Сабақтың тақырыбы : с алқындату жүйесіне ТҚ көрсету және ақаулары


САЛҚЫНДАТУ ЖҮЙЕСІНЕ ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ



бет2/3
Дата27.11.2023
өлшемі1,86 Mb.
#128788
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
«Салқындату жүйесіне ТҚ көрсету және ақаулары»

САЛҚЫНДАТУ ЖҮЙЕСІНЕ ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ

Күнделікті техникалық қызмет (КТҚ):
1) жүйенің герметикалығын тексеру, қажет болған жағдайда, ақауын түзету;
2) сұйықтықты үнемі қадағалап отыру және егер қажет болса, үстемелеп құю. Оның деңгейі құятын аузының жоғарғы шетінен 15—20 мм төмен болуы тиіс:
3) желдеткіш ременінің күйін және керілуін тексеру;
Күн сайын радиатордағы су деңгейін тексеру қажет. Радиатор қақпағын қозғалтқыш суығанда немесе ол істеп тұрғанда абайлап ашу қажет, бу бет пен қолды шарпып кетуі мүмкін. Түтікшеден, радиатордан, насос корпусынан су ағып тұрмауы қажет. Мұндайда радиатордың қылта аузындағы қақпағын ашқанда, одан шығатын ыстық су мен будың бет пен қолды шарпып күйдіріп кетпеуіне абай болған жөн. Антифриз буланып ұшып кеткен жағдайда толтыра су қүйып, су аққан жері болса бітеу керек. Корпустың ағызу тесігінен су насосына судың көптеп ағуы — насостың нығыздағыш құрылғысының тозғандығын аңғартады. Сондықтан оны жаңалап салу қажет. Егер су ақпаса да су шығыны көп болатындығы аңғарылса, онда бу-ауа клапанын тексереді.

Бірінші техникалық қызмет (ТҚ-1):
1) жүйенің герметикалығын тексеру және қажет болса, сұйықтықтың ағуын болдырмау;
2) қозғалтқыштар су насосының подшипниктерін 1-13 майымен бақылау тесігінен жаңа май көрінгенше пресс-май сауытымен (ЗИЛ-130 қозғалтқышында бақылау тесігін жауып тұрған тығынды бұрап шығару, ал майлап болған соң оны бұрап бекіту) майлау. Отандық автомобиль қозғалтқышы су насосының подшипниктерін құрастыру кезінде маймен толтырылады, оларды қозғалтқышқа күрделі жөндеу жүргізілгенге дейін майламайды.
Екінші техникалық қызмет (ТҚ-2):
1) жүйенің герметикалығын тексеру және егер қажет болса, ақауын жою;
2) су насосының және желдеткіш күпшегі гайкаларының бекітілуін бақылау;
3) желдеткіш ременінің керілуін тексеру және қажет болған жағдайда, реттеу;
4) радиатордың бекітілуін және оның қапталуын, сондай-ақ жалюздердің жұмыс істеуін бақылау;
5) су насосының подшипниктерін және ЗМЗ қозғалтқыштарының кергіш ролигін майлау;
6) электр магниттік фрикциялық муфтаның жұмыс істеуін тексеру. Бұл үшін қозғалтқышты оталдырып, салқындатқыш сұйықтықтың температурасы 88°С-ге жеткенше жалюздерді жабу, бұл температурада желдеткіш іске қосылуы тиіс. Одан кейін жалюздерді ашу керек, 80°С-де желдеткіш ажыратылуы тиіс. Бұдан басқа, муфта якоры мен жетек шкивінің кеспелтегі арасындағы саңылауды жалпақ сүңгімен тексеру (қалыпты саңылау 0,25—0,40 мм) қажет. Егер қажет болса, қосалқы гайканы босатып, саңылауды үш винтпен реттейді;
7) радиатор тығынының бу және ауа клапандарының жұмыс істеуін бақылау.

Маусымдық техникалық қызмет (МТҚ):
Маусымдық техникалық қызмет көрсету кезінде термостат пен термометрдің жұмысын тексереді. Термостатты корпустан шығарып алып, ыстық су құйылған ыдысқа салады. Су температурасы 70°С жеткенде термостаттың негізгі клапанының тесіктері ашыла бастап, 85°С жеткенде толық ашылады. Клапанның толық жүрісі шамамен 9 мм.
Дистанциондық термометр көрсеткішін, радиатордың қылта аузына салынған сұйықтық термометр көрсеткішімен салыстырады. Егер термостат немесе дистанциоңдық термометр бұзылған болса, онда оларды ауыстырады.
Қыста суыту жүйесіңде антифриз қолдану керек. Су құйылған қозғалтқыштарда жұмыс біткеннен кейін суды төгіп тастау керек. Егер оны төкпесе, цилиңдрлер блогы, радиатор, түтікшелер жарылып кетуі мүмкін.
Соңғы кезде салқындатқыш сұйықтық ретінде «Тосол — А-40» антифриз қолдану ұсынылады. Оны суыту жүйесіне екі жыл бойы пайдаланып, сонан кейін алмастырады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет