Тәжірибелік жұмыс
№1 тапсырма. Пол Бер тәжірибесін сараптау
Тәжірибеге екі топ тышқан алынады. Біріншісі ауа толтырылған барокамераға отырғызылып, барометрлік қысым біртіндеп 210 мм. с.б. дейін төмендетіледі. Бұл кезде жануарда биіктік ауруының белгілері көрініп, тырысу дамиды.
Екінші топ тышқандарын оттегіге толтырылған барокамераға отырғызылады. Бұл камерада барометрлік қысым 200 мм. с.б. дейін төмендетіледі. Бұл тышқандарда биіктік ауруының белгілері байқалмайды.
№ 2 тапсырма. Ситуациялық есептер щығару
№1 . Егеуқұйрықты барокамераға үш минут бойы отырғызып, барометрлік қысым 180 мм. с.б. деңгейіне дейін ауа сорылды. Төмен барометрлік жағдайда болғаннан кейін жануарда 4 минуттан соң тырыспа-селкілдек пайда болды. 5 минуттан соң ақтық тыныс (сирек дем алу) пайда болып, бір бүйіріне қисайып жатты. Кейін тыныс алуы мүлдем тоқтайды. Төменгі барометрлік жағдайда (барометрлік қысым 180 мм. с.б.) өмір сүру ұзақтығы 6минутты құрады.
Аталған тәжірибеде жануар қандай жайттың әсеріне ұшырады?
Көрсетілген жайттардың қайсысы дамыған дерттік үрдістің (гипобариялық гипоксияның) себебі болуы мүмкін?
Айтылған болжамдарды тәжірибе жүзінде қалай көрсетуге болады?
Аталған гипоксияда жануарда ҚСҮ мен қанның газдық құрамы қалай өзгереді?
№2 . 10 000 метр биіктікте жолаушылар авиалайнерінің тығыз жабылмағандығы анықталды. Бірнеше секөнттің ішінде ұшақтағы барометрлік қысым сол биіктіктегі атмосфералық қысымның көрсеткішімен бірдей (170 мм.с.б.) болды. Экипаж төмен түсе алмай, ұшақ сол биіктікте бірнеше минөт бойы ұшты.
Осы апатқа сәйкес жолаушылар организмінде дамыған қандай дерттік үрдістер олардың денсаулығына қауіп төндіріп, өлімге әкелуі мүмкін?
Бұл дерттік үрдістердің туындау себептері мен даму жолдары қандай?
Аталған дерттік үрдістердің қайсысы жолаушылар организміне қауіпті және не себепті?
№3 Екі жағдайды салыстырып сараптау
А жағдайы
Алпинистер тобының Эвереске шығар жолында теңіз деңгейінен 6500 м биіктікте бір альпинист есінен танды. Оттегі маскасымен дем алдырған соң жағдайы жақсарып, ол есін жиды. Бірақ бұлшық еттееріндегі құрысулар мен ауыру сезімінің әсерінен оның шыңға шығуға мұршасы келмеді және оны теңіз деңгейінен 3000 м биіктіктегі лагерге апарды, ол жерде оның жалпы жағдайы қалпына келді.
Б жағдайы
10 000 метр биіктікте жолаушылар авиалайнерінің тығыз жабылмағандығы анықталды. Осы биіктікте ұшуды жалғастыру үшін ұшқыш оттегі маскасымен дем алды, бірақ оның жалпы жағдайы жақсармады, сол себепті ол жедел жерге қонды.
Сұрақтар
Бұл екі жағдайдағы дерттік үрдістің себебі қандай?
Не себепті оттегі маскасымен демалдырғанда біреуінің жағдайы жақсарса, екіншісіне тиімсіз болды?
№4. 1946ж. Зерттеушілер Хаустон мен Рилей (АҚШ) барокамерада «Эверест операциясы» тәжірибесі жүргізді. Тәжірибеге жастары 19-27 жас аралығындағы төрт ер адам қатынасты. Тәжірибенің жалпы ұзақтығы – 35 тәулік, оның 32 күнін зерттелушілер барометрлік қысымды таудағы биіктікті сипаттайтын, біртіндеп, алдымен 600 м-ден 2400-ге дейін, сосын 300 м-ден 6000м-ге дейін, соңында 150 м-ден төмендетілген барокамерада өткізді. 27 - тәулікте зерттелушілер 6850 м биіктікке жетіп, сол биіктікте бірнеше күн бойы қалды, содан соң шыңды «бағындыру» жасалынды, яғни барокамерадағы қысым 235 мм с.б. дейін төмендетілді – бұл Эверест шыңының шамасына сәйкес келеді.
Алты сағаттық «бағындыру» кезінде екі зерттелушіге оттегі беруге тура келді, ал қалған екеуі өздігінен «шыңға шығып» және сол жерде жарты сағат болды.
Тәжірибе жағдайларының қайсысы зерттелушілерде гипоксияға төзімділікті қамтамасыз етті?.
Берілген эксперименттік зерттеу жағдайында организмнің гипоксияға төзімділігі жоғарылауының тетіктері қандай?
Аталған тәжірибеде зерттелушілерде гипоксияға бейімделу дәрежесі (дені сау адамдарда) әртүрлі?
ӘДЕБИЕТТЕР:
Негізгі
Ә.Нұрмұхамбетұлы. Патофизиология. – Алматы; РПО «Кітап», 2007. – С. 22-31, 75-80
Патофизиология // Под ред. Новицкого В.В., Гольдберга Е.Д. Уразовой О.И.– Москва: Изд-во ГЭОТАР, 2010., том 1, с. 73-87
Патофизиология в схемах и таблицах: Курс лекций: Учебное пособие. Под ред. А.Н.Нурмухамбетова. – Алматы: Кітап, 2004. – С. 17-22.
Патологическая физиология: Учебник п/р Н.Н.Зайко и Ю.В.Быця. – 2-е изд. – М.: МЕДпресс-информ, 2004. – С. 30 -38.
Патологическая физиология п/р А.Д.Адо, М.А.Адо, В.И.Пыцкого, Г.В.Порядина, Ю.А.Владимирова. – М.: Триада-Х, 2002. – С. 8-14.
Патологиялық физиологиядан сынамалық тапсырмалар / Т.П. Ударцева мен Н.Н.Рыспекованың редакторлығымен шыққан, ауд. М.Б.Байбөрі. – Алматы.: изд-во «Эффект», КазНМУ, 2007.- 24 -57беттер
Қосымша
Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга.-Томск: Том.ун-та, 2001, С. 33-37.
Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник: в 2 т. – М.: ГЭОТАР-МЕД, 2003. – Т. 1. – С. 37-45.
Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник для вузов. – М.: ГЭОТАР – Медиа, 2009. - С. 19-21, 23-25
Давыдовский И.В. Проблемы причинности в медицине (этиология). М.: Медгиз. - 1962. -176 с.
Царегородцев Г.И., Ерохин В.Г. Диалектический материализм и теоретические основы медицины. М.: Медицина, 1986, С.226 - 233.
Саркисов Д.С., Пальцев М.А., Хитров Н.К. Общая патология человека. М.: Медицина, 1995. - С.49 - 90.
Нурмухамбетов А.Н. Спорные вопросы этиологии (лекция) // Вестник КазГМУ, 1999. - № 5,.с.114 - 117.
БАҚЫЛАУ
Тесттерге жауап беру - Патологиялық физиологиядан сынамалық тапсырмаларды қараңыз / Т.П. Ударцева мен Н.Н.Рыспекованың редакторлығымен шыққан, ауд. М.Б.Байбөрі. – Алматы.: изд-во «Эффект», КазНМУ, 2007.- 24-32 беттер
№ 4 тақырып: ОРГАНИЗМГЕ ЭЛЕКТР АҒЫМЫ МЕН ИОНДАУШЫ СӘУЛЕНІҢ ЗАҚЫМДАУШЫ ӘСЕРІ
Сабақтың мақсаты:
Жалпы этиология мен патогенездің негізгі түсініктерін организмге электр ағымы мен иондаушы сәуленің әсерін мысалға ала отырып меңгеру
Патогенездің сызбанұсқасын құрастырғанда теориялық материалдан алған білімін қолдану
Этиология мен патогенез сұрақтары бойынша пікірсайыс жүргізу дағдыларын қалыптастыру
Оқыту міндеттері:
организмге электр ағымы мен иондаушы сәуленің патогенді әсерінің тетіктерін меңгеру
патогенездің сызбанұсқасын құрастыруды үйрену, бастапқы тізбекті, кері айналып соғу шеңберін ажырата білу
Этиология мен патогенез сұрақтары бойынша пікірсайыс жүргізу дағдыларын меңгеру
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
Техникалық электр ағымының патогенді әсері
Электр жарақатына организмнің жергілікті серпілістері
Электр жарақатына организмнің жалпы серпілістері
Иондаушы сәуленің тірі организмге әсер ету тетіктері. Иондаушы сәуленің тікелей және жанама әсерлері
Иондаушы сәуленің жасушаларға әсері
Жіті сәулесоқ ауруы, түрлері, сатылары, патогенезі
Созылмалы сәулесок ауруы, патогенезі
Иондаушы сәуленің ұзаққа созылған салдарлары (өспелік, өспелік емес)
Оқыту әдістері:
Оқытушының баұылауымен және қатысуымен сабақтың негізгі сұрақтарын талқылау, патогенездің сызбанұсқасын құрастыру
Бақылау тәсілдері:
Ауызша сұрау, патогенездің сызбанұсқасын құрастыру, тесттілеу
Достарыңызбен бөлісу: |