау қажет болады. Дәрі-дәрмекті қабылдауыңызды Сіздің медициналық топ мұқият бақылайтын болады. Сонымен қатар Сіз сау адамдарға қарағанда жұқпаны жұқтыруға неғұрлым бейім боласыз. Бүйрек қондырылған соң алғашқы жыл бойы өзіңіздің медициналық тобыңызға тексерілуге және талдау жасауға келіп тұруыңыз керек.
Тәжірибеден үйреніңіз
Бүйректі ауыстырып қондыру Сіздің өміріңізге жағымды да, жағымсыз да өзгерістер әкеледі. Сізге бүйректі ауыстырып қондыруды басынан өткерген адаммен өз сұрақтарыңызды талдаудың маңызды болып көрінуі мүмкін. Медицина мамандары Сізге осы мәселе бойынша пікірлесуге болатын адаммен байланысуға көмектеседі.

  1. Суретке назар аударыңыз.




a) Суреттегі зәр шығару жүйесінің сандармен белгіленген мүшелерді атаңыз.
1.__________________________________
2.__________________________________
3__________________________________
4.__________________________________
5.__________________________________

б) Зәр шығару мүшелерінің құрылысының ерекшеліктері мен қызметін кестеге толтырыңыз:



Мүше

Құрылысының ерекшеліктері

Қызметі


















































Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   153




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет