Сабақтың нөмірі: 8 Сабақтың тақырыбы: Нәтиже сабақ



Дата12.05.2023
өлшемі28,74 Kb.
#91953
түріСабақ
Байланысты:
10-сынып.8-с



Қазақ тілі пәні бойынша 10-сынып (жаратылыстану-математикалық бағыт) оқушысының өзіндік жұмыс жоспары
I тоқсан
Сабақтың нөмірі: 8
Сабақтың тақырыбы: Нәтиже сабақ
Оқу мақсаттары: 10.4.2.1 сөйлеу ағымындағы интонацияның құрамдас бөліктері: әуен, әуез, тембр, қарқын, кідірісті сөйлеу мәнеріне сай қолдану.
Сабақтың мақсаты: Бұл сабақта оқушылар сөйлеу ағымындағы интонацияның құрамдас бөліктері: әуен, әуез, тембр, қарқын, кідірісті сөйлеу мәнеріне сай қолданады

Ақпарат көзі:

Оқулық. Қазақ тілі. Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математикалық бағытындағы 10-сынып оқулығы. Алматы «Атамұра» 2019ж.



Жұмыс реті

Сабақ мазмұны

Сабақта нені орындау қажет?




1-тапсырма

28-бет. 2-тапсырма. «Қазіргі қоғам құндылықтары» тақырыбында тұсаукесер дайындаңыздар.
Тұсаукесерге қойылатын талаптар:

  • Көлемі 3-5 слайд немесе бейнеролик;

  • Ғылыми-көпшілік стильде болуы қажет;

  • Тұсаукесердің мазмұны тақырыбына сәйкес болуы тиіс;

  • Тұсаукесерде құндылықтарға қатысты нақыл сөздер, ақпараттар орынды кіріктірілуі тиіс.

Дескриптор:
-тұсаукесерді тартымды, түсінікті жасайды;
-тілдік сауаттылықты сақтайды;
-көрнекі сызба материалдарды талғаммен қолданады.






2-тапсырма



29-бет. 3-тапсырма.Мәтінді оқып, барлығын біріктіретін ортақ құндылық туралы сөйлеудегі интонацияның құрамдас бөліктерін сақтай отырып, ойды жалғастырып мәтін құрастырыңдар (мәтін көлемі 60-70 сөз).

Дескриптор:
-мәтіндегі ортақ құндылықты табады;
-интонацияның құрамдас бөліктерін сақтайды;
-ойды жалғастырып мәтін жазады.




3-тапсырма

29-бет. 4-тапсырма. Даналардың пікірін негізге ала отырып, «Адам болам десеңіз» тақырыбындағы кластерді толтырыңыздар.

Дескриптор:
-даналардың пікірін негізге алады;
-кластерді тақырыпқа сай толтырады.




Рефлексия



  • Тапсырманы орындауға не көмектесті?

  • Тапсырманы орындауға не кедергі болды?

  • Қиындықтарды жеңу үшін не істеу қажет?








Кері байланыс:
-Балалар, орындаған тапсырмаларыңызды электронды пошта немесе «WhatsApp» мобильді қосымшасы арқылы жіберуге болады.
Әзірлеуші:Оспанова Акбота Ахметжановна, № 152 мектеп-гимназияның қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі. (Алматы қаласы Білім Басқармасы ҚББЖТҒӘО қолдауымен)

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет