6 жігіттің өнерін тамашалайық. 1.
2.
3.
4.
5.
6.
Диана:Отан қорғаушы күні – 2022 жылы 7 мамырда тәуелсіз Қазақстанның Қарулы Күштерінің құрылғанына 30 жыл толады.Қазақтың ерлікке толы тарихын мақтан етеміз.
Аружан : Жауынгер біздің саңылақтар
Жауды жеңген солдаттар
Ардақта Отан- ел үшін
Бақытты туған жер үшін
.
Каусар Б. Жеңіс күні құтты болсын,
Құтты болсын Аталар!
Ұмытпайды ешқашанда
Жауынгерді балалар.
Айсұлу: :Қызмет етіп Отанға
Бола білсең нағыз ер.
Мақтан тұтар ерлерді,
Туған елің,туған жер.
Медина: Отаным анамдай көремін.
Озасың бәрінен сенемін
Желбіреп әрқашан көк туым
Гүлденіп көркейіп өсемін.
Айару: Отан – көкшіл туымыз.
Отан біздің еліміз,
Отанды қорғап жүреміз
Туып өскен жеріміз.
Ажар: Сыйлар деумен тынымды
Сендерге артты үмітті ел
Мейрамдарың бүгінгі
Кұтты болсын жігіттер
I-Жүргізуші: Ұстаздар жақсылықтың жол ашары,
Қолыңда шәкіртіңнің болашағы
Өмірді алға қарай өрлететін
Сендер ғой Ұлы Отанның болашағы –демекші сыныбымыздың жігіттері 6 жігіт өз мамандықтарын қорғайды.
6.
7.
8.
9.
10.
11.
12.
Іңкәр Қабидолда: Сүйсем әке-апамды,
Сүйсем солай Отанды,
Мызғымайтын шекарада тұрганда.
Отан үшін от кешер,
Каусар С: Бейбіт қонған елім бұл,
Ертіс пенен Еділдің,
Арқа менен Алатаудын арасын.
Мәнгі орнасын азат күн!
Іңкар Қаршибек Мен қазақпын, ұланымын елімнің ,
Мен қазақпын, тірегімін жерімнің ,
Ұланымын туын көкке көтерер.
Болашаққа алға бастап жетелер,
Викториналық сұрақтар: (балаларға арналған)
1. Біздің әскер күшті ме? (Күшті)
2. Бейбітшілікті қорғай ма? (Қорғайды)
3. Ұлдар әскерге бара ма? (Барады)
4. Қыздарды өздерімен бірге ала ма? (Жоқ)
5. Матрос деп кімді айтады? (Теңізшіні)
6. Ұшқыш шекарада тұра ма? (Жоқ)
7. Ол құстан биік ұша ма? (Иә)
8. Бүгін қандай мереке? (Жеңіс күні және Отан қорғаушылыр)
9. Қыздар мен аналар мерекесі ме? (Жоқ)
10.Бейбітшілік - өмірде ең қымбат нәрсе ме? (Иә)
Мұғалім: Бұл күні біз Қарулы күштер қатарында қызмет еткендер мен сапта жүргендерге құрмет көрсетеміз. Мемлекеттің, қоғамның және әрбір қазақстандықтың қауіпсіздігін қорғаушылар мен өз еліне шексіз берілгендер орасан ілтипатқа ие.Бұл — ерекше мереке, біз бұл күні Ұлы Отан соғысы ардагерлері, ерлік пен батылдықтың өлшеусіз үлгісін көрсеткен барлық жерлестеріміз, Ауғанстанның отты жолдарымен өткен ержүрек жауынгерлер алдында тағзым етеміз.Уақыт алмасады, ұрпақтар өзгереді, бірақ Отанға деген сүйіспеншілік, қажырлылық, ерлік, жауынгерлік рухымыз өзгеріссіз қалады.Біздің тәуелсіздігіміз бен тұтастығымызды, тыныштығымыз бен бейбіт тірлігімізді қас қақпай күзетіп тұрған, халқымызға қорған болған ұлттық әскеріміздің айбыны арта берсін!Бұл мереке әр кезде де батылдық пен ерліктің, қаһармандық пен елдіктің нышаны, Отанға деген сүйіспеншілік пен адалдықтың өлшемі, болашақ ұрпақтар үшін, егемен еліміздің тәуелсіздігін қорғаушылардың бәрі үшін жарқын үлгі болып қала берері сөзсіз.Ендеше аспанымыз ашық, еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын .