Сабақтың тақырыбы Қ исықсызықты қозғалыс; материялық нүктенiң шеңбер бойымен бiрқалыпты қозғалысы



бет5/9
Дата13.09.2022
өлшемі217,22 Kb.
#38992
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Қысқа мерзімді жоспар

Бөлім:

Динамика негіздері

Педагогтің аты-жөні


Күні:




Сынып: 9

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Дененің салмағы, салмақсыздық

Сабақтың номері:

№ 27

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

9.2.2.10 – үдеумен қозғалған дененің салмағын анықтау;
9.2.2.11 – салмақсыздық күйді түсіндіру

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар: Дененің салмағы туралы біледі.
Басым бөлігі: Дененің салмағы массаға тәуелді болатынын түсінеді.
Кейбір оқушылар: Дененің салмағы түсінігін өмірмен байланыстыра алады.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы



Амандасу. Оқушыларды түгендеу.
Сәлеметсіздерме балалар! Өткен сабақтарда біз күштің түрлеімен таныстық.
Өткен тақырып бойынша сәйкестендіру тестіні толтырыңыздар.
(1 тапсырма)
Өткен тақырыпты тексеру.

1 тапсырма бойынша сәйкестендіру тестіні орындайды





Ұпай

жұмыс дәптері
кесте

Сабақтың ортасы


-Жетелеуші сұрақтар арқылы сабақтың тақырыбын ашып аламын.
Лифтімен қозғалғанда лифтің табанына қандай жағдайда көп күш түсіреміз?
Жоғары көтерілгенде ме, немесе төмен түскенде ме?
бүгінгі сабақта денелердің салмағы туралы өтеміз.Олай болса дәптерді ашып, бүгінгі күн мен сабақ тақырыбын жазыныздар: «Дененің салмағы, салмақсыздық»

-Бүгінгі сабақты меңгерген соң,  дененің салмағы мен масса, ауырлық күшінің арасындағы айырмашылықты біле отырып,дененің салмағына байланысты есептер шығара алатын боласыңдар.


Бейне сабақты көрсету
Теориялық материал
Оқулықты ашындар:
Физика, 9 сынып Башарұлы Р. §19, 86 бет
Физика, 9 сынып Казахбаева Д.М. §20, 100 бет
Оқып, қысқаша конспект жазындар(2 тапсырма)
Дененің салмағы деп дененің тірекке немесе аспаға түсірілетін күшін айтады.
Дененің салмағы P=mg өрнегімен есептеледі.
Мұндағы m-масса g-еркін түсу үдеуі
Ауырлық күшінің тіреу нүктесі дененің ауырлық центрінен бастап әр уақытта төмен қарай бағытталады.
Дененің салмағының тіреу нүктесі тірек немесе аспамен тірелгеннен нүктеден бастап бағытталады.
Салмақ – дененің Жерге тартылуы салдарынан оның тірекке немесе аспаға әрекет ететін күші P=mg
Салмақсыздық – дененің салмағы нольге тең болатын дененің күйі. P=m(g – а)
Асқын салмақ – тіректің немесе аспаның үдемелі қозғалысынан туындайтын дене салмағының артуы
P=m(g + а)


Бекіту. (3 тапсырма)
Ғалымды таң қалдырған күш туралы «Иә» немесе «Жоқ» түрінде тауып көр.
Есептер шығару (4 тапсырма)
1. Массасы 40 кг бала 5кг сөмкені өзімен көтеріп ұстап тұр. Баланың салмағы қандай?
2. Дене 1,5м/с2 үдеумен төмен қарай түскенде салмағы неге тең? Дене массасы 40 кг
3. Көпірдің қисықтық радиусы 100м. Автокөліктің массасы 2000 кг, оның осы нүктедегі қозғалыс жылдамдығы 5 м/с. Ойыс көпірдің төменгі нүктесіндегі автомобильдің салмағы қандай?




Оқушылар өз жауаптарын айтады


Сабақтың тақырыбын дәптерлеріне жазады.


Теориялық материалмен жұмыс
Дәптерлеріне теориялық материалдан қысқаша конспект жазады.

Сұрақтарға жауап береді.


Есептерді шығарады




Ұпай


Ұпай

Ұпай

Оқулық, жұмыс дәптері

https://www.youtube.com/watch?v=NGJQZwPFNMY


Оқулық, жұмыс дәптері

Оқулық, жұмыс дәптері




Сабақтың соңы

Рефлексия
Кері байланыс бутерброды
-Бүгін сабақ маған ұнады, себебі мен....................... үйрендім.
-Маған........................................................қиын болып көрінді.
-Мен енді ......................................................... үйренгім келеді

Оқушылар орындалған тапсырмаларын қолданып жүрген платформа арқылы және қол жетімді байланыс құралдары арқылы жібереді.

Оқушының сабаққа уақытылы қатысуына қарай, үй тапсырмасын орындау деңгейіне қарай,сабақ кезіндегі тапсырмаларды орындау деңгейіне қарай, есеп шығару қабілеттеріне қарай 10 балдық жүйемен бағаланады.




1 тапсырма





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет