Сабақ: ХІХ ғасырдағы Қытай мен Еуропа елдері
|
Мектеп: №12 ЖОББМ
|
Күні:
|
Мұғалімнің аты-жөні: Хамзина Г.А
|
Сынып: 7
|
Қатысқандар саны:
|
Қатыспағандар саны:
|
|
Сабақтың тақырыбы
|
Неліктен апиын соғыстары осы күнге дейін Қытай халқының есінде?
|
Осы сабақта қолжеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме).
|
7.1.1.3-еуропалық державалардың отаршылдық экспансиясы кезеңіндегі
Азия мемлекеттерінің (Қытай,Үндістан,Жапония) әлеуметтік
құрылымдағы ерекшеліктерді анықтау;
7.2.1.2-миссионерліктің міндеттерін анықтау;
|
Сабақтың мақсаты
|
Барлық оқушылар:
Еуропалық державалардың Азия мемлекеттерінің (Қытай, Үндістан, Жапония) әлеуметтік құрылымдағы ерекшеліктерінің қалыптасуын түсінеді;
|
Оқушылардың басым бөлігі:
Отарлаушы ел және отарлы елдерді анықтайды.
|
Кейбір оқушылар:
Миссионерлердің негізгі міндеттерін анықтайды қоғамға қосқан өзгерістерінкестеге түсіріп өзіндік баға береді.
|
Бағалау
критерийлері
|
-еуропалық мемлекеттердің Азия елдерін(Қытай, Үндістан, Жапония) отарлау себебін деректер арқылы түсінеді;
-Азия мемлекеттерінің (Қытай, Үндістан, Жапония) отарлаушы және отарлы елдерді салыстыра отырып кестеге түсіру арқылы талдайды;
-Миссионерлік міндеттердің отарлау барысында маңызды рөл атқарғандығын тірек сызба арқылы дәлелдейді.
|
Тілдік мақсаттар
|
Тыңдалым:тақырыпқа байланысты бейне материал көрсету;
Оқылым;ауызша материалды қорғау;
Жазылым:дәптерге термин,жаңа сөздерді жазу (Миссионер,Нанкин,Гунхан,Тяньцин,Айгун,кантрибуция)
Айтылым:тақырып бойынша мәтінмен жұмыс арқылы тілдік мақсаттары сақталады;
|
Құндылықтарды
дамыту
|
«Мәңгілік ел»идеясының 7 құндылығы Ұлттық қауіпсіздік және еліміздің бүкіләлемдік, өңірлік мәселелерді шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы- Қытай елінің ағылшын отаршылдарына қарсы күресін сипаттай отырып, Ұлттық қауіпсіздік еліміздің негізгі құндылығы екенін айта отырып оқушылардың бойындағы патриотизм сезімін арттыру
|
|