Сабақтың тақырыбы: " Кітап -асыл қазына "



бет3/4
Дата13.04.2023
өлшемі21,87 Kb.
#82297
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
,,Кітап -асыл қазына,, сынып сағаты

7.“Жалғастыр”ойыны.
1.Білім - ... (таусылмайтын байлық). 2.Кітап - білім бұлағы, ... (білім - өмір шырағы). 3.Кітап – ... (алтын қазына). 4.Өнерліге ... (нұр жауар). 5.Өнер - ағып жатқан бұлақ, ... (Білім – жанып жатқан шырақ).
6.Қына тасқа бітеді, (білім басқа бітеді)
7.Білімдінің күні жарық, (Білімсіздің күні қаріп.)
8.Өз білмегеніңді кісіден сұра, (Үлкен жоқ болса, кішіден сұра..)
9.Оқу – білім азығы, (Білім – ырыс қазығы.)
10.Білім басы – бейнет, (соңы – зейнет.)
11. Білімдіден ақыл шығар, (Ақылды қарттан нақыл шығар.)
12.Білім іздеген өсер, (Бүлік іздеген өшер.)
13. Кітапсыз үй – (терезесіз бөлме)


8.Жұмбақтар.
1.Ілулі тұр кең алаң, Керегімді мен одан. Жазып алам көшіріп, Сүртем сосын өшіріп. (Тақта).
2.Төрт қырлы, өзі аппақ, Тақтадағы ізі аппақ. (Бор)
3.Сансыз ойлар бетінде, Сайрап жатыр бар тілде. Керекпін мен әр күнде, Өшпейді бір әрпім де. (Кітап).
4.Тілі жоқ өзінде, Сөзі бар ізінде. Өшпейді бір әрпім де.(Қалам).
9. Ой қозғау. Кітап неден, қалай жасалады? Кітапсыз өмірді елестету мүмкін бе? Кітапты қалай ұстауымыз керек? Кітапханаларға барып кітаптар алып оқимыз ба? Қандай кітап оқығанды жақсы көресің?


Кітап – шебер ұстаз, тілсіз мұғалім.
Көрініс: «Науқас кітап».
Бірде оқушының кітабы науқастанып қалып, дәрігерге әкеледі.
Оқушы: Сәлеметсіз бе, дәрігер!
Дәрігер: Сәлеметсіз бе
Оқушы: Дәрігер, мен сізге кітабымды әкелдім. Ол қатты науқас.
Дәрігер: Жарайды, алдымен диагнозын анықтап алайық.
Оқушы: Мен үйде жоқта кішкене інілерім алып, осындай күйге жеткізіпті.
Дәрігер: Мұңайма, емдеп жазамыз. Кітабыңа су тиген, беттері жыртылған.
Мен кеңестер жазып беремін. Үнемі есте сақтап жүр.
Кітап беттерінің бұрыштарын бүктеме. Кітап мұқабасы бүлінбес үшін қаптап ал.
Кітап беттерін жыртпа. Кітапқа сурет салма, жазба. Тамақ ішіп отырып кітап оқыма.
Кітап беттерінің арасына қарындаш, қалам салма.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет