Сабақтың мақсаты: Студенттерді сана, жан және тіл тақырыбымен және мәселесімен таныстыру. Жоспар



бет3/4
Дата26.06.2023
өлшемі36,25 Kb.
#103423
түріСабақ
1   2   3   4
Бейнелеу түрлерінің эволюциясы
Бейнелеу – жалпы материяның қасиеті. Бейнелеудің негізінде бір құбылыстың екінші құбылысқа, бір дененің екінші бір денеге жасайтын ықпалы жатыр. Мәселен, жүріп бара жатқан адамнан із қалады, із бейнелеуге жатады. Күннен, желден ыстық пен суықтан, жаңбыр мен қардан жартас бұзылып, қиыршық құмға айналады. Теңіз жағасындағы тастар қашанда жылтыр, теп-тегіс болып келеді. Оны ысып, жылтырататын су толқыны. Сана да дәл осындай әсердің нәтижесі. Бұл тірі материя мен өлі материя арасында табиғи байланыс бар екенін көрсетеді. Бұдан ең жоғары бейнелеу – сананың өзі де бірден пайда болмай, бірте-бірте дамудың нәтижесінде шыққанын көреміз. Өлі материяда бейнелеудің екі түрі кездеседі: - изоморфизм, екіншісі – гомоморфизм. Изоморфизмде бейнеленетін объект пен оның бейнесі арасында ажыратқысыз ұқсастық болады. Мәселен, нақты самолет пен оның кішкентай моделі арасындағы ұқсастық немесе түрлі тастардың бетінде сақталып қалған ертедегі болған өсімдіктер мен жәндіктердің бейнесі. Ал гомоморфизм дегеніміз бейнеленетін объект пен оның бейнесі арасындағы ұқсастықтың жоба түрінде болатыны. Мәселен, жер бедерінің картадағы көрінісі.
Материяның түрлі құрылымдық даму дәрежесіне сәйкес бейнелеу де әрқилы болады. Өлі материяда ондай бейнелеу негізінде зат, дене бірте-бірте мүжіліп, үгітіліп, бара- бара жойылып бітеді. Ал тірі материяда ондай әсерге белсенді түрде бейімделу пайда болады. Мәселен, өсімдіктердің жарыққа созылып, күнге бой тартуы сондай құбылыс. Күнбағыс таңертеңнен кешке дейін күннің қозғалысына қарай бұрылып тұрады. Егер оны орып тастаса, бұл кезде де бейнелеу тоқтатылмайды. Бірақ, ондай бейнелеу белсенді процесс емес, бейімделу түрінде болмайды. Соның салдарынан өсімдік біртіндеп солып, сарғайып, қурап, жойылады. Бейнелеудің ең жоғарғы түрі – тіршілікке, өмірге байланысты биологиялық түрі. Өмір деген не? Ол материяның ерекше, өте күрделі қозғалысы. Өмір дегеніміз тіршіліктің ең басты негізгі белгісі – зат алмасу, ассилимиляция мен диссимиляция. Зат алмасу бар жерде, тіршілік бар. Ол тоқтаған кезде, өмір бітеді. Ал тіршіліктің өмірдегі бейнелену нормалары қандай? Ол да әртүрлі. Ең алғашқы қарапайым бейнелеуге – тітіркену жатады. Ол барлық тірі организмдерге тән құбылыс. Орталық жүйке жүйесі бар организмдерде ол рефлекс туғызады. Рефлекс дегеніміз организмнің түрлі тітікендіргіш әсерлерге жауап қайтару реакциясы. Рефлекс шартты және шартсыз болып екіге бөлінеді. Осыған сәйкес организм реакциясы да саналы және инстенстивті болып бөлінеді.
Адам миына сыртқы дүниедегі әртүрлі ақпарат қалай келеді? Ол сезім мүшелері бар: көру, есту, иіскеу, дәм сезу, яғни тері түйсігі. Сыртқы дүние әсерін сол сезім мүшелері қабылдап, одан орталық жүйке жүйелері арқылы бас миына түрлі хабарлар (дабыл, ақпарат) ретінде жеткізіледі. Бес сезім мүшесі арқылы келген хабарды сезімдік бейнелеу дейміз. Сезім мүшелері адам миын сыртқы дүниетаным байланыстырып отырады.
Бейнелеудің сезімдік түрі омыртқалы жануарларда да бар. Кейбір жанауарлардың түйсігі адамнан гөрі сергек, нәзік келеді. Иттің құлағының естуі, мұрнының иіс сезгіштігі керемет, бүркіттің көзі адамнан гөрі әлдеқайда өткір. Бірақ олардың түйсігі өз тіршілігіне сәйкес сыңаржақ дамиды, яғни өзіне қажетті дабылды ғана қабылдайды. Сол сияқты олардың кейбіреулерінде елестеу процесі де болады. Жылқы бір жүрген жолын, ит көп жыл көрмеген иесін таниды. Ал адам сана, тіл арқылы өзінің сезім мүшелірінің мүмкіндіктерін жан-жақты дамытады. Ол сезім мүшелерін ақылға билетеді. Адамға микроскоп телескоп, сейсмогграф сияқты аспаптар көмектеседі. Сана мен сезімді шатастыру өрескел қатеге соқтырады.
Диалектикалық материализм XIX ғасырдың ортасында өмір сүрген неміс физиологтары И. Мюллер мен Г.Гельмгольцтердің қате теориясымен келісе алмайды. Өйткені, олар адам түйсіктері сезім мүшелерінің энергиясына байланысты деген пікір таратқан болатын. Мәселен, И.Мюллер мынадай қорытындыға келеді: түрлі тітіркендіргіштер адам көзіне әсер етсе, бір ғана түсті – жарық көру әсерін жасайды, ал енді бір ғана тітіркендіргіш адамның түрлі сезім мүшелеріне әсер етсе, түрліше әсер туғызады. Ол әсерлер сол сезім мүшелерінің әрқилы дамуына байланысты дәй келіп, И.Мюллер адамның сезімдік бейнелуі сыртқы дүниенің әсеріне емес, ішкі сезім мүшелірінің ерекше энергиясына байланысты, деді. Ал Г.Гельмгольцтің пікірінше, біздің түйсіктеріміз – сезім мүшлерімізге сыртқы себептердің тигізген әсері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет