1 кезең.Таныстыру, мұнда топтардың аттарын, мүшелерімен таныстырасыздар (3 минут)уақыт беріледі. Креативті идеяларыңызға байланысты. Топқа ең жоғарғы ұпай 10 баллмен есептелінеді.
Қатысушыларымызбен танысып болсақ келесі кезеңге көшейік ... 2 кезең кім жылдам? деп аталады, ендеше ойынның шартымен таныстырып өтейік. Жалпы 3 тобымызға ҚР-на және Президентімізге байланысты сұрақтар қойылады. Сұрақ қойылғаннан кейін кім ең алғашқы болып тетікті басса, сол қатысушының жауап беру мүмкіндігі бар. Әрбір жауап берілген сұраққа бір ұпайдан беріледі. Тетікті кім бірінші болып басқандығын бақылайтын арнайы бақылаушыларымыз бар. Әр сұраққа дұрыс жауап 10 баллмен есептелінсе.
«Президент» сөзі латын тілінен аударғанда қандай мағына білдіреді? (алдында отырған)
Президенттің «Тарих толқынында» кітабы қай жылы шықты? (1999 ж Атамұра баспасы)
Н.Ә.Назарбаевтың туған өлкесі? (Алматы облысы, Қаскелең ауданы, Шамалған ауылы)
Президент күні қай күн? (6 шілде)
Н.Ә.Назарбаев қай жылы Президент болып сайланды? (10 желтоқсан 1991)
Н.Назарбаев қай жылы дүниеге келген? (1940ж 6 шілдеде)
Алғашқы президентіміздің өмірбаяны туралы киносы «Балалық шағымның аспаны» авторы? ()
Назарбаев атындағы университет қай жылы ашылды? (2009 жылы)
Тұңғыш президентіміздің негізгі мамандығы? (металлург)
Қазақстан Республикасында Президент сайлауы қай жылдан басталды? (1991ж 1 желтоқсанда)
Назарбаев атындағы зияткерлік мектебі қай жылы ашылды? (Астанада, 2008 жыл)
Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан - 2030» стратегиялық бағдарламасы қай жылы жарияланды?( 2003 ж)
Н.Ә.Назарбав Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің нешінші төрағасы болды? (13-ші)
Алғашқы рет ҚР - ң Гимні ретінде «Менің Қазақстаным» әні қай жылы қандай мерекеде орындалды? ( 2006ж. 10 - қаңтарда Елбасын ұлықтау рәсімінде )
Н. Ә. Назарбаевтың сүйікті спорт түрі (теннис)
Қ. Р – ң тәуелсіздігі қашан жарияланды? (1991 ж. 16 - желтоқсан)
Заң шығару міндеттерін жүзеге асыратын орган қалай аталады? (Парламент)
Қазақ тілі мемлекеттік мәртебесін қай жылы алды? (1989 ж. 22 - қыркүйек)