Кәсіптік қазақ тілі Сабақтың тақырыбы: Тірек қимыл жүйесі. Жүйке жүйесі. Грамматиканы қайталау. Сөздің тура және ауыспалы мағынасы.
Ой толғау. 1.Адам қаңқасы туралы 2.Түтік тәрізді сүйектер мен жалпақ сүйектерге қандай сүйектер жатады.
Сабақтың барысы.
1 тапсырма. Мәтінді оқу, мазмұндау. Тірек қимыл жүйесіне сүйек пен бұлшық ет жатады. Сүйектер буын және шеміршек арқылы бір-бірімен байланысып, адам қаңқасын құрайды. Олар дененің тірек қызметін құрайды. Ол дененің тірек қызметін атқарады. Қаңқа сүйектеріне бұлшық еттер бекиді. Бұл – тірек қимыл жүйесінің белсенді бөлігі. Дене қозғалысы қаңқа бұлшық еттерінің жиырылуы есебінен жүзеге асады.
Тірек қызметінен басқа қаңқа сүйектері ішкі мүшелерді механикалық зақымданудан қорғайды. Мысалы, ми бір-бірімен берік байланысқан бас сүйектері арқылы қозғалады. Кеуде қуысының сүйектері жүрек пен өкпені қорғайды.
Сөздік тірек қимыл жүйесі-опорно двигательная система
шеміршек-хрящ
тірек-опора
бұлшық еттерінің жиырылуы есебінен – за счет сокращения мышц
механикалық зақымдану-механические повреждения
3-тапсырма.Сөйлемдерді бастаңыз. 1. ... бұлшық еттер бекиді.
2. ... жиырылуы есебінен жүзеге асады.
3. ...-бірімен байланысып, адам қаңқасын құрайды.
4. ... ішкі мүшелерді механикалық зақымданудан қорғайды.
4 тапсырма. «Ия-жоқ»
сөйлем
ия
жоқ
Қаңқа мен бұлшық ет ас қорыту жүйесін құрайды.
Қаңқа - дененің тірегі, ал бұлшық ет қимыл – қозғалысты қамтамассыз етеді.
Адамның қаңқасында 600-дай сүйек бар.
Ұзын сүйектерге бас сүйектері жатады.
Жалпақ сүйектерге жауырын, бас сүйек, қабырға, төс, жамбас сүйектері жатады.