Сабақтың тақырыбы: «Ер жігітке жарасар мамандықтар»
Мақсаты: Білімділік: Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінің құрылуы , оның Отанымыздың бейбітшілігін сақтаудағы маңызы жайлы , әскери өнердің өндік ерекшелігі туралы , егемендігімізді күзетуде олардың маңызы жайлы терең мағлұмат беру:
Дамытушылық: оқушылардың шығармашылық қабілеттерін , сөйлеу манерін, өнерлерін көрсете білуге , сахнада өздерін көрсете білу арқылы эстетикалық қабілеттерін дамыту;
Тәрбиелік : оқушыларды туған елін , жерін Отанын , тілін , мәдениетін құрметтеп , тарихты терең бағалай отырып , патриоттық сезімге тірбиелеу;
Сабақтың түрі : ашық тәрбие сағаты
Көрнекіліктер : «7 мамыр Отан қорғаушылар күні» банер , «Power Point» слайд шоу , гүлдер , шарлар
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Қазақстан Республикасының гимні орындалады. I- Жүргізуші:Нұргүл: Армысыздар қымбатты ұстаздар , аяулы оқушылар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып келген, 7 мамыр- Отан қорғаушылар күні және 9 мамыр Жеңіс күні мерекесімен кұттыктаймыз.
Айша Жүрекке адалдықтың ескен гүлін,
Ғажайып келешектің төккен гүлін.
Ардақты ағаларға шын көңілден,
Жолдаймыз алғыс пенен сәлем бүгін. Слайдпен жұмыс. Мұғалім: Бұл күні біз Қарулы күштер қатарында қызмет еткендер мен сапта жүргендерге құрмет көрсетеміз. Мемлекеттің, қоғамның және әрбір қазақстандықтың қауіпсіздігін қорғаушылар мен өз еліне шексіз берілгендер .Бұл — ерекше мереке, біз бұл күні Ұлы Отан соғысы ардагерлері, ерлік пен батылдықтың өлшеусіз үлгісін көрсеткен барлық ержүрек жауынгерлер алдында тағзым етеміз.Уақыт алмасады, ұрпақтар өзгереді, бірақ Отанға деген сүйіспеншілік, қажырлылық, ерлік, жауынгерлік рухымыз өзгеріссіз қалады.Біздің тәуелсіздігіміз бен тұтастығымызды, тыныштығымыз бен бейбіт тірлігімізді қас қақпай күзетіп тұрған, халқымызға қорған болған ұлттық әскеріміздің айбыны арта берсін!Бұл мереке әр кезде де батылдық пен ерліктің, қаһармандық пен елдіктің нышаны, Отанға деген сүйіспеншілік пен адалдықтың өлшемі, болашақ ұрпақтар үшін, егемен еліміздің тәуелсіздігін қорғаушылардың бәрі үшін жарқын үлгі болып қала берері сөзсіз.Ендеше аспанымыз ашық, еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын .
Қазақстан – кең байтақ, 130-дан астам ұлттар мен ұлыстар мекен етіп жатқан мемлекет. Еліміздің әрбір азаматы ұлты мен дініне қарамай татулықтың берік туын желбіретіп, сүйікті байтақ даламызға деген махаббатын ісімен дәлелдесе, оны неге отансүйгіштік демеске. Жалпы, жасөспірімдерді отансүйгіштікке тәрбиелеудің бірден-бір жолы – жастайынан патриоттық сезімін дамыту. Адам бойындағы бұл қасиет зерттеушілердің ойынша Отанға қызмет етуден ғана көрінеді екен.Олай болса,біздің де жігіттердің Отанға адал қызмет етеді деген үмітпен 1 «Б» сынып оқушыларының «Ер жігітке жарасар мамандықтар» атты мерекелік ашык тәрбие сағатын тамашаланыздар.
Ең бірінші жігіттердің шығу ретін белгілеп алайық.
Талап:1.Осы мамандықты таныстыру.Таңдаған себебін айту
2.Кәсіби киім үлгісін кию.