Сабақтың тақырыбы : с алқындату жүйесіне ТҚ көрсету және ақаулары



бет1/3
Дата27.11.2023
өлшемі1,86 Mb.
#128788
түріСабақ
  1   2   3
Байланысты:
«Салқындату жүйесіне ТҚ көрсету және ақаулары»





ТАҚЫРЫБЫ: «Салқындату жүйесіне ТҚ көрсету және ақаулары»

Сабақтың тақырыбы: Салқындату жүйесіне ТҚ көрсету және ақаулары

Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік – студенттердің қозғалтқыштың салқындату жүйесінің құрлысы және қызметімен таныстыру, білімдерін тереңдету. Салқындату жүйесіне жүргізілетін ТҚ көрсету, олардың негізгі ақаулары және жөндеу кезінде орындалатын жұмыстармен таныстыру, түсіндіру.
2. Дамытушылық – оқушыларға көрнекіліктерді, оқу стендтерін, слайд, бейне роликтер, электронды оқулықтарды пайдалана отырып білімдерін дамыту.
3. Тәрбиелік - сабақ барысында оқушылардың сабаққа белсенді, ұйымшыл қатысуын қадағалау, Отан сүйгіштікке тәрбиелеу.

Оқыту формасы: сабақ, жекелей, топтық,
Пәнаралық байланыс: физика, химия, материалтану

Оқыту тәсілдері: баяндау, лекция, көрсету,

Пайдаланылған әдебиеттер: 1. П.Ж.Жүнісбеков. Авт. құр және пайдалану
2. Газет журналдар. Автопарк, Автокруиз 3. И.П.Плеханов. Автомобиль.

Пайдаланылатын көрнекіліктер: плакаттар, суреттер, бөлшектер, схемалар, видеоматериалдар, слайдтар, электронды оқулықтар, тестік сұрақтар, үлестірмелі карточкалар.


Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру: а) Оқушыларды түгелдеу
б) Сабаққа даярлығын тексеру

2. Өткен сабақты қайталау: а) Оқушылардан сабақ сұрау
б) Қосымша сұрақтар беру
в) Үлестірмелік материалдар.
Аудиториялық сұрақтар,

  1. Қозғалтқыштың салқындату жүйелерінің қызметі және олардың түрлері?

  2. Сұйықпен салқындатылатын жүйенің негізгі бөлшектерін атаңыз?

  3. Ауамен салқындату жүйесінің қалай жұмыс істейтіндігін ата?

  4. Антифриз не себептен салқындату жүйелерінде пайдаланылады?

  5. Желдеткіш белдігінің керілуін қалай тексереді және реттейді?

  6. Темостаттың қызметі.

  7. Жүйедегі сұйықтықтың айналу бағыттарын ата?


Тестік тапсырма.
Интерактивті тақтада электронды оқулықтан студенттерге тестік тапсымалар беріледі. Әрбір студент жауап беру арқылы қанша балл жинағанын көре алады.
Үлестірмелік тапсырмалар.
Әрбір студентке төмендегідей суретімен үлестірмелік материал таратылады. Студенттер әр бөлшекке тиісті сандарды қойып дұрыс табуы керек. Сандар қойылып болған соң екі студент бір бірімен тапсырма алмастырылып, тақтаға дұрыс сандар қойылған сурет шығарылады. Студенттер бір бірінің жұмысын тексеріп, қателерін түзетеді.

3. Жаңа сабақты түсіндіру: а) тақырыпты жаздыру


б) мәлімет беру

САЛҚЫНДАТУ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚҰРЛЫСЫ, ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТ
Қозғалтқыш жұмыс істеген кезде цилиндр ішінде жанған жанармай және осыдан 1800-3000 градусқа дейін қызған газ цилиндрлер кенересін, поршень мен блок қалпақшасын қыздырады. Суыту жүйесі қызған бөлшектерді суыту үшін қажет. Іштен жанатын қозғалтқыштарға артық жылуын шығаруды сұйықпен немесе сыртқы ауаның көмегімен жасанды түрде суыту арқылы жүзеге асырады.
Іштен жанатын жылу қозғалтқыштарында жанар май бөліп шығарған жылудың барлығы дерлік жұмысқа айналмайды. Себебі жану және ұлғаю процестері кезінде жанған газ қозғалтқыш бөлшектерімен жанасатындықтан, жылудың бір бөлігі осы бөлшектерге беріледі. Ал жылудың бөлшектерге берілу құбылысын мүлде болдырмауға болмайды. Өйткені олардың температурасы жанған газ температурасынан бірнеше есе аз. Олай болса жылудың төменгі температурадағы бөлшектерге ауысуы табиғи зандылық.
Қозғалтқыш бөлшектеріне берілген жылу, олардың температураларын біртіндеп көтере береді. Егер сол жылуды бөлшектерден алып кетпесе, онда олар өте жоғарғы температураға дейін қызып, өздерінің физикалық, механикалық қасиеттерін нашарлатады, яғни олардың қаттылығы, беріктігі, тозуға төзімділігі нашарлап, өте ұлғаюдың салдарынан алғашқы дәлдікпен қойылған мөлшерлері өзгеріп кетеді. Оның үстіне, оларға жағылатын май қабаттары күйіп, олардың беттеріңде күйе түзеді де барлық жұмыс процестерінің бұзылуына себебін тигізеді.
Сонымен суыту жүйесінің негізгі қызметі, ол қозғалтқыштың қызған бөлшектеріндегі артық жылуды сыртқа шығарып, қоршаған ортаға таратып жіберу болып табылады, яғни қозғалтқыштың қызған бөлшектерінен сыртқа жылу тасымалдайтын қондырғы болуы қажет. Осы тұрғыдан қарағанда қозғалтқыштардың суыту жүйесі осы жылуды тасымалдайтын материалдың түріне қарай екі түрге бөлінеді. Оның біріншісі ауа болса, екіншісі сұйық болады. Олай болса қозғалтқыштар ауамен суытылатын немесе сұйықпен суытылатын болып екі түрге бөлінеді және олардың құрылысы да әртүрлі болады.
Ауамен салқындатылатын қозғалтқыштарда бөлшектердің қызуды бәсеңдету үшін цилиндрлерге және оның қалпақшаларына роторлы желдеткіш ауа үрлейді. Желдеткіш ротордан тұрады, оның көп санды қалақшасы мен қозғалмайтын бағыттаушысы бар.
Желдеткіш роторының айналу жиілігін өзгерту арқылы жылу режимін автоматты түрде реттейді. Осы мақсатта гидродинамикалық муфта қолданылады.
Қозғалтқыш қызбағанда және цилиндрлер қалпақшасының температурасы жеткіліксіз болғанда золотник майлау жүйесіндегі майды гидромуфтаға жібермейді, соның нәтижесінде турбиналы дөңгелек желдеткішпен қоса айналмайды. Қозғалтқыш температурасы қажетті деңгейге жеткенде реттеуіштің сезімтал сезгісі золотникті ығыстырып, майдың гидромуфтаға өтуіне жол ашады. Мұның өзі жетектегі дөңгелектің желдеткіш роторымен бірге айналуын мәжбүр етеді.
Қозғалтқыштың температурасы неғұрлым жоғары болса, гидромуфтаға май соғұрлым көп құйылады, әрі желдеткіш роторы да аса тез жиілікпен айналады. Температура белгілі бір мәнге дейін төмендегенде золотник майдың муфтаға келуін шектейді де, желдеткіш айналысын баяулатады.
Ауамен суытылатын қозғалтқыштарда қозғалтқыштардың қызатын негізгі бөлшегі цилиндр блогы мен оның басына арнаулы аралықтарынан ауа жүретін етіп қабырғалар жасалады. Ол қабырғалар әрі суытылатын бөлшектің ауамен жанасатын ауданын көбейтеді. Енді сол қабырғалардың аралықтарынан сыртқы қоршаған ортадан арнаулы желдеткіш арқылы ауа үрлейді. Үрленген ауа сол қабырғаларды аралап өткен кезде бөлшектерде артық жылуды өзіне қабылдап, әрі қарай сыртқы қоршаған ортаға шығып кетеді. Мұндай суыту жүйесі құрылысы жағынан өте қарапайым бола тұрса да, оның негізгі кемшілігі сырттағы қоршаған ортаға тәуелді жүмыс істейді. Көбінесе жазғы ыстық кездерде қозғалтқышты қалыпты жағдайға дейін суыта алмайды. Сондықтанда мұндай суыту жүйелері, қуаты аз кішігірім қозғалтқыштарда қолданылады.
Қозғалтқыштарда көбіне жабық суыту жүйесі қолданылады. Радиатор нығыз жабылады да, тек қысым өте жоғары немесе өте төмен болғанда ғана бу клапаны арқылы сыртқы атмосферамен қатысады. Оларда сұйықтықтың булануы шамалы ғана болады және судың температурасы жоғары болады. Сұйықтықтың жоғарғы температурасы қозғалтқыштың жұмысына қолайлы әсер етеді.
Автомобильдердің қозғалтқыштарында көпшілік жағдайда сұйықпен салқындататын жүйе қолданылады. Олардың да атқаратын қызметі жоғарғыдай бірақ жылу тасымалдау үшін арнаулы сұйық (су, антифриз, тосол) қолданылады.
Қозғалтқыш алғаш жұмысқа қосылған кезде, әсіресе қыс мезгілдерінде, оны тез қыздыру үшін немесе сырттағы жағдайға суыту жүйесі тәуелді болмас үшін суыту жүйесіне термостат қойылады. Соның көмегімен қозғалтқыштың температурасы үнемі қалыпты мөлшерде ұсталып тұрады.
Термостат су температурасын автоматты түрде реттеп, қозғалтқыш іске қосылғаннан кейін оның тез қызуын қамтамасыз етеді.
Сұйықпен суытушы жүйелерде термостат, желдеткіш және радиатор әртүрлі жағдайда болады. Желдеткіш иінді біліктен тұрақты беріліс алады немесе жеке электроқозғалтқышқа жалғанады.
Желдеткіш тұрақты айналып тұратын суыту жүйесі кіші және үлкен айналымда жұмыс істейді. Сұйықтың температурасына байланысты термостат, кіші немесе үлкен айналыммен қозғалтқышты суытады. Үлкен айналымда сұйық радиатор арқылы өтіп суиды.
Желдеткіш электродвигатель арқылы немесе муфта (ажыратқыш) арқылы айналатын қозғалтқыштарда үш түрлі әдіспен суытылады.
1. Кіші айналым - сұйық суық кезінде (87 градусқа дейін) термостат сұйықты радиаторға жіберетін түтікті жауып қалады .
2. Екіншісі үлкен айналым - термостат сұйықты (87-102 град) радиатор арқылы өткізеді, желдеткіш айналмайды.
3. Үшінші жағдайда (102 град. жоғары) сұйық үлкен айналым арқылы суиды, желдеткішті іске қосылады .
Сұйықтық жылытқыштар жұмыс істеуі бір-біріне ұқсас болады. Жылытқыштың жұмысын басқару пульті реттейді. Қазанның жану камерасындағы жанармай (бензиннің төменгі сорты) өз ағынымен бакқа құйылады. Жанармайдың келуі электромагнитті клапанның реттегіш инесі арқылы мөлшерленеді. Ауа электр желдеткіші арқылы беріледі. Қоспа - оттық арқылы тұтанады. Қазанда пайда болған жалын қозғалқыш түбіндегі майды қыздырады, ал қазан іші қозғалтқыштың су көйлегімен жалғасқан.
Сонымен қозғалтқыш салқын кезінде термостат клапаны жабық болғандықтан насоспен айдалған сұйық су көйлегінен шыққаннан кейін радиаторға өте алмайды да термостат қасындағы басқа тесікпен қайтадан насосқа келеді. Сөйтіп, қозғалтқыш салқын кезінде сұйық қысқа жолмен айналып, оны тез қызуына мүмкіндік тудырады. Ал қозғалтқыш қызғаннан кейін, термостат клапаны ашылады да енді сұиық радиатор арқылы өтіп салқындап, қайтадан насосқа келеді.
Осылайша термостаттың көмегімен двигательдің тем-пературасы шамамен 85°-90° мөлшерінде тұрақты ұсталып тұрады. Оның температурасын термометрмен жүргізуші үнемі бақылап отырады.
Осы айтылған ретпен жұмыс істейтін суыту жүйесінің екі түрі болуы мүмкін: біреуі ашық, екіншісі жабық суыту жүйесі. Ашық суыту жүйесінде буланған сұйық радиатордың қақпағы арқылы сыртқа шығып кетіп отырады. Ол кезде, әрине суытатын сұйық ысырап болады. Ондай жағдайды болдырмас үшін жүйені жабық етіп жасайды, яғни радиаторға бу мен ауа клапандары бар арнаулы қақпақ жабады. Жүйедегі сүйық буланып, ондағы қысым (шамамен 100 кПа) артқан кезде бу клапаны ашылады да сұйық буы түтікпен қосымша қойылған кеңейткіш ыдысқа келеді. Онда салқын суытатын сұйық белгілі бір мөлшерге дейін құйылып қойылған. Енді бу сол салқын сұйықпен араласып, қайтадан тамшыға айналады. Сөйтіп, суытатын сұйық ысырабы болмайды. Ал қозғалтқыш тоқтап, жүйедегі сұйық салқындаған кезде ондағы қысым азайып, тіпті сырттағы ауа қысымынан кеміп қалады. Сол кезде радиатор қақпағының ауа клапаны ашылады да ол арқылы жаңағы кеңіткіш ыдыстағы сұйық жүйеге сорылып алынады. Сөйтіп суыту жүйесі алғашқы қалпына қайтадан келеді. Енді жүргізуші тек сыртта орналасқан кеңіту ыдысындағы сұйықтың деңгейін бақылап тұрса жеткілікті болады.
Көптеген қозғалтқыштарда желдеткіш жетегінің жұмысын өзгерту қолданылады. Мысалы арнаулы температураға әсер алатын қондырғы қолданып, желдеткішті сұйық қызған кезде ғана электр қозғалтқышымен іске қосады. Немесе оның жетегіне май тұтқырлығын пайдаланатын қондырғы орнатады. Салқын кезде май тұтқырлығы көп болғандықтан желдеткішке қозғалыс берілмейді, ал керісінше жүйедегі температурадан май қызып, тұтқырлығы азайған кезде желдеткіш жұмыс істей бастайды. Осы сияқты көптеген тәсілдер қолданылуы мүмкін.
Қайсыбір қозғалтқыштардың суыту жүйесінде екі клапанды термостат қолданылады. Ондағы негізгі клапан радиаторға баратын сұйықты реттесе, екінші қосалқы клапан тез қыздыруға тиісті құралдарға қызған сұйық жіберіп тұрады. Ондай құралдарға карбюратор астындағы сору жеңшесі, кузовты жылытатын радиатор т.с.с.
Осы айтылғандай өзгерістер жалпы суыту жүйесінің жұмыс принципіне әсерін тигізбейді. Сондықтан оларды әрбір қозғалтқыштардың заводтық нұсқалары немесе арнаулы өдебиеттерден танысуға болады.
Суыту жүйесінде негізгі реттеу жұмысына желдеткіштің белдігін керу жатады.
Желдеткіштің белдігін кергіш ролик арқылы реттейді. Желдеткіш білігінен белдікті берілу арқылы генератор мен компрессорға қозғалыс беріледі. Бұл белдікті берілісті генератор корпусын бүру арқылы кереді. 40 Н (4 кгс) күшпен итергендегі бұл белдіктің бүгілуі 10-15 мм болуға тиіс. Су насосына қозғалыс иінді біліктің шестернясынан аралық шестерня арқылы беріледі. Оның жұмысын реттеудің қажеті болмайды.
Қозғалтқыштың суыту жүйесінің жылулық ережесі қалыпты болуы тікелей термостатқа байланысты. Қозғалтқыштың салқын кезінде суыту жүйесіндегі су радиаторға бармастан термостат арқылы қайтуға тиіс. Сөйтіп ол қозғалтқыштың өз ішіне ғана айналып жүреді де, тез жылынады. Оның температурасы қалыпты мөлшерге жеткеннен кейін термостат клапаны ашылады да, енді су радиатор арқылы айналады. Термостаттың жұмысын жиі-жиі тексеріп отыру қажет.
Тремостаттың негізгі жұмысы жиырылған қорапқа байланысты. Егер ол қорап зақымдалып немесе тесіліп қалса, оның клапаны жабылмайды да, қозғалтқыш температурасы төмен кезінде су радиаторға өтіп, суи береді. Мұндай жиырылған қорабы зақымдалған термостаттарды алмастырады.
Термостаттың жұмысын мына жолмен тексеруге болады. Оны қозғалтқыштан шығарып алып, термометрі бар ыдыстағы ыстық суға салады. Содан кейін клапанның ашыла бастаған және толық ашылған кезіндегі температуралары шамамен 70 және 85°С болатындығын тексереді. Егер олар сәйкес келмесе, мүндай термостатты да алмастырады. Жоғарыдағы-дай тексеру кезінде клапанның ашылу биіктігін өлшейді. Клапанның толық ашылу биіктігі 9 мм болуға тиіс.
Суыту жүйесінде таза, мүмкіндігінше жұмсақ суды пайдалану немесе суыту жүйесінде қолданған суды құю қажет. Кермек суды жұмсарту үшін 30 минуттай қайнатады, сондай-ақ оған сода немесе үшнатрий фосфат қосады. Судың кермектілігіне қарай 10—20 г үш натрий фосфатты немесе соданы 10 л. ыстық суға ерітеді.
Қозғалтқыш істеп тұрған кезде және қатты ысып кеткенде суыту жүйесіне суды аз-аздан құяды. Қыс кезіңде цилиндр мен блок жарылып кетпеу үшін салқын қозғалтқышқа өте ыстық су құюға болмайды.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет