СУЫТУ ЖҮЙЕСІН ЖӨНДЕУ
Суыту жүйесінің негізгі ақаулары:
қозғалтқыштың аса салқындауы немесе
қызып кетуі.
Қозғалтқыштың аса салқындауы термостаттың айқасып қысылып қалуынан және жалюздердің ашық болуынан және қыста қаптағыштың болмауынан болуы мүмкін.
Қызып кетудің себептері:
салқындатқыш сұйықтық деңгейінің жеткіліксіздігі;
желдеткіш ременінің бір орында айналуы немесе үзілуі;
желдешкіштің электр магниттік қосу муфтасының ақаулығы;
жалюздердің жабық болуы термостаттың айқасып қысылып қалуы;
қақтың жиналуы және радиатордағы судың қатып қалуы.
Салқындату жүйесі герметикалық болуы тиіс. Шлангілер тығыз жалғаспаған жағдайда қамыттың кергіш винттерін тартып бұрау керек. Сұйықтықты жіберіп тұрған шүмекті ысқылау немесе алмастыру керек. Зақымданған радиаторды дәнекерлейді.
Егер су насосының сальнигі арқылы су ағатын болса, онда сальниктің бөлектерін алмастыру қажет.
Егер желдеткіш ремені майланған немесе әлсіз керілген болса, ол бір орында айналуы мүмкін. Майды құрғақ шүберекпен (жұмыс істемей тұрған қозғалтқышка) сүртіп тазартады. Ременьнің керілуін шкивтердің аралығындағы учаскесінің орта бөлігінен қолмен басқанда оның иілуі таблицадағыдай мөлшерде болатындай етіп реттейді.
Салқындату жейдесі мен радиатордың қабырғасындағы болар-болмас қақты радиаторды автомобильден шығарып алмай-ақ кетіруге болады. Бұл үшін салқындату системасына 1
л суға 4—8
мг есебшен әзірленген хромпик ерітіндісін құяды да, автомобильді бір ай паидаланған соң системаны 10—15 көлемді таза сумен жуып тазартады. Неғұрлым әлсіз концентрациясы тот басудың (коррозияның) күшеюіне себепші болады.
Түтіктер барынша ластанып және бітеліп қалғанда радиаторды шығарып алады да, оған 90°С-ге дейін қыздырылған каустикалық соданың 10 проценттік ерітіндісін құяды. 30 минуттан кейін ерітіндіні ағызып алып, радиаторды таза сумен мұқият жуып тазартады.
Салқындату жүйесін мынадай ерітінділермен жуып тазарту жақсы нәтиже береді: 7—8% тұз қышқылы (көлемінің суға қатынасы бойынша), 2—3
г/л ПБ-5 ингибиторы, 25
г/л техникалық уро тропин, 1—3
г/л ОП-7 немесе ОП-10 сулағышы және 1
г/л көбік сөндіргіш (амил немесе изоамил спирті). Жүйеге ерітінді құйып, қозғалтқышты оталдырады және ерітіндіні 60—65°С-ге дейін қыздырады; 10—15 минуттан кейін оны құйып алады.
Желдеткіштің электр магниттік фрикциялық муфтасы датчиктің немесе электр сымдарының ақаулығынан және якорь мен жетек шкиві кеспелтегінің арасындағы ауа саңылауының бұзылуынан іске қосылмауы мүмкін.
Жабық тұрған термостат клапаны тістесіп қалғанда қозғалтқыш қызып кетеді, ал ашық тұрғанда өте салқындап кетеді. Тексеру үшін термостатты суы бар ыдысқа батырады. Суды қыздыра отырып, термометр бойынша клапанның 75°С-де ашыла бастап, 90°С-де толық ашылуын қадағалайды.
Жалюздердің жетегі майланбаса, көбінесе тістесіп қалады. Бұл жағдайда тысы бар сым арқанды шығарып алып, оны керосинмен жуады да, тысына май толтырады.
Егер автомобильді төменгі температурада далада немесе жылытылмайтын орында қалдыратын болса, онда салқындату жүйесін суды ағызады. Бұл үшін радиатордың астындағы және блоктағы ағызу шүмегін ашып, радиатордың аузындағы тығынды шығарады. Жылытқыштың шүмегі ашық болуы тиіс. Жүйеден суды ағызған соң қозғалтқышты оталдыру және судың қалған бөлігі біржола буланып кету үшін кіші айналымда 2—3
мин жұмыс істету қажет. Жылдың суық мезгілінде қозғалтқышты оталдыру үшін оталдыруға арналған кыздырғыш болмаған жағдайда, салқындату системасына алдымен жылы су, ал одан кейін радиатордың аузынан ауа көпіршіктерінің шығуы тоқтағанға дейін ыстық су құйып толтырады, қозғалтқышты оталдырып, 80—90°С-ге дейін кіші айналымда қыздырады, осыдан кейін судың қатып қалуынан қауіптенбестен, қозғалуға болады.
Жүріп келе жатқан автомобиль радиаторындағы судың қатуы туралы жүргізуші температура көрсеткіштің шкаласына қарап немесе қалқаншадағы бақылау лампысының жануына қарап білуіне болады. Бұл жағдайда автомобильді тоқтатып, қозғалтқышты сөндіру және қолғаппен немесе шүберекпен (будың күшпен шығатын жағдайында күйіп қалмас үшін) радиатордың тығынын шығарып алу қажет. Салқындатқыш сұйықтықты деңгейге дейін жеткізе құйып, жалюздерді жабу және радиаторды қымтап жылытып, қозғалтқышты оталдыру және оны кіші айналымда жұмыс істету керек. Егер шамалы ғана мұз қатқан болса, ол толық еріп кетуі тиіс. Қерісінше болған жағдайда қозғалтқышты сөндіріп, ыстық сумен дымқылдандырылған шүберекті радиаторға басу керек.
Мұзды еріту үшін ашық жалынды пайдалануға тыйым салынады.
Ауамен суыту жүйесінің жұмысы
1-жағар май радиаторы; 2,3,4-ауа бағыттағыш қораптар; 5-цилиндрлер; 6-цилиндрлердің қосалқы қабырғалары; 7-ауа сыртқа шығатын канал-дар; 8-термореттегіш; 9-желдеткіш; 10-бағыттағыш қалақшалар; 11-сору каналы.
Сұйықпен суыту жүйесінің жұмыс схемасы
1-төгу краны; 2-радиатор; 3-қосалқы қабырғалар; 4-бу түтігі; 5-радиатор қақпағы; 6-желдеткіш; 7-шкив; 8,9,15-жеңшелер; 10-термостат; 11,12-су көйлегі, 13-термометр; 14-су насосы.
4. Пысықтау: а) Өткен сабақты бекіту.
Электронды оқулық бойынша бақылау сұрақтары қойылады. Егер дұрыс жауап берсе «Дұрыс», дұрыс емес болса «Дұрыс емес» деп шығады.
б) Қосымша сұрақтар беру
5. Үйге тапсырма:
ТҚ көрсету кезіндегі орындалатын негізгі жұмыстар.
ТҚ көрсету кезіндегі қауіпсіздік ережелері.
Салқындату жүйесінің негізгі ақаулары.
Салқындату жүйесінің жабдықтарын жөндеу.
Жолда пайда болған ақауларды жөндеу, жағдаяттардан шығу жолдары.