Сабақтың тақырыбы : Microsoft Word редакторы бойынша қайталау сабағы. Сабақтың мақсаты



бет5/5
Дата06.01.2022
өлшемі22,36 Kb.
#11651
түріСабақ
1   2   3   4   5
4- кезең. Жұмбақтас
Бұл кезеңде топтарға жұмбақ жасырылады.

Жұмбақтар:

  1. Бір сарайда тұрады екен,

Бес атаның балалары

Қыдырмашы біреуі

Бір күн бар да, бір күн жоқ.

Соны есепке алса,

Ұзын саны жүз жеті

(Пернелік)



  1. Пернетақта ауылында тұратын,

Пернелік деген атаның

Бар екен 12 ағайынды

Немерелері алғашқы.

Есімдерді де өздерінің бір қызық,

Тек қана «Ғ»(эф) әрпінен басталады..

(функционалдық пернелер)



  1. Экранның бетінде оның тұрағы,

Қашан болсын жыпылықтап тұрады

(меңзер)



  1. Кемірушіге ұқсайды сырт бейнесі,

Түсі оның сұр, құйрығы ұзын.

Ойланып,білгіш болсаң жауап берші,

Қалай деп аталады аты оның

(тышқан)



  1. Ұзынтұра Жалқаубек,

Тұрмай ылғи жатады.

Қозғала қалса артынан,

Ешбір белгі қалмайды.

(бос орын)



  1. Бұтақ орнында мың бір инесі,

Компьютер жаны мекені

(кактус)



  1. Ақпарларды қағазға шығарады,

Бұл құрылғы қалай деп аталады?

(принтер)



  1. Биологияда бұл паразит,

Көзге зорға көрінер.

Информатикада өлшем бірлік,

Ақпараттарды өлшер

(бит)


  1. Егер білсең айта ғойшы,

Бұл қандай құрылғы.

Ақпаратты қағаздағы,

Компьютерге енгізеді?

(сканер)


5- кезең. Көзі өткір, ойы озық тапқырбек
Бұл кезеңде топтарға 2 түрлі қағазға салынған сурет бірнеше фигураға қиылып беріледі, содан қандай сурет шығатынын табу керек және сол суретке байланысты қанатты сөз немесе мақал айтуы тиіс.

1 топқа. Қыз бен баланың компьютерде отырған суреті беріледі. Аты «ЭЕМ операторы».

Қанатты сөз: «Компьютерді білген адам қор болмайды».


2 топқа Дербес компьютердің негізгі бөліктері салынған сурет.

Аты «ДК-нің негізгі бөліктері»

Қанатты сөз: «ХХІ ғасыр – компьютер ғасыры».

6- кезең. Капитандар сайысы
Капитандарға компьютерде орындау үшін тапсырма беріледі. Олар тапсырманы орындап жатқанда қалған оқушылар сөзжұмбақ шешеді.

1 топқа тапсырма – Амандасу рәсімдері.

2 топқа тапсырма- Жеті ата.

Сөзжұмбақ «Мәтін»
Міне, балалар осымен біздің сайыс сабағымыз да өз мәресіне жетті. Осы сабақта «Word» шыңының басына жеткен топ ( топтың аты) Қазақстанның көк байрағын жеңіп алып, жеңімпаз атанды. (Гимн ойнайды, шыңға байрақ ілінеді).

Сабаққа белсене қатысқан оқушылар бағаланады.


Үйге тапсырма: « MS Word» редакторын қайталау.
Пайдаланылған әдебиеттер: 1. Информатика 10 сынып Н.Т Ермеков.,

В.А Криворучко. Алматы 2006ж.

2. Информатика 8 сынып Н.Т Ермеков.,

Н.Ф. Стифутина Мектеп 2004ж.



3. Информатика негіздері журналы № 1-5-7

2005 жыл.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет