Сабақтың мақсаты: Студенттерді сана, жан және тіл тақырыбымен және мәселесімен таныстыру. Жоспар


Сана – объективті дүниенің бейнесі



бет2/4
Дата26.06.2023
өлшемі36,25 Kb.
#103423
түріСабақ
1   2   3   4
Сана – объективті дүниенің бейнесі
Идеалистер сананың екінші, материяның бейнесі екенің мойындағысы келмейді. Оны неге сүйеніп айтады. Олардың ойынша, адам санасында объективті дүниеге кездеспейтін, қате, жалған ойлар, мәселен, түрлі жынтайтан, су перісі т.с.с. ұғымдар болады. Сонда объективті дүниеде кездеспейтін ол жын-шайтандардың бейнесі қайдан пайда болады деп күдік айтады. Ал енді оларды діни адамдар өздігінше ойлап шығарған делік, дейді әлгі идеалистер, сөйтіп олар бұл мысалдан да ойдың, сананың өмір бейнесі емес, тек мидың өзінен шыққан, тек соның ғана жемісі деу керек деген теріс қорытынды шығарды. Бұған беретін жауап нақты. Әрине, жаңағы өмірде жоқ: «о дүние», «жұмақ», «пері», «дию» сияқты ұғымдарды діндар адамдар ойлап шығарғаны рас. Бірақ ол ойлар жоқтп пайда болған демейміз, белгілі бір құбылыстарға еліктеу, мидың соарды ойша құрастыруы арқылы пайда болған. Сондықтан да қай халықта болмасыг, жын да, шайтан да, басқалар да негізінде тек адам, жан-жануарлар бейнесінде елестетіледі. Өмірде мүлде жоқ, болмаған, ойға келмеген құбылыстардың бейнесін адам ешқашан ойдан шығарған емес. тіпті техникалық жаңалықтарды да адам табиғатта бар нәрселерге еліктеп жасайды. Сондықтан жаңағы айтқан діни ұғымдарда да не жақсы адамдардың, немесе жаман адамдардың мінез-құлықтары бейнеленеді, негізсіз ой туындамайды. Мұның бәрі сананың мидан емес, ми арқылы бейнеленетін объективтік материялық заттар мен құбылыстардан туындайтынына байланысты.
Сонымен қатар сана мисыз өмір сүре алмайды, ал біздің түйсіктерімізге әсер ететін сыртқы дүние. Сол әсерлер орталық жүйке жүйелері арқылы адам миына жетеді. Ми оларды қорытады, шешім жасайды. Әрине, адам ми арқылы ойлайды, бірақ оның мәні сыртқы дүниеде, соны бейнелеуінде. Ми – ең алдымен объективті ақиқатты дәл, былайша айтқанда, сыртқы дүниені дұрыс бейнелейтін орган. Бірақ сана мен объективті ақиқат ешқашан да мейлінше дәлме-дәл болмайды. Сана – оның идеалдық бейнесі. Мұны Гегель де мойындаған. Бұл – дәлдік пен айырмашылық диалектикасы. Сананың мәнінде білім жатыр. Ал оны туғызатын танымдық ізденіс. Әр нәрсені білуге, ұғынуға талпыныс, ізденіс сайып келгенде сананы құрастырады. Сана – материядан мүлде өзгеше сап, рухани құбылыс.
Одан соң сана, бір жағынан, жинақталған білім, ал екінші жағынан - таным процесі. Сана әрқашанда белгілі бір қоғамдық даму жәрежесіне сәйкес келеді. Ол үлкен дүниенің механикалық бейнесі (реппродукциясы) емес. Сана тек негізгі принцип жағынан, шығу көзі жағынан, бейнелеуі тұрғысынан ғана өмірден туындайды. Бірақ сана объективті өмірдің жұпыны бейнесі емес. Мәселен, санада ерік, ой толғау, әсірелеу, болжау шығармашылық сияқты құбылыстар бар. олардың объективті дүниеде болмауы да мүмкін. Сана тек бейнелеу емес, ол сонымен қатар белгілі бір қатынас. Айталық, бейнелеу жануарларда да бар. Бірақ оларда қатынас жоқ. Сана арқылы адам дүниені бейнелеп қана қоймайды. Ол оған әсер етеді, ойдан өрнек құрады, оны өзгертеді. Адам миында елеңдеу мен басйлу, қызығу мен жирену диалектикасы ұдайы танымсыз жүріп жатады.
Адам санасы объективті дүниенің айна бетіндегідей механикалық бейнесі емес. танымдық процесс кезінде оған толып жатқан басқа да жағдайлар (оның көргендері, білгендері, естігендері, түйгендері) әсер етеді. Сондықтан бір нәрсені көріп тұрып, адам толып жатқан ойға шомады, ойын сан-саққа жүгіртеді. Сөйтіп, объективті дүние санаға түрткі болады. Бірақ адам объективті өмірді шын да, жалған да бейнелейді. Олай болса, дәлдікті шығармашылық тұрғыдан қажет.
Таным процесінде эмоцияның орны ерекше. Эмоциясыз ешбір дүниені тануға талпыныс, ізденіс, таңырқау болмақ емес. Онсыз ғылымда, өнерде жаңалықтар болмайды. Айналадағы құбылыстарды тез байқап, ерекшеліктерінде таңдану таңырқай білу, үңіліп қарау – осылардың бәрі танымның бастамасы, көзі. Ал адамда психика да бар. Адам ұйқыға кеткенде түс көреді. Ол саналы құбылыс емес, психикалық процесс. Оны сана билей алмайды. Әрине, көрегендік түстер де болады. Оның себептері басқа. Айталық, көптеген уақыт ойлап, шешуін таба алмай қиналып жүрген кейбір жағдайлардың шешуін немесе басқа бір ойланып, уайымдап, толғанған істің ақырғы нәтижесін адам түсінде көруі мүмкін. Бірақ осыдан келіп түс саналы болады екен деген түсінік тумауға тиіс. Әлгі психикалық құбылыстардың өзіндік себептері бар. Ал адам тек түсінде ғана емес, ояу кезінде де көптеген үйреншікті, әдеттегі істерді ойланбай-ақ жасай береді. Айталық, музыкалық аспаптардың клавиштерін, пернесін ойланбай-ақ дәл басады. Көшеде келе жатқан адам нешетүрлі ой ойлайды, соған қарамастан, таныс кісінің сәлеміне жауап береді, көшедегі жол сілтегішті байқайды. Осындай сан қилы жағдайлар өмірде болып жатады. Адам оның бәрін санамен ойлап жатпайды. Көп нәрсе жаттыққан, дағдыланған түрде жасалады.
Әрбір адамның психикасында санасыздық (иррационалдық) әрекеттер бар. Оның ауқымы кең. Адам әр ісін, әр қадамын ойлап, сана елегінен өткізіп жатпайды. Көп нәрсені адам дағдылы әдіспен, ойламай-ақ, дәлме-дәл жүзеге асырады. Мұндайда кейде ойлап жатудың өзі де кедергі жасайды. Мәселен, жүрісі көп көшедегі автомобиль жүргізушінің іс-қимылы сондай. Сондықтан ұдайы, үздіксіз ойланбай, миға демалыс беріп, кейбір іс-әрекетті адам қашаннан санасыз атқарып үйренген. Бұл - өмір диалектикасы. Философияда саналылық пен санасыздық арақатынасы жайлы мәселе қашанда идеологиялық күрес объектісі болып келген. Кьеркегор, Ницше, Бергсон иррационализмді адам өмірінде басыңқы етіп көрсеткен болатын. Материалистік диалектика бұл пікірді қостамайды, қайта оны әшкерелеп, ғылымға жат екенін талай рет дәлелдеп берді. Адам өмірінде инстинкті психикалық санасыздық әрекеттерді де, сайып келгенде, сана билейді. Сонымен инстинктілі санасыздық дегеніміз – дәл осы сәтте санамен басқарылмайтын, бірақ түптеп келгенде адам миынан онша алыс кетпейтін, әсіресе мидың естілік қабілеті мен қасиетімен бақыланатын психикалық процесс. Саналық пен санасыздық қасиеттердің арасы жақын. Сондықтан кейде, кейбір ғылыми жаңалықтарда, көрегендік түстерде санадан тыс кездер де байқалады. Мәселен, Д.И. Менделеев химиялық элементтердің қайталама жүйесінің кестесін жасарда ең алдымен оны түсінде көрген. Олай болса, санасыздық құбылыс кезінде де адам миының кейбір бөлімдері қарауыл болып, жұмыс істеп тұрғанын байқаймыз. Ал адамның іс-әрекетінде санасыздық деп мидың сананың іске араласпауын, дағдылы әдіспен естелікке сеніп, өзін соларға тапсыратынын айтамыз. Сондықтан санасыздық кезде де адам әдептілікпен шығып кетпейді. Нағыз санасыздықты біз жануардан ғана көреміз. Оларда қарым-қатынас та, әдептілік те, міндет-мақсат та, ар-ұят та жоқ. Адам санасыздық жағдайында да оншалықты құлдырап төмендейді. Өйткені адам психикасы (мінез, сезімі), жаңағы айтқандай, санамен басқарылып, бағытталып отырады. Міне, бұл адам психикасы жануарлар психикасынан әлдеқайда жоғары екенін көрсетеді. Австриялық психолог З.Фрейд санасыз, ойсыз инстинкт, айталық аналық, жыныстық инстинкт адамда басым, ол санаға бағынбайды деп дәлелдемек болды. оның ойынша, түрлі ұяттылық, әдептілік дегендер жасанды, тек қоғамда ғана қолданылатын тәртіп қана, ал адам өзімен-өзі оңаша қалғанда, оның бәрін жиып қойып, нағыз ұятсыздық, хайуандық халге түседі, дейді. Бұл әрине, адамгершілікке ешбір сыймайтын, адамдық қасиеттерді аяққа басып, адамды хайуан етіп көрсететін әрекет. Сондықтан З.Фрейдтің үлкен ғалымдығына қарамастан оның дәл осы тұжырымын мойындауға болмайды. Әрине, адамды тәрбиелеуге қоғамның тигізер әсері мол. Дегенмен, саналы адам қандай жағдайда болса да, өзінің адамдық қасиеттерін ұмытпайды, хайуан бола алмайды. Оны тарих талай дәлелдеген.
«Материализм және эмпириокритицизм» деген еңбегінде В.И Ленин Р.Авенариустың пікірінше, «мен» және «мен еместің» арасында принциптік координация бар. Сондағы «мен» дегені адам, оның санасы, сезімі, ал «мен емес» дегені – объективтік дүние. Осы екеуінің арасында тығыз байланыс бар, дейді. Бірақ бұл дұрыс болса да, осы байланыстың түп негізі, оның ойынша, «мен», ал «мен емес» «менсіз» өмір сүре алмайды. Бұл әрине, субъективті идеалистік пікір. Ал мәселенің шынына келсек, керісінше, «мен» «мен емеске» бағынышты. Сол сияқты «мендегі» барлық сана, сезім объективтік дүниенің айнасы, соның жаңғырығы, рухани сәулесі екенін жоғарыда талдап көрсеттік.
Адам бойындағы барлық күшін объективті дүниеден алады. Соны сезіну, тану, білу арқылы ұғады, білімін арттырады, ойын толыстырады. Бірақ құдіретті сананың сан қилы саяси, философиялық, ғылыми, көркем әдебиеттің, діни қорытындылардың негізі – түрткісі, қайнар көзі сол объективті дүние, қоғамдық болмыс, өмірдегі түрлі іс-әрекет, шешілмеген, шиеленіскен мәселелер. Ал оларды бейнелеп, толғау керек. Ондай мәселелерсіз ой да шарықтамайды, дүние де толық түсінілмейді, оны зерттеу де мүмкін емес. Ғылыми жаңалықтар, данышпандық тұжырымдар, ғажайып шығармалар, жан-дүниенің қозғайтын ән, тәтті күйлер – осылардың бәрі өмір талаптарынан нақты қайтарылған жауабымен құнды. Бірақ осындай өмір талабына жауап қайтару үшін көп білу, өмірді ұғыну қажет.
Сонымен сана дегеніміз объективті дүниенің адам миында пайда болатын субъективтік бейнесі, сәулесі. Бірақ, ол жай бейне емес, шығармашылық бейне.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет