Сабақтың мақсаты: Оқушылардың сабақтан алған білімдерін пысықтау



Дата19.10.2023
өлшемі1,65 Mb.
#119717
түріСабақ

Сабақтың мақсаты:
1.Оқушылардың сабақтан алған білімдерін пысықтау;
2.Оқушылардың өз білімдерін жеткізе білу,ойлау,есте сақтау қабілеттерін дамыту;
3.Ортада өзін ұстауға ,сабырлылыққа, ұстамдылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: интерактивті тақта.
Түрі: сайыс.
Барысы:
1.Сәлемдесу, сайыс тақырыбы, мақсат-міндеттері.
2.Ұйымдастыру:
1.1.Қатысатын оқушыларды таныстыру (5 оқушы қатысады)
1.2. Әділқазылар алқасын сайлау.
1.3. Сайыстың кезеңдерімен таныстыру.
Құрметті оқушылар мен ұстаздар бүгінгі 5 сынып оқушылары арасындағы «Жас тарихшы» атты интеллектуалдық сайысымызға қош келдіңіздер! Сайысқа барлығы 2 топ қатысады.
Олар: 1 топ – «Алғыр» 2- топ – «Тапқыр».Сайыс 3 кезеңнен тұрады.
1.Біліміңді сына(сұраққа тез әрі дұрыс жауап беру;әр сұраққа 1 балл)
2.Суретпен жұмыс(топ сайысы, әр топқа 3 сурет, сипаттау)
3.Тарихқа саяхат(термин сөздермен жұмыс)
Сайыстың 1-кезеңі: Біліміңді сына
1.Тас кезеңдерін атаңыз
2.Тарих сөзі қандай мағына береді?
3.Сақтар нешеге бөлінеді?
4. Мысты тас дәуірі қалай аталады?
5. Сақтар туралы деректерді кімдер жазды?
1.Ерте орта ғасырлық мемлекеттерді атаңыз
2.Қаған деп кімді айтамыз, оның қызметі қандай?
3.Қарахан мемлекетінің мерзімі қандай?
4.Ұлы Жібек жолындағы қалаларды атаңыз
5.Жібек матаны алғаш өндірген халық?
2.Суретпен жұмыс(топ сайысы, әр топқа 3 сурет, сипаттау)

1) Киіз үй – «Атамыз – Алаш, керегеміз – ағаш», «Киіз туырлықты, ағаш уықты қазақпыз» деп, аталы сөз айтып қалдырған ата-бабаларымыздың негізгі баспанасы. Киіз үй – тек қазақ халқының ғана емес, бүкіл түркі, тіпті оған көршілес елдердің де тұрақ-мекені. Солай бола тұрса да, оны қастерлеп ұстап, ғасырдан-ғасырға оның мән-маңызын өзгертпей жеткізген біздің қазақ халқы екенін әрдайым мақтанышпен айтамыз. Шығу тарихы біздің заманымызға дейінгі ғасырларда пайда болған киіз үйді біздің халық қасиетті, киелі қара шаңырағымыз деп дәріптейді. Өйткені киіз үй қазақтың тұрағы, құтты мекен-жайы, еншісі, баспанасы, мүлкі, мақтанышы деп бағаланды. Әрине, киіз үйді әркім біледі, бағалайды. Шынында да, арғы-бергі тарихымыз бен мәдениетімізді зерделей қарасақ, киіз үйіміздің атқарған қызметі мен рөлі өте зор екеніне көз жеткіземіз. Оған қарап отырсақ, бірнеше жүздеген, мыңдаған жылдар бойы ата-бабаларымыздың ақыл-ойы, тұрмыс-салты, талғамы еш халықтан кем емес екен. Ғұламалар айтып кеткендей, осы киіз үйден қазақ халқының аспан әлеміне, есептеу жүйесіне, экономикалық біліктігі, мәдениет пен өнердегі талғамы – жалпы өмір тәжірибесіндегі іске бейімділігі аңғарылады. Ал ХІІ-ХІІІ ғасырлардағы мемлекеттердің Алтын Орда, Ақ Орда, Көк Орда деп аталуының өзі осы киіз үйге байланысты екенін Ш.Уәлиханов айтқан.


міндетті.

2)Орта ғасырларда Қазақстанның сауда ісінде «Ұлы Жібек жолының» орны ерекше болды. Бұл жолдың бойында Тараз, Испиджаб, Шаш, Мерке, Құлан, Суяб сияқты қалалар орналасты. Қазақстанның орта ғасырлардағы аса ірі сауда орталықтары – Тараз, Отырар, Сығанақ сияқты қалалар. Қазақстан халықтары негізгі сауданы Орта Азия, Иран, Сібір, Кавказ, Шығыс Түркістан елдерімен жасады. Сауда айналымындағы негізгі заттар: кілем, мата, жылқы, әшекей, қару-жарақ т. б. Қытай елінен Жібек жолы арқылы жібек келіп тұрды. Сауданың дамуы ақша айналымын тудырды. VI-VIII ғасырларда әр тайпаның өз теңгелері болған. Сауда айналымында VII ғасырда ежелгі түрік теңгелері мен соғды теңгелері, VIII ғасырда Бұхара теңгелері мен Ташкент (Шаш) теңгелері, Тараз қаласында түркеш теңгелері, IX-X ғасырларда Самани әулетінің мыс теңгелері, күміс дирхемдері жүрді. XI-XII ғасырларда Тараз, Испиджаб, Шаш, Қашғар, Бұхара қалаларында теңге сарайлары болды. XII-XIII ғасырларда Отырар қаласында мыс дирхемдер шығарылды. Жазба деректерде Тараз бен Суяб қалалары ірі сауда орталықтары болғаны айтылды.


3.Тарихқа саяхат(термин сөздермен жұмыс)


ЖЕБЕ – Д
САДАҚ – Ә
МЫС – У
ҚОЛА – І
ТЕМІР – Р



ҚЫТАЙ – Ж
ТАРАЗ – І
ОТЫРАР – Б
СИРИЯ – Е
НАҒРА – К

Марапаттау.


Қорытынды: Азығы бір күнге жететін айламен емес,
Білімі мыңжылға жететін пайдамен өмір сүрейік!

№5 мектеп-лицей



Сабақ тақырыбы: «Жас тарихшы»


Сынып: 5а; 6а
Пән мұғалімі: Загитова М.З.


2020-2021 оқу жылы

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет