Қазақ тілі пәні бойынша 10-сынып (жаратылыстану-математикалық бағыт) оқушысының өзіндік жұмыс жоспары I тоқсан Сабақтың нөмірі: 8 Сабақтың тақырыбы: Нәтиже сабақ
Оқу мақсаттары: 10.4.2.1 сөйлеу ағымындағы интонацияның құрамдас бөліктері: әуен, әуез, тембр, қарқын, кідірісті сөйлеу мәнеріне сай қолдану.
Сабақтың мақсаты: Бұл сабақта оқушылар сөйлеу ағымындағы интонацияның құрамдас бөліктері: әуен, әуез, тембр, қарқын, кідірісті сөйлеу мәнеріне сай қолданады
Ақпарат көзі:
Оқулық. Қазақ тілі. Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математикалық бағытындағы 10-сынып оқулығы. Алматы «Атамұра» 2019ж.
Жұмыс реті
Сабақ мазмұны
Сабақта нені орындау қажет?
1-тапсырма
28-бет. 2-тапсырма.«Қазіргі қоғам құндылықтары» тақырыбында тұсаукесер дайындаңыздар.
Тұсаукесерге қойылатын талаптар:
Тұсаукесердің мазмұны тақырыбына сәйкес болуы тиіс;
Тұсаукесерде құндылықтарға қатысты нақыл сөздер, ақпараттар орынды кіріктірілуі тиіс.
Дескриптор: -тұсаукесерді тартымды, түсінікті жасайды;
-тілдік сауаттылықты сақтайды;
-көрнекі сызба материалдарды талғаммен қолданады.
2-тапсырма
29-бет. 3-тапсырма.Мәтінді оқып, барлығын біріктіретін ортақ құндылық туралысөйлеудегі интонацияның құрамдас бөліктерін сақтай отырып, ойды жалғастырып мәтін құрастырыңдар (мәтін көлемі 60-70 сөз).
Дескриптор: -мәтіндегі ортақ құндылықты табады;
-интонацияның құрамдас бөліктерін сақтайды;
-ойды жалғастырып мәтін жазады.
3-тапсырма
29-бет. 4-тапсырма. Даналардың пікірін негізге ала отырып, «Адам болам десеңіз» тақырыбындағы кластерді толтырыңыздар.
Кері байланыс: -Балалар, орындаған тапсырмаларыңызды электронды пошта немесе «WhatsApp» мобильді қосымшасы арқылы жіберуге болады.
Әзірлеуші:Оспанова Акбота Ахметжановна, № 152 мектеп-гимназияның қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі. (Алматы қаласы Білім Басқармасы ҚББЖТҒӘО қолдауымен)