ТӘЖІРИБЕЛІК ЖҰМЫС
Тәжірибе жасау немесе «Гипоксияға төзімділікте түрлік реактивтіліктің, ОЖЖ жағдайының, жастың маңызы» бейнефильмін көру (кассета № 1)
№ 1 тапсырма
|
Организм реактивтілігінде жануарлар түрлерінің маңызын айқындау
|
Әдісі: Комовский аспабының астына бір ақ тышқанды және бір бақаны отырғызады. Олардың жалпы тәртібіне, тыныс алуына, терілерінің түсіне назар аударады. Содан кейін барометрлік қысымды біртіндеп 200 мм.с.б. дейін азайтып, жануарлардың жалпы тәртібі, тыныс алуы, терілерінің түсінің өзгерістерін байқайды. Алынған деректерді талдап, тұжырым жасайды.
№ 2 тапсырма.
|
Реактивтіліктегі жас мөлшерінің маңызын анықтау
|
Әдісі: Тәжірибеге бір ересек (салмағы 15-20 г), бір жаңа туған ақ тышқанды алады. Олардың жалпы тәртібіне, тыныс алуына, терілерінің түсіне назар аударады. Содан кейін барометрлік қысымды біртіндеп 200 мм.с.б. дейін азайтып, жоғарыда келтірілген көрсеткіштерді қадағалап, салыстырады. Екі тышқанда биіктік ауруының дамуын қадағалайды. Биіктік ауруы дамуында жас мөлшерінің маңызы туралы қорытынды жасалады.
№ 3 тапсырма.
|
Организм реактивтілігіндегі ОЖЖ-нің функциялық жағдайының маңызын анықтау
|
Әдісі: тәжірибеге үш ақ тышқан алынады. Біреуіне тері астына 1% гексенал ерітіндісі 100 г дене салмағына 0,5 мл. ерітінді есептеліп енгізіледі. Екіншісіне - 10% кофеин ерітіндісі дене салмағына 0,5 мл. ерітінді есептеліп енгізіледі. Үшінші тышқан бақылау болып есептеледі. 5 - 6 мин. соң үшеуін де Комовский аспабының астына отырғызады. Алдыңғы тәжірибеде жүргізілген ретпен қайталанады. Жануарлардағы өзгерістердің айырмашылығын анықтайды. Алынған мәліметтерді сарапталады.
№ 4 тапсырма.
|
Организм реактивтілігіне сыртқы орта жайттарының ықпалын зерттеу.
|
Әдісі: Тәжірибеге үш тышқан алынады. Біреуін тоңазытқышта 20 минөт мұздатады, екіншісін 400С термостатта 10 мин ұстайды. Үшінші тышқан –бақылау тышқаны. Оларды комовский аспабының астына отырғызып, биіктік ауруын шақырады. Жануарлар тәртібінің айырмашылықтарына назар аударып, қорытынды жасайды.
Хаттаманың кестесі
Жануарлар
|
Барометрлік қысым
|
Тәртібі
|
тыныс алуы сипаты
|
Терісінің түсі
|
Жауап қайтару түрі
|
Бақа
|
Бастапқы жағдай
|
|
|
|
|
Биіктік ауру
|
|
|
|
|
Тышқан №1
(бақылау)
|
Бастапқы жағдай
|
|
|
|
|
Биіктік ауру
|
|
|
|
|
Тышқан №2 (жаңа туған)
|
Бастапқы жағдай
|
|
|
|
|
Биіктік ауру
|
|
|
|
|
Тышқан
№3(наркоз)
|
Бастапқы жағдай
|
|
|
|
|
Биіктік ауру .
|
|
|
|
|
Тышқан
№4 (кофеин)
|
Бастапқы жағдай
|
|
|
|
|
Биіктік ауру
|
|
|
|
|
Тышқан №5
(гипертермия)
|
Бастапқы жағдай
|
|
|
|
|
Биіктік ауру
|
|
|
|
|
Тышқан №6
(гипотермия)
|
Бастапқы жағдай
|
|
|
|
|
Биіктік ауру
|
|
|
|
|
Студенттер хаттаманың жалпы кестесін толтырады және гипоксияның бүліндіргіш әсеріне организм төзімділігінің әртүрлі екені туралы тұжырым жасайды, бұл неге байланысты екенін түсіндіреді.
№ 5 тапсырма. Ситуациялық есептерді шешу
№ 1. Екі егеуқұйрыққа келесі тәжірибе жасалды: № 1 егеуқұйрық су температурасы 10 °С аквариумға салынды. 5 минуттан соң егеуқұйрықты шығарып бақылау жануарымен (№ 2 егеуқұйрық) және 10 минут бұрын 2,5 мг/кг психостимулятор фенамин салынған егеуқұйрықпен (№ 3 егеуқұйрық) бірге барокамераға отырғызылды. Сосын барокамерадағы ауа 180 мм с.б. дейін сорылды. Өмір ұзақтығы (барометрлік қысымның деңгейі 180 мм с.б. болғаннан тыныстың тоқтағанына дейінгі кезең) № 1 егеуқұйрықта 15 минут, № 2 егеуқұйрықта – 7 минут, № 3 егеуқұйрықта – 4 минут болды.
Гипотермия мен психостимулятор фенамин гипоксияға төзіділікке әсер етеді ме?
Гипотермия мен фенамин жануарлардың гипоксияға төзімділігіне қалай әсер етеді?
Организмнің гипобариялық гипоксияға төзімділігін арттыратын және төмендететін басқа жайттардан мысал келтіріңіз.
ӘДЕБИЕТТЕР:
Негізгі
Ә.Нұрмұхамбетұлы. Патофизиология. – Алматы; РПО «Кітап», 2007. – Б. 80-115.
Патофизиология // Под ред. Новицкого В.В., Гольдберга Е.Д. Уразовой О.И.– Москва: Изд-во ГЭОТАР, 2010., том 1, с. 308-324, 232-307
Патофизиология в схемах и таблицах: Курс лекций: Учебное пособие. Под ред. А.Н.Нурмухамбетова. – Алматы: Кітап, 2004. – С. 23-33.
Патологическая физиология: Учебник п/р Н.Н.Зайко и Ю.В.Быця. – 2-е изд. – М.: МЕДпресс-информ, 2004. – С. 81-90.
Патологическая физиология п/р А.Д.Адо, М.А.Адо, В.И.Пыцкого, Г.В.Порядина, Ю.А.Владимирова. – М.: Триада-Х, 2002. – С. 73-89.
Патологиялық физиологиядан сынамалық тапсырмалар / Т.П. Ударцева мен Н.Н.Рыспекованың редакторлығымен шыққан, ауд. М.Б.Байбөрі. – Алматы.: изд-во «Эффект», КазНМУ, 2007.- 57-63 беттер
Қосымша
Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник для вузов. – М.: ГЭОТАР – Медиа, 2009. - С. 21-23, С. 26-42
Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник для вузов. – М.: ГЭОТАР – Медиа, 2007. - С. 21-23, С. 26-42.
Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник: в 2 т. – М.: ГЭОТАР-МЕД, 2003. – Т. 1. – С. 41-44.
Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга.-Томск: Том.ун-та, 2001, С.133-149
БАҚЫЛАУ
Патологиялық физиологиядан сынамалық тапсырмаларды қараңыз / Т.П. Ударцева мен Н.Н.Рыспекованың редакторлығымен шыққан, ауд. М.Б.Байбөрі. – Алматы.: изд-во «Эффект», КазНМУ, 2007.- 57-63 беттер
№ 7 тақырып: ЖАСУШАНЫҢ ЖАЛПЫ ПАТОЛОГИЯСЫ
Сабақтың мақсаты:
Жасуша зақымдануының жалпы этиологиясы мен патогенезі бойынша негізгі сұрақтарды меңгеру
Теориялық білімді патогенездің сызбанұсқасын құрастырғанда және ситуациялық есептерді шығарғанда қолдану
Дерттік үрдістердің жасушалық деңгейде пайда болу себебін, даму тетіктерін және аяқталуын патофизиологиялық сараптау дағдыларын қалыптастыру
Берілген тақырыпты талдағанда қолданылатын атаусөздерді меңгеру дағдыларын қалыптастыру
Тәжірибе жасағанда ҚР ДСМ №№ 442 және 575 бұйрықтарының негізгі қағидаларын қолдану
Оқыту міндеттері:
жасуша зақымдануының себептері мен патогенезін зерттеу
Берілген тақырыпты талдағанда қолданылатын атаусөздерді дұрыс қолдану
Тақырып бойынша патогенездің сызбанұсқасын құрастырып үйрену
Тәжірибеде жасушадағы бүліну белгілерін анықтауды үйрену
Ситуациялық есептерді шешкенде теориялық білімді қолдануды үйрену
Тәжірибелік жануарлармен жұмыс жасағанда ҚР ДСМ №№ 442 және 575 бұйрықтарының негізгі қағидаларын қолдануды үйрену
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
Жасушаның бүлінуі, анықтамасы. Жасушаның бүлінісін туындататын себептер. Бүліністерге жасушаның төзімділігін анықтайтын жайттар.
Жасуша бүліністерінің түрлері, сипаттамасы. Жасушаның жіті және созылмалы бүліністерінің сатылары.
Жасуша өлімінің түрлері. Некроз және апоптоз, даму тетіктері.
Жасуша бүліністерінің арнайы және арнайыланбаған (иондық дисбаланс, қажыммен қамтамасыз етілуінің азаюы, рН, мембраналық потенциалдың, сіңірулік қабілеттің өзгеруі) көріністері, даму тетіктері.
Жасуша мембранасы бүлінулерінің патогенезі (МАТ, фосфолипаза және басқа гидролазалардың әсерленуі, осмостық және иммундық бүліністер).
Бүліністер кезіндегі жасушадағы теңгерілулік тетіктер.
Патогенді жайттардың әсеріне жасушаның төзімділігін арттыратын және зақымданған жасушада қалпына келтіру үрдістерін күшейтетін алдын алу және емдік шаралар.
Оқыту әдістері:
Оқытушының бақылауымен және қатысуымен сабақтың негізгі сұрақтарын талқылау, бейнекөрініс көру, тәжірибелер жасау, тәжірибе нәтижелерін талқылау, есептерді шешіп, талқылау, бейнекөрініс көру.
Бақылау тәсілдері:
Ауызша сұрау, тәжірибе хаттамаларының дұрыс толтырылуын және тәжірибе нәтижелері бойынша қорытындының, ситуациялық есептер жауаптарының дұрыстығын тексеру.
Достарыңызбен бөлісу: |