Сабақтың тақырыбы : Өзара кері амалдар Оқу мақсаты


Диалог және қолдау көрсету



бет5/6
Дата20.10.2022
өлшемі0,52 Mb.
#44478
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
docx1550344203

Диалог және қолдау көрсету. Тапсырманы орындау барысындақолдауды қажет ететін оқушылармен диалогқа түсіп, көмекші сұрақтар қоямын. Мысалы, саралау тапсырмасының «қосудың ауыстырымдылық қасиетін пайдаланып, жаңа өрнектер құрастыр» критерийіне қатысты «Сынап көру» тәсілі арқылы « егер былай жасасақ....»деген көмекші сөздерді қолданамын.
Қарқын.
Тапсырманы орындауда оқушылар әртүрлі қарқынмен жұмыс жасайды. Мысалы, саралау тапсырмасын орындау барысында кейбір оқушылар жылдам жұмыс жасайды, ал көптеген оқушылар мұғалім қолдауын қажет етеді. Атап айтсам, қосудың ауыстырымдылық қасиетін пайдаланып өрнектер құрастыр дегенде кейбір оқушылар тығырыққа тірелуі мүмкін, ал кей оқушылар аталған тапсырманы жылдам орындайды. Сол секілді, өрнектің мәнін табуда көптеген оқушылар дұрыс жауап жазады, ал «кері мысал» құрауда кейбірі ұзақ ойланады
Қорытынды. Жалпы сыныпқа берілген тапсырманы орындауда оқушылар әртүрлі жауаптар қайтарды және өз жауаптарын дәлелдеуге тырысады. Мысалы, саралаудың «кері мысал құрастыр»тапсырмасында оқушылар әртүрлі нұсқа жауаптарын ұсынады. Бұл орайда оларға «дұрыс емес» деген жауапты қайтармаймын, керісінше, берген жауаптарын саралап, түрлендірулеріне мүмкіндік беремін.

Тапсырма 1-де қалыптастырушы бағалаудың «Смайлик» әдісін қолдандым, себебі бұл тапсырма жекелей оқушыға берілгендіктен, смайлик әр оқушыны жеке ынталандыруға мүмкіндік береді.

Тапсырма 2-де бағалаудың «бас бармақ» әдісін пайдаландым, өйткені аталған тапсырма топқа беріледі, сондықтан топтардың бір-бірін бағалауға мүмкіндік туғызады.

Саралау тапсырмасын «Үш шапалақ» әдісімен бағалаймын, бұл әдіс жеке оқушының тапсырманы орындауда қай деңгейде екендігін анық көрсете алады.






Ширату жаттығуларын орындау кезінде тиісті ара қашықтықты сақтау;

Интербелсенді тақтамен жұмыс жүргізер кезде қауіпсіздік ережелін сақтау, көзге зақым келтірмеу үшін уақытылы өшіру.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет