Сабақтың мақсаты: Тақырыптың негізгі сұрақтары бойынша білімін қалыптастыру



бет16/21
Дата27.09.2023
өлшемі249,59 Kb.
#110992
түріСабақ
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
Байланысты:
практика-каз-МПФ

Тәжірибелік жұмыс

1 тапсырма.

Гипоосмостық және гиперосмостық гипогидратацияның патогенездік сызбанұсқасын құрастыру




2 тапсырма.

Ісіну дамуында тіндердің осмостық қысымының маңызын зерттеу.

Әдісі Тәжірибеге салмағы бірдей екі бақа алынады. Бақаның біреуінің лимфа қапшығына 2 мл физиологиялық ерітінді, екіншісіне 2 мл 20% хлорлы натрий ерітіндісі енгізіледі. Бақалардың салмағы өлшеніп, су құйылған банкаларға отырғызылады. 50-60 минөттен соң бақаларды судан шығарып, тағы да өлшейді. Алынған деректерді хаттамаға енгізіп, талқыланады. Қорытынды жасалады.
Тәжірибе деректерінің хаттамасы

Жануарлар

Енгізілген ерітінділер

Бақалардың салмағы

Бастапқы

1 сағаттан соң

1 - бақа

2,0 мл изотониялық ерітінді







2 - бақа

2 мл 20% хлорлы натрий ерітіндісі










3 тапсырма.

Ісіну дамуында гемодинамикалық жайттың маңызын зерттеу (Фишер тәжірибесі).

Әдісі: Сабақ басталардан бірнеше сағат бұрын бақаның бір артқы аяғына бұрама салып байлайды. Сабақта бақа аяғының көлемі ұлғайғаны, түсінің өзгергенін анықтайды. Бақа аяғының ісінген жерін инемен пісіп көргенде сұйықтықтың шыққандығы бақыланады. Ісінудің даму жолдарын түсіндіріледі.

4 тапсырма Ісіну дамуында онкотикалық жайттың маңызын зерттеу (Старлинг тәжірибесі).


Әдісі: Жұлыны зақымданған бақаның кеуде және іш қуысы ашылады, жүрек қабы (перикард) алып тасталады. Қолқа үстінен тілінеді және шеткері бағытқа қарай резеңке түтік енгізілген жіңішке шыны түтік (канюля) тілінген жерге кіргізіледі». Резеңке түтік 0,5% хлорлы натрий ертіңдісі бар ыдысқа косылады. Осы ертінді бақаның тұтас қан тамыр жүйесі бойымен ағып келіп, қолқаның кесілген жерінен сыртқа құйылады. Бақаны төменгі жағын тесіп,таразыға іліп қояды. Ертінді ағызылуы басталғаннан 15-30 минут өткеннен соң, бақаның салмағының өзгергенін, ісіну дамығанын бақылайды. Бақада гипергидрия дамуының патогенезін түсіндіру қажет.
ӘДЕБИЕТТЕР:
Негізгі

  1. Ә.Нұрмұхамбетұлы. Патофизиология. – Алматы; РПО «Кітап», 2007. – С. 166 - 198.

  2. Патофизиология // Под ред. Новицкого В.В., Гольдберга Е.Д. Уразовой О.И.– Москва: Изд-во ГЭОТАР, 2010., том 1, с. 682-746

  3. Патофизиология в схемах и таблицах: Курс лекций: Учебное пособие. Под ред. А.Н.Нурмухамбетова. – Алматы: Кітап, 2004. – С. 42-52.

  4. Патологическая физиология: Учебник п/р Н.Н.Зайко и Ю.В.Быця. – 2-е изд. – М.: МЕДпресс-информ, 2004. – С. 296-311.

  5. Патологиялық физиологиядан сынамалық тапсырмалар/ Т.П. Ударцева мен Н.Н.Рыспекованың редакторлығымен шыққан, ауд. М.Б.Байбөрі. – Алматы.: изд-во «Эффект», КазНМУ, 2007.- 188 - 205 беттер

Қосымша

  1. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник для вузов. – М.: ГЭОТАР – Медиа, 2009. - С. 147-175

  2. Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга.-Томск: Том.ун-та, 2001, С. 315-334.

  3. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник: в 2 т. – М.: ГЭОТАР-МЕД, 2003. – Т. 1. – С. 340-380.

  4. Б.Дж. Ролс, Э.Т.Ролс «Жажда». – М.: Медицина, 1984 г.

6 тақырып. ҚЫШҚЫЛДЫҚ-СІЛТІЛІК ҮЙЛЕСІМ БҰЗЫЛЫСТАРЫ


Сабақтың мақсаты:

  • ҚСҮ бұзылыстарының негізгі түрлерінің даму тетіктерін зерттеу.

  • Патогенездің сызбанұсқасын құрастыру дағдыларын бекіту

  • Топта жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру

Оқыту міндеттері:

  • Ацидоздар мени алкалоздардың.этиологиясы мен патогенезін зерттеу

  • ҚСҮ бұзылыстарының негізгі түрлеріндегі бейімделу тетіктері мен бүліну үрдістерін ажырата білу.

  • Топта жұмыс жасап үйрену (өз көзқарасын дәлелдеу, басқалардың ойын сыйлау)

  • Тақырыпты талдау кезінде медициналық атаусөздерді дұрыс қолданып үйрену



Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. ҚСҮ бұзылыстарының патогенезі мен теңгерілу дәрежесіне қарай жіктелуі

  2. Газдық ацидоз, себептері, теңгерілу тетіктері. Теңгерілмеген кездегі организмдегі бұзылыстар.

  3. Газдық емес ацидоз, себептері, теңгерілу тетіктері. Теңгерілмеген кездегі организмдегі бұзылыстар.

  4. Газдық алкалоз, себептері, теңгерілу тетіктері. Теңгерілмеген кездегі организмдегі бұзылыстар.

  5. Газдық емес алкалоз, себептері, теңгерілу тетіктері. Теңгерілмеген кездегі организмдегі бұзылыстар.

  6. ҚСҮ бұзылыстарын қалпына келтірудің патогенездік ұстанымдары



Оқыту әдістері: Оқытушының бақылауымен және қатысуымен сабақтың негізгі сұрақтарын талқылау, «ҚСҮ бұзылыстары» тақырыбы бойынша мультимедиялық көрсетілімді көру, патогенездің сызбанұсқасын құрастыру.
Бақылау тәсілдері:
Ауызша сұрау, патогенездің сызбанұсқасының дұрыстығын тексеру, тесттілеу
.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет