Сабақтың мақсаты: оқушыларға түрдің түзілуін түсіндіру,дағдысын эволюциялық бағыттарға қалыптастыру



бет3/3
Дата10.12.2023
өлшемі4,28 Mb.
#136576
түріСабақ
1   2   3
Эволюция барысында көптеген түрлер күрделеніп, жоғары сатыға көтеріледі.Сондықтан табиғатта дене құрылымының күрделілігі әртүрлі дәрежедегі жануарлар мен өсімдіктер барлық жерде бір мезгілде тіршілік етеді. «Неліктен табиғи сұрыпталу барлық төменгі құрылымды топтарды жоғары сатыға көтере алмады?» деген сұрақ тууы мүмкін. Оның себебі, кейбір организмдерде болар –болмас ,әсер байқалатын өзгерістер қалдырады.Ондай өзгерістер тек сол орта жағдайларына ғана сәйкес келуі мүмкін. Дарвиннің айтуынша, тіршілігі қарапайым ортадакүрделі құрылыстың қажеті жоқ. Мысалы, сан миллион жылдар бойы аса өзгермеген басаяқты былқылдақденелілер Үнді мұхитында қазір де тіршілік етуде. Сол сияқты Аустралияда бүгінге дейін сақталып келген қалталы сүтқоректілер осы жағдайды түсіндіреді.
Қорытынды: Популяциялардан жаңа түрдің түзілуі микроэволюцияның нәтижесі болып табылады. Географиялық түр түзілуде алғашқы аймақ табиғи кедергілерге байланысты бірнеше бөліктерге бөліктерге бөлініп, ондағы оқшауланған популяциялар түрлі эволюциялық факторлардың әсерінен өзгерістерге ие болып, келешекте жаңа түрлерге бастама беруі мүмкін. Экологиялық түр түзілу биологиялық оқшаулануға, негізінде, көбею мерзімінің сәйкес келмеуіне, т.б. жағдайларға байланысты жүреді. Бұл түр түзілудің ерекшелігі – түзілген жаңа түрлер бастапқы түрге көбірек ұқсайтын болады.
Сабақты бекіту. Сәйкестігін тап:

Географиялық түр түзілу
Экологиялық түр түзілу



а) бастапқы түр аймағының көлемінде жүреді.
ә) табиғи кедергілерге байланысты аймақ бөліктерге бөлініп,түр даралары оқшауланады.
б) даралар түр аймағынан шығып,жаңа аймақтарға ауысады.
в) жыл маусымдарына сай оқшаулану себепті.
г) бастапқы түр аймағының кеңеюіне
байланысты.
ғ) биологиялық оқшаулануға байланысты.
д) популяция ішіндегі мутациялық өзгерістерге байланысты.
е) көбею мерзімінің өзгеруіне байланысты.
ж) мыңдаған ұрпақты қамтып,өте баяу жүретін әрекет
з) жаңа түрлер түзіледі


Үйге тапсырма: Түр түзілуін оқу.
Бағалау:
Рефлексия: Сабақтың мақсатына жетуге байланысты сатылы рефлексия. Стикерлер таратамын, олар стикерлерге өз ойларын жасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет