§ 18 Италия және Германияның бірігу жолдары қаншалықты бір- біріне ұқсас болмады?
Оқу мақсаты:
8.3.1.4- әртүрлі елдердің бір уақыт кезеңіндегі тарихи оқиғаларын салыстыру арқылы ұлттық мемлекеттердің (Италия, Германия) қалыптасу маңызын анықтау;
8.3.2.5- тарихи оқиғаларды түсіндіру үшін "либерализм", "консерватизм", "социализм", "марксизм", "ұлтшылдық" ұғымдарын қолдану
Сабақтың мақсаттары:
Барлық оқушылар: Германия мен Италияның әлеуметтік-экономикалық дамуы, революциялық жағдайы, 1848-1849 жылдардағы революциялардың нәтижелері туралы біледі.
Оқушылардың басым бөлігі: 1848-1849 жылдардағы революциялардың мақсаттары мен қорытындыларын ашып көрсетеді, талдайды.
Кейбір оқушылар: 1848-1849 жылдардағы революциялардың ұқсастығы мен ерекшеліктерін нақты деректермен түсіндіреді, бағалайды, ой қорытынды жасайды