9.2.1.15 центрге тартқыш үдеу формуласын есептер шығаруда қолдану
Сабақтың мақсаты
Барлық оқушылар : Центрге тартқыш үдеу жайлы мағлұмат біледі; Центрге тартқыш үдеу формулаларын есеп шығаруда қолдана біледі;
Көпшілік оқушылар: Центрге тартылатын күш пен центрге тартылатын үдеудің бағытын біледі;
Центрге тартқыш үдеу түсінігін қалыптастырып, формуласы біледі.
Кейбір оқушылар:Центрге тартқыш үдеуге өмірден мысалдар келтіреді, өзге пәндермен тақырыпты байланыстырады.
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/ уақыт
Педагогтің әрекеті
Оқушының әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Сабақтың басы
5мин
Оқушыларды түгендеу
Дайындықтарын қадағалау
Үй тасырмасын тексеру Жауабы:18,84 м/с
Түзусызықты қозғалыс пен айнымалы қозғалыстың кинематикалық шамалардың арасындағы ұқсастықтар кестесін жасау.
1.Бейне сабақ арқылы жаңа сабақты түсіндіру
Қысқаша Тезист конспект Центрге тартқыш үдеу - шеңбер радиусының бойымен, оның орталығына бағытталған, шеңбер бойымен қозғалатын нүкте үдеуінің құраушысы.
Шеңбер бойымен бірқалыпты қозғалатын дененің үдеуі шеңбердің кез келген нүктесінде радиус бойымен оның центріне қарай бағытталатын үдеу центрге тартқыш үдеу деп аталады.
Үдеу векторы материялық нүктенің шеңбер бойымен қозғалу жылдамдығына перпендикуляр болады. сол себепті центрге тартқыш үдеуді нормаль үдеу деп те атайды.
Оқушылар центрге тартқыш үдеу теңдеулерін дәптерлеріне жазады.
Ауызша және жазбаша кері байланыс арқылы, түсіну дәрежелерін анықтау
1.Тапсырманы onlinemekteр-те ұсыну
2.Интернет қолжетімді емес оқушылар үшін
Тапсырма №1 Автомобиль қисықтық радиусы 50 м бұрылыста модулі 10 м/с тұрақты жылдамдықпен қозғалады. Автомобильдің үдеуін анықтаңыз?
Тапсырма №2 Жердің жасанды серігі дөңгелек орбита бойымен 630 км биіктікте қозғалады.Оның айналу периоды 97,5 минут.Жердің радиусы 6370 км деп алып ,осы ЖЖС ,ның сызықтық жылдамдығы мен центрге тартқыш үдеуін анықтаңыздар
1.Тапсырманы onlinemekteр-те орындайды.
2. Тапсырманы оқушылар дәптерлеріне шығарып орындайды.
Оқушылар тапсырманы сабақтан кейін орындап, WhatsApp мобильді қосымшалары арқылы салып жібереді.
Барлығы
10 б
Бағалау
Оқушының сабаққа уақытылы қатысуына қарай, сабақ кезіндегі тапсырмаларды орындау деңгейіне қарай, есеп шығару қабілеттеріне қарай 10 балдық жүйемен бағаланады.
9.2.2.1- инерция, инерттілік және инерциялық санақ жүйесі ұғымдарының мағынасын түсіндіру
Сабақтың мақсаты
Барлық оқушылар:
инерция құбылысын түсінеді
Басым бөлігі:
инерция, инерттілікке мысалдар келтіреді
Кейбір оқушылар:
инерция, инерттілікке тәжірибе жасай алады.
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/ уақыт
Педагогтің әрекеті
Оқушының әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Сабақтың басы
Амандасу. Оқушыларды түгендеу.
Сәлеметсіздерме балалар!Біз бүгін динамика тарауын бастайтын боламыз. Өткен тоқсанда біз кинематика негіздері, астрономия тарауларын аяқтаған едік. Өткен тараулар бойынша сұрақтарға жауап береміз. (1 тапсырма) Сұрақтар:
Кинематика қай тілден алынған
Дененің кез келген екі нүктесін қосатын түзу сызық өзіне-өзі параллель күйде қозғалатын козғалыс
Механикалық қозғалыс дегеніміз
бастапқы жылдамдықсыз түсірілген дененің Жердің тартылысы әсерінен жасайтын қозғалысы
-Дәптерді ашып, бүгінгі күн мен сабақ тақырыбын жазыныздар: «Ньютонның бірінші заңы, инерциялық санақ жүйелері»
Бейнероликтен демонстрациясына қараңыздар
Теориялық материал
Оқулықты ашындар: Физика, 9 сынып Казахбаева Д.М.Р. §15 , 73 бет Оқып, қысқаша конспект жазындар(2 тапсырма)
Динамика-
Инерциялық санақ жүйесі-
Инерциялық емес санақ жүйесі-
Бейнероликтен көрген демонстрациядан түйген біліміңізді жазыңыздар
Тәжірибе жасап, түсіндір (3 тапсырма)
«Қалайша тиынды стақанға түсіруге болады?»
Үстел үстінде суы бар стакан. Стаканның бетінде карта. Карта үстінде тиын тұр. Тиынды қолмен ұстамай қалайша стақанның ішіне түсіруге болады?
«Қалайша қағазды аламыз?»
Ұзын парақ қағаздың үстінде суы бар банка тұр. Банканы орнынан жылжытпай қалайша қағазды алуға болады?
Теориялық материалмен жұмыс
Тәжірибе жасау
Ұпай
Ұпай
https://www.youtube.com/watch?v=WmbI9_u99nk
https://www.youtube.com/watch?v=MK-AP65S3AU
Оқулық, жұмыс дәптері
Карта, тиын, стакан, қағаз, банка
Сабақтың соңы
Рефлекция
Кері байланыс бутерброды
-Бүгін сабақ маған ұнады, себебі мен....................... үйрендім.
-Маған........................................................қиын болып көрінді.
-Мен енді ......................................................... үйренгім келеді