Тәжірибелік жұмыс
№ 1 тапсырма. Тәжірибе жағдайларын талддау негізінде пирогендік ықпалға
жануарлардың серпілісін көрсетіңіз және тәжірибе хаттамасының сызбанұсқасын толықтырыңыз.
Жануарлар
|
Виварий жағдайлары
|
Тәжірибе жағдайлары
|
Жануарлар әсерленісі
|
Гомойотермиялық (мысалы, егеу құйрық)
|
Бөлменің түрлі бөлігінің әртүрлі температурадағы мекенжайы
|
Жануарларға дерттуындататын микроорганизмдерді енгізу
|
|
Пойкилотермиялық (кесіртке)
|
Бөлменің түрлі бөлігінің әртүрлі температурадағы мекенжайы
|
Жануарларға дерттуындататын микроорганизмдерді еңгізу
|
|
№ 2 тапсырма. Есепті шешу
Науқас Б., 25 жаста, ЖИТС-қа байланысты ауруханада жатқанда қызба (дене қызымы 38,9), қақырықты жөтел және дем алу кезінде оң кеуде тұсында ауыру сезімі пайда болды. Зерттеу барысында лимфоциттер мен моноциттердің азаюына байланысты лейкопения, қақырықта (Грамм бойынша бояғанда): көп мөлшерде эпителий жасушалары, лейкоциттер, әртүрлі бактериялар, трептонема Аг реакциясы оң.
Сұрақтар:
Берілген жағдайда пирогендердің мүмкін болатын көздері?
Науқаста лейкопения кезінде қызба дамуын қалай түсіндіресіз?
Науқаста қызбаның осы көріністерінің болуы АИВ жұқпасының болуына байланысты ма?
№ 3 тапсырма. Қызбаның бірінші сатысында әйгіленімдер пайда болуының
тетіктерін және олардың қызба дамуындағы маңызын түсіндіріңіз.
Қызбаның әйгіленімдері
|
Пайда болу тетіктері және қызбаның дамуындағы маңызы
|
Терінің бозаруы
|
|
Терінің құрғауы
|
|
Бүрісу, бұлшық еттер дірілі
|
|
№ 4 тапсырма. Қызба кезінде организмнің ағзалары мен жүйелеріндегі
өзгерістерді талдаңыз және оның патогенезін көрсетіңіз.
Ағза немесе жүйе
|
Қызбаның әйгіленімдері
|
Әйгіленімдердің патогенезі
|
ОЖЖ
|
Бас ауруы
Ұйқы басушылық
Селқостық
Балалардағы тырысқақ, селкілдек
|
|
Жүрек
|
Тахикардия
|
|
Асқорыту жүйесі
|
Тәбеттің жоғалуы, ауыз құрғауы, тіл өңезденуі. Барлық ас қорыту бездерінің сөлденістік белсен-ділігінің бәсеңдеуі. Жиырылулық немесе атоникалық іш қату.
|
|
|
|
ӘДЕБИЕТТЕР:
Негізгі
Ә.Нұрмұхамбетұлы. Патофизиология. – Алматы; РПО «Кітап», 2007. – Б. 237-247.
Патофизиология // Под ред. Новицкого В.В., Гольдберга Е.Д. Уразовой О.И.– Москва: Изд-во ГЭОТАР, 2010., том 1 с. 497 - 518
Патофизиология в схемах и таблицах: Курс лекций: Учебное пособие. Под ред. А.Н.Нурмухамбетова. – Алматы: Кітап, 2004. – С. 76-83
Патологическая физиология: Учебник п/р Н.Н.Зайко и Ю.В.Быця. – 2-е изд. – М.: МЕДпресс-информ, 2004. – С. 324-340.
Патологиялық физиологиядан сынамалық тапсырмаларды қараңыз / Т.П. Ударцева мен Н.Н.Рыспекованың редакторлығымен шыққан, ауд. М.Б.Байбөрі. – Алматы.: изд-во «Эффект», КазНМУ, 2007.- 128 -139 беттер
Қосымша
Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник для вузов. – М.: ГЭОТАР – Медиа, 2009. - С. 80-99
Патологическая физиология п/р А.Д.Адо, М.А.Адо, В.И.Пыцкого, Г.В.Порядина, Ю.А.Владимирова. – М.: Триада-Х, 2002. – С. 202-209.
Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга.-Томск: Том.ун-та, 2001, С. 235-244.
Зайчик А.Ш., Чурилов Л.П. Общая патофизиология. СПб., 2001. – ЭЛБИ-СПб, С.-364-380
А.Л. Костюченко. Угрожающие жизни состояния в практике врача первого контакта. СПб: спец.литература, 1998г. с-240.
Ю.В.Лобзин, А.Т.Марьянович, Н.В.Цыган. Терморегуляция и лихорадка. – М.: Вузовская книга, 1998. – 64 с.
№ 3 тақырып: ГИПОКСИЯ
Сабақтың мақсаты:
Гипоксияның әртүрінің этиологиясы мен патогенезін меңгеру
Теориялық материалдың білімін гипоксия дамуымен байланысты үлілеу және клиникалық
жағдайларды патофизиологиялық сараптағанда қолдану
Тақырып сұрақтары бойынша пікірсайыс жүргізу дағдыларын қалыптастыру
Оқыту міндеттері:
гипоксияның жіктелуін, эндогенді және экзогенді гипоксияның этиологиясы мен патогенезін зерттеу
тақырыпты талдағанда қолданылатын медициналық атаусөздерді қолдана білу және пікірсайыс дағдыларын қалыптастыру
алған теориялық білімін ситуациялық есептер шығарғанда қолдана білу
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
Гипоксия, анықтамасы, жіктелуі (экзогенді нормо және гипобариялық, тыныстық, қанайналымдық, гемдік, тіндік, субстраттық, зорығулық, аралас).
Гипоксияның жекелеген түрлерінің этиологиясы және патогенезі.
Гипоксия кезінде зат алмасу және физиологиялық жүйелер қызметінің бұзылыстары.
Гипоксия кезіндегі теңгерулік әсерленістер (жедел және ұзақ мерзімдік).
Гипоксиялық жағдайлардың алдын алу және емдеудің патофизиологиялық негіздері. Гипоксиялық жағдайлардың алдын алу мақсатында қоршаған ортаның санитарлық-гигиеналық жағдайын бақылау.
Оқыту әдістері:
Оқытушының бақылауымен және қатысуымен сабақтың негізгі сұрақтарын талқылау, мультимедиялық көрсетілім, мен жұмыс, үлгілеу жағдайларын сараптау, ситуациялық есептерді шығару, кестелерді толтыру.
Бақылау тәсілдері:
Ауызша сұрау, ситуациялық есептердің, үлгілеу жағдайларының қорытындысын, кетелердің толтырылуын тексеру
Достарыңызбен бөлісу: |