Сабақтың тақырыбы : Тірек қимыл жүйесі. Жүйке жүйесі. Грамматиканы қайталау. Сөздің тура және ауыспалы мағынасы



бет1/4
Дата19.09.2022
өлшемі33,03 Kb.
#39451
түріСабақ
  1   2   3   4

Кәсіптік қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Тірек қимыл жүйесі. Жүйке жүйесі. Грамматиканы қайталау. Сөздің тура және ауыспалы мағынасы.


Ой толғау.
1.Адам қаңқасы туралы
2.Түтік тәрізді сүйектер мен жалпақ сүйектерге қандай сүйектер жатады.


Сабақтың барысы.


1 тапсырма. Мәтінді оқу, мазмұндау.
Тірек қимыл жүйесіне сүйек пен бұлшық ет жатады. Сүйектер буын және шеміршек арқылы бір-бірімен байланысып, адам қаңқасын құрайды. Олар дененің тірек қызметін құрайды. Ол дененің тірек қызметін атқарады. Қаңқа сүйектеріне бұлшық еттер бекиді. Бұл – тірек қимыл жүйесінің белсенді бөлігі. Дене қозғалысы қаңқа бұлшық еттерінің жиырылуы есебінен жүзеге асады.
Тірек қызметінен басқа қаңқа сүйектері ішкі мүшелерді механикалық зақымданудан қорғайды. Мысалы, ми бір-бірімен берік байланысқан бас сүйектері арқылы қозғалады. Кеуде қуысының сүйектері жүрек пен өкпені қорғайды.


Сөздік
тірек қимыл жүйесі-опорно двигательная система
шеміршек-хрящ
тірек-опора
бұлшық еттерінің жиырылуы есебінен – за счет сокращения мышц
механикалық зақымдану-механические повреждения


2-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақ қойып, жауап беріңіздер.

3-тапсырма.Сөйлемдерді бастаңыз.
1. ... бұлшық еттер бекиді.
2. ... жиырылуы есебінен жүзеге асады.
3. ... -бірімен байланысып, адам қаңқасын құрайды.
4. ... ішкі мүшелерді механикалық зақымданудан қорғайды.
4 тапсырма. «Ия-жоқ»

сөйлем

ия

жоқ

Қаңқа мен бұлшық ет ас қорыту жүйесін құрайды.







Қаңқа - дененің тірегі, ал бұлшық ет қимыл – қозғалысты қамтамассыз етеді. 







Адамның қаңқасында 600-дай сүйек бар.







Ұзын сүйектерге бас сүйектері жатады.







Жалпақ сүйектерге жауырын, бас сүйек, қабырға, төс, жамбас сүйектері жатады. 











Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет