«Бір ауыз сөз» әдісі. Мұғалім оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.
Үйге тапсырма
Жеке жұмыс: Оқушылар бір ауыз сөзбен сабақ туралы өз ойларын түсіндіріп береді. Бір ауыз сөздеріне сабақты бағалайтын келесі сөздерді айтуға болады ұнады, үйрендім, қызықтым, ұмтылдым, есте сақтадым, т.б.
6, 7- тапсырмалар
7.1.2.1 тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну, ақпараттың өзектілігін анықтау
7.3.3.1 прозалық және поэзиялық шығармалардағы кейіпкердің іс -әрекетіне немесе лирикалық кейіпкердің образын талдау
Сабақтың мақсаты:
тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсінеді, ақпараттың өзектілігін анықтай алады.
прозалық және поэзиялық шығармалардағы кейіпкердің іс -әрекетіне немесе лирикалық кейіпкердің образын талдай алады.
Құндылықтарға баулу:
«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы бойынша «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығына баулу. Бұл арқылы оқушыларда шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауы, функционалдық сауаттылығы, қарым-қатынас жасау қабілеті мен жауапкершілігі артады. Сонымен қатар өмір бойы оқуға, еңбеу етуге, Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікке деген дағдысы қалыптасады.