Сабақтың мақсаты: оқушыларға түрдің түзілуін түсіндіру,дағдысын эволюциялық бағыттарға қалыптастыру


Жаңа сабақ: Слайд бойынша барлық мысалдар. «Түр» деген түсінікті естідік өткен тақырыптарда, анықтамасын кім айтады? Яғни,түр дегеніміз



бет2/3
Дата10.12.2023
өлшемі4,28 Mb.
#136576
түріСабақ
1   2   3
Жаңа сабақ: Слайд бойынша барлық мысалдар.
«Түр» деген түсінікті естідік өткен тақырыптарда, анықтамасын кім айтады?
Яғни,түр дегеніміз – ұзақ уақыт бір аумақты мекендейтін, морфологиялық – физиологиялық белгілері ұқсас, өзара еркін шағылысып, өсімтал ұрпақ беретін даралар жиынтығы.
Табиғатта жаңа түрлердің түзілуі күрделі эволюциялық процесс болып табылады. Пайда болған жаңа түр бастапқы түрден байланысын үзіп, олармен шағылысуы мүмкін болмайтын, өз алдына дербес даралар жиынтығын құрайды.Түр түзілудің негізгі екі жолы бар: географиялық және экологиялық түр түзілу.
Географиялық түр түзілудің негізгі себебі – географиялық оқшаулану.
Балалар географиялық оқшауланудың анықтамасын кім айтады?
Оқшаулану мынадай екі жағдайға байланысты болуы мүмкін: біріншіден, бастапқы түр аумағы қандай да бір табиғи кедергілерге байланысты оқшауланған бірнеше бөліктерге бөлініп кетеді. Екіншіден , оқшаулану бастапқы түр аумағының кеңеюіне байланысты жүреді. Бұл кезде популяциялары бір – бірінен алшақтап, жаңа орта жағдайларының әсерінен өзгеріп, жаңа түр бастамаларына айналады. Тынық мұхиттың Галапагос аралдарындағы Дарвин зерттеген қунақтар осындай географиялық оқшауланудың нәтижесінде түзілген түрлерге жатады. Байкал көлінде тіршілік ететін былқылдақденелілердің, шаянтәрізділердің, балықтар мен құрттардың түрлері де басқа ешбір сулы аймақта кездеспейді. Өйткені бұл көл бұдан 20 млн жыл бұрын тау түзілу кезінде бөлініп кеткен деген жорамал бар.
Экологиялық түр түзілу – түр аумағының жеке бөліктеріндегі экологиялық жағдайлармен тікелей байланысты. Кез – келген популяцияда алуан түрлі кездейсоқ мутациялық өзгерістер үздіксіз жүріп жатады. Популяциялар ішінде шамалы байқалатын ауытқулары бар топтар алғаш бірлесіп тіршілік еткенімен, кейін бәсекелестік күшейіп, олар бір – бірінен алшақтап, жаңа мекен ортасына қарай ығыса бастайды. Мутацияларға байланысты популяция ішіндегі мұндай топтардың гендік құрамы өзгереді.Мысалы, шөбі шабылмайтын шалғындықта үлкен сылдыршөп өсімдігі жаз бойы гүлдейді.Кейін шалғындықтың шөбін жаз ортасында шауып алатын болды.Сондықтан осы кезде гүлдейтін үлкен сылдыршөп тұқым бермейтін жағдайға жетті. Адамның шаруашылық әрекетіне байланысты табиғи сұрыпталудың нәтижесінде шөпті шабуға дейін және шабылғанан кейін гүлдейтін сылдыршөп өсімдіктері ғана сақталып қалып тұқым беретін болды. Бұлар бір шалғындықта өскенімен, өзара будандаса алмайды. Өйткені гүлдеу мерзімдері сәйкес келмейді. Міне, осылай үлкен сылдыршөптің ерте көктемде және жаздың екінші жартысында гүлдейтін екі түр тармағы пайда болды.
Олай болса, географиялық және экологиялық оқшаулану популяциялардың алшақтауына, дербестенуіне, келешекте жаңа түрдің түзілуіне әсер ететін эволюциялық механизмдер болып табылады. Түзілген түрлердің ішінен тек жаңа мекен ортасында экологиялық жағдайларды тиімді игеріп, ең жақсы бейімделгендері ғана сақталып, одан әрі эволюциялық даму жолына түседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет