Сабақтың тақырыбы : Алуан-алуан кәсіп бар, таңдай білген жүрекке


Келесі бөлім: «Білеміз бе?» топтық жұмыс



бет4/4
Дата02.12.2023
өлшемі24,26 Kb.
#131439
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
Алуан-алуан кәсіп бар

Келесі бөлім: «Білеміз бе?» топтық жұмыс
І топқа: Қазіргі уақытта жойылып кеткен мамандықтарды айту
ІІ топқа: ХХ ғасырда пайда болған мамандықтар
ІІІ топқа: Соңғы 10 жылдықта пайда болған мамандықтарды
IV топқа: Қазіргі таңда көп сұранысқа ие мамандықтар.
1. Мамандық таңдауда ең бастысы не: қабілет пе, дарын ба әлде мамандықтардың қоғамдағы беделі ме?
2. Ауыл экономикасын көтеру үшін, ауылға ең алдымен қандай мамандықтар қажет деп ойлайсыңдар?
3. Белгілі бір кәсіптің иесі болу үшін міндетті түрде жоғары білім алу қажет пе?
4. Сіз қандай маман болуды армандадыңыз?
Сергіту сәті. «Мамандықтар сыры» ойыны. Әрбір топтан 2 оқушы шығады, бір оқушының музыка қосылған наушник беріліп, екінші оқушы жүргізуші берген сөзді бірінші оқушыға түсіндіру керек. Әрбір топқа 2 минуттан уақыт беріліп , 5 сөз беріледі уақыт беріледі.
Мамандықтардың атауы: электрик, судья, мұғалім, футболшы, журналист, оператор, дәрігер, ұшқыш, тігінші, әнші, құрылысшы, аспазшы, өрт сөндіруші, сиқыршы, әрлеуші, шахтер, суретші, полиция, заңгер.
Оқушылардан сауалнама алу
Мамандық бір-ақ рет біржола таңдалады деген дұрыс па?
А) ия Ә) жоқ
Мамандық таңдау қалтаның қалың болуына байланысты ма?
А) ия Ә) жоқ
Мамандық адамның қабілетіне, бейімділігіне байланысты ма?
А) ия Ә) жоқ
Отбасы мен достарыңның ақылына сүйеніп мамандық таңдауға бола ма?
А) ия Ә) жоқ
Қартайғанда да мамандық таңдауға бола ма?
А) ия Ә) жоқ
Жақсы білім алу үшін, қымбат оқу орнына түсу керек пе?
А) ия Ә) жоқ
Ақша болса, мамандық қажет емес деген пікірмен келісесің бе?
А) ия Ә) жоқ
Мамандық таңдаудағы басты өлшем- қызығу мен қоғамдық сұраныстың сәйкестілігі ме?
А) ия Ә) жоқ
Таңдайтын мамандығыңды болашақ табысың анықтай ма?
А) ия Ә) жоқ
Мамандық таңдау- күн көрістің қамы ма?
А) ия Ә) жоқ
Мамандық таңдауда психологтың көмегі қажет пе?
А) ия Ә) жоқ
Тренинг
«Армандар» жаттығуы
Барлық қатысушы шеңбер бойымен отырып, 3-4 рет терең дем алып, көздерін жұмады. Өз тілектеріне көңіл аудара отырып, болашақ мамандығын, қоғамдағы орнын, жақын арадағы қоршаған ортасын елестетеді. 1,5 минут уақыт беріледі. Жанға жағымды әуен ойнайды.
Берілген уақыт өткеннен соң тағы да 3-4 рет терең дем ала көздерін ашады. Топ өзінің алған әсерімен бөліседі. Тренер әркімнің айтқандарын толықтырады, яғни әрқайсысының қол жеткізгісі келетін, алға қойған мақсат, армандарының бар екенін айтады. Топ қатысушыларының күтетін және күдік алатын, қорғанатын нәрселері. Әрқайсысы өздерінің жеке- жеке не күтетіндіктері мен қорқатын жағдайларын айтады. Қатысушылардың барлығы өз ойларын айтып болған соң, «дәл осы жерде және қазір» болатын жұмыстың мәні түсіндіріледі.
Қорытынды:
Сізге тренингте не ұнады?
Не ұнаған жоқ?
Тренинг- сабақ керек пе, ол мамандық таңдауда көмектесе ме?




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет