Сабақтың тақырыбы : «Қарттары көп ел қазыналы ел!»



бет1/3
Дата27.03.2023
өлшемі65,88 Kb.
#76599
түріСабақ
  1   2   3
Байланысты:
02.10.2021ж қарттар (1)


Күні:

27.09.2021 ж

Сабақтың тақырыбы:

«Қарттары көп ел – қазыналы ел!»

Сабақтың мақсаты:

Оқушылардың бойына халқымыздың қадір-қасиетін сіңіру,үлкенді сыйлай білуге, өз ата-бабасын ұмытпай есте сақтауға және аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі:

Қанатты сөздер «Ата көрген-оқ жонар, ана көрген- тон пішер» , «Ата – бәйтерек, бала - жапырағы», карточкалар, мультимедиалық проектор




Сабақтың кезеңі/ уақыт

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы
5 мин

Ұйымдастыру кезеңі
Мұғалім:
Армысыздар, құрметті, қадірлі қонақтар! Халқымыз қашанда дария көңіл, кең кеуде қарттарымен мақтана білген. Ақсақалымен ақ шашты ананы қадірлегені соншалық, ақ киізге орап, көтерген екен. Бүгінде біздің аталарымыз бен аналарымыз да сондай құрметке кенде емес. Орны – төр, қатары – алдыңғы сапта. Олай болса осы бір айтулы мерекемен сіздерді құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, жүздеріңізге әрдайым күлкі тілейміз!
Қарттарым жүректерің неткен дархан,
Көтерген тұрмыс жүгін сенің арқаң.
Жолыңды жүріп өткен қарасам мен
Оқитын келешекте бір-бір дастан.
Таң атып күн де шыққан өздеріңмен,
Жалындап жұлдыз жанған көздеріңнен.
Тербедің көктем бағын самал болып
Өсиет жастарға айтқан сөздеріңмен

Жақсы тілек айтады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет