8-сабақ. Өнерлі отбасы
Оқу бағдарламасына
сәйкес оқыту мақсаттары
|
2.4.2.1 оқыған/ аудио/ бейнематериалдың мазмұны бойынша жиі қолданылатын сөздер мен сөз тіркестерін қатыстырып,
сұраққа жауап (сөйлем) жазу.
|
Сабақтың мақсаты
|
Барлық оқушылар жасай алады: сөздер мен сөз тіркестерін қатыстырып, сұраққа жауап (сөйлем) жазады.
Оқушылардың көбі жасай алады: мәтінді оқып, сұраққа жауап береді.
Оқушылардың кейбірі жасай алады: суретке қарап, мәтін құрап айтады.
|
Сабақтың барысы:
Сабақтың кезеңі/уақыт
|
Педагогтің әрекеті
|
Оқушының әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
(5 мин)
|
Психологиялық ахуал қалыптастыру.
«Сәлеметсің бе!» ойыны
|
Мен саған тілеймін (бас бармағын тигізеді);
Табыс (сұқ саусақ);
|
ҚБ: мадақтау
|
саусақ
|
|
Оқушылар кезек-кезек көршісінің аттас
саусақтарына қолын тигізеді. Бас бармақтан бастайды.
|
Үлкен (ортанғы);
Барлығында (атаусыз);
Барлық жерде (шынашақ);
Сәлеметсің бе! (алақанын тигізеді).
|
|
|
Сабақтың ортасы (35 мин)
|
Жаңа сөздер: өнерлі, ою, қию, сызу.
«Тақырыптық теннис» әдісі арқылы жаңа бір сөзден айтып, әр топ сол сөздің мағынасын ашып отырады.
1-тапсырма. Тыңдайық.
Өмір таны, өнер қу, Өнер сүйсең, жиренбе. Өнер табу – ол да оқу, Дамыта бер, үйрен де!
Дәулет Әлімжанов
– Өнер деген не екенін білесің бе?
2-тапсырма. Оқиық. Сұрақ-жауап.
Бұл қандай отбасы деп ойлайсың?
Әкесі не тартады?
Анасы не тігеді?
Олар қандай байқауға қатысты?
Дәптердегі №1 тапсырма. Сергіту сәті.
Әдемі әтеш таң атпай тұрыпты. Ойқастап жүріпті,
Жан-жаққа қарапты, айдарын тарапты.
Шарты:
Орындарынан тұрып, екі қолын жандарына қояды да, теңселіп тұрады.
Екі қолдарын жоғары көтеріп, керіледі.
Екі қолдарын жанына қояды да, теңселеді.
Бастарын бұрып, жан-жаққа қарайды.
Саусақтарымен шаштарын тарайды.
3-тапсырма. Айтайық.
Суретке қара. Мәтін құрастырып айт.
|
Жаңа сөздерді қайталайды. «Өнерлі» сөзінің мағынасын ашады.
Бүгінгі сабақтың тақырыбын ашады. Өнер туралы айтады.
Мәтінмен жұмыс. Дескриптор:
өлең не туралы екенін түсіндіреді;
мәтінді оқиды;
мәтін бойынша сұраққа жауап береді.
|
Достарыңызбен бөлісу: |