Сабақтың мақсаты: Тақырыптың негізгі сұрақтары бойынша білімін қалыптастыру



бет18/21
Дата27.09.2023
өлшемі249,59 Kb.
#110992
түріСабақ
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
Байланысты:
практика-каз-МПФ

ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚ
1 тапсырма. Есепті шешу
1есеп.15 жастағы жасөспірім Н., жүктеме түскенде күшейетін жүрек аймағындағы мезгіл-мезгіл ауру сезіміне шағымданады. Ангиографиялық зерттеу нәтижесінде тәждік артерия саңылауының тарылуы анықталды. Қарап тексергенде: саусақтарында бұлшықет сіңірлері бойымен тығыз, сарғыш, аса үлкен емес төмпешік анықталады (сіңірлік ксантома). Қан сарысуында ТТЛП мөлшері артқан. Қосымша арнайы лимфоциттерге тексеру жүргізгенде ТТЛП рецепторларының азайғандығы анықталды.
Сұрақтар:

    1. Науқаста гиперлипопротеинемияның қай түрі бар?

    2. Атеросклероз және миокард инфарктінің даму қаупі бар ма? Егер бар болса, онда себебі не?

    3. Табылған патологияда тұқымқуалаушылықтың маңызы бар ма?

ӘДЕБИЕТТЕР


Негізгі

  1. Ә.Нұрмұхамбетұлы. Патофизиология. – Алматы; РПО «Кітап», 2007. – С. 139 – 166, 227-237

  2. Патофизиология // Под ред. Новицкого В.В., Гольдберга Е.Д. Уразовой О.И.– Москва: Изд-во ГЭОТАР, 2010., том 1, с. 621-682, 522-568

  3. Патофизиология для внеаудиторной самостоятельной работы студентов //Под ред. Ударцевой Т.П. – Алматы:КазНМУ им. С.Д.Асфендиярова, 2006. – С. 139 – 156.

  4. Патологическая физиология п/р Н.Н. Зайко, Ю.В.Быця. – М.: «Медпресс – информ», 2004. – С. 269 – 288, 311- 324.

  5. Патологическая физиология п/р А.Д.Адо, М.А. Адо, В.И. Пыцкого, Г.В. Порядина, Ю.А. Владимирова. – М.: «Триада-Х», 2000. – С. 210-224.

  6. Патологиялық физиологиядан сынамалық тапсырмалар/ Т.П. Ударцева мен Н.Н.Рыспекованың редакторлығымен шыққан, ауд. М.Б.Байбөрі. – Алматы.: изд-во «Эффект», КазНМУ, 2007.- 174 – 188, 214 - 221 беттер

Қосымша

  1. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник для вузов. – М.: ГЭОТАР – Медиа, 2009 - С. 128-136; С. 137-146.

  2. Литвицкий П.Ф. Патофизиология.- т.1, М.: «ГЭОТАР-МЕД», 2003. - С. 301 – 326.

БАҚЫЛАУ
Тесттерге жауап беру. Патологиялық физиологиядан сынамалық тапсырмалар/ Т.П. Ударцева мен Н.Н.Рыспекованың редакторлығымен шыққан, ауд. М.Б.Байбөрі. – Алматы.: изд-во «Эффект», КазНМУ, 2007.- 174 – 188, 214 - 221 беттер

8. тақырып КӨМІРСУ АЛМАСУЫНЫҢ БҰЗЫЛЫСТАРЫ


Сабақтың мақсаты:

  • Көмірсу алмасуы бұзылыстарының біртектес түрлерінің этиологиясы мен патогенезін меңгеру

  • Көмірсу алмасуы бұзылыстарымен байланысты есептерге патофизиологиялық талдау жүргізгенде теориялық материалдар білімін қолдану.

  • Тақырып сұрақтарына пікірсайыс жүргізу машығын қалыптастыру

Оқыту міндеттері

  • Көмірсу алмасуы бұзылыстарының біртектес түрлерінің этиологиясы мен патогенезін оқып үйрену

  • Осы тақырыпты талқылау барысында медициналық терминдерді дұрыс қолдануды және пікірсайыс жүргізу машығын үйрету

  • Ситуациялық есептерді шешу үшін алған теориялық білімді қолдануды үйрету



Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Көмірсулардың қорытылуы мен сіңірілуінің бұзылыстары

  2. Бауырда гликогеннің түзілуі және ыдырауының бұзылуы. Гликогеноздар туралы түсінік.

  3. Көмірсудың аралық алмасуының бұзылуы (гиперлактацидемия, гиперпируватацидемия), патогенезі.

  4. Гипергликемия, түрлері, даму тетіктері.

  5. Ұйқыбездік және ұйқыбезден тыс инсулиннің жеткіліксіздігі, даму тетіктері.

  6. Қант диабетінің I түрінің этиологиясы мен патогенезі.

  7. Диабеттік синдромның патогенезі. Диабеттік команың патогенезі.



Оқыту тәсілдері :
Оқытушының бақылауымен және қатысуымен студенттер арасында сабақтың негізгі сұрақтары бойынша пікірсайыс өткізу, ситуациялық есептерді талқылау
Бақылау тәсілдері:
Ауызша сұрау, ситуациялық есептердің нәтижелерінің қорытындысын тексеру


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет