Барлық оқушылар:Қосу мен азайту амалдары компоненттерінің өзара байланысын білу;
Көптеген оқушылар:қосу және азайтудың өзара кері амалдар екенін түсіну, олардың компоненттері мен нәтижелері арасындағы байланысты анықтау;
Кейбір оқушылар:қосудың ауыстырымдылық қасиетін
өрнектерді шешуде қолдану.
Бағалау критерийлері
«+», «−» таңбаларын пайдаланып өрнектер жазады ;
қосу және азайтудың өзара кері амалдар екенін түсінеді, олардың компоненттері мен нәтижелері арасындағы байланысты анықтайды;
Өрнекті тиімді тәсілмен шешеді.
Тілдік мақсаттар
қосу мен азайтудың өзара байланысын түсіндіру
Кері , кері амал
Талқылауға арналған сұрақтар: 1. Өзара кері арифметикалық амалдар. (қосу мен азайту)
2. Қосудың компоненттерін ата. (қосылғыш, қосылғыш, қосындының мәні)
3. Азайтудың компоненттерін ата. (азайғыш, азайтқыш, айырманың мәні)
4. Жақшамен берілген екі амалды өрнекті қалай шығарамыз? (ең алдымен жақша ішін, содан кейін сыртындағы санын есептейміз)
5. 10 мен 20-ны салыстыр. (он жиырмадан кем)
6. Шамаларды өлшеу түрлерін ата. (масса, ұзындық, көлем)