Бағалау критерийі
-Тыныс алу және тыныс шығару механизмін сипаттайды;
(Әр оқушы өз ойымен бөліседі. Бір-бірінің пікірін толықтырып, пікір алмасады, берілген тапсырманы бағалау критерийі бойынша орындайды;)
|
Дескриптор
-тыныс алу және тыныс шығару механизмін түсіндіреді -2 балл;
|
Сабақтың ортасы мағынаны талдау
|
Оқушыларға жалпылама төмендегі талдау тапсырмасы беріледі. Әр оқушы өз ойымен бөліседі.
«Көршіңмен сырлас» әдісі . (Жұптық жұмыс)
Тапсырма: Тыныс алу және тыныс шығару механизмін іске асыратын құрылымдардың қозғалысын сипаттау;
Тыныс алғанда:_______________________
Тыныс шығарғанда:___________________
1.Қабырға аралық бұлшықет жиырылады
2.Қабырғалар басылады
3.Қабырғалар көтеріледі
4.Көкет жалпақтанады
5.Құрсақ қуысындағы мүшелерге қысым түседі
6.Кеуде қуысының көлемі артады
7.Өкпе көлемі кеңейеді
8.Көкет көтеріліп күмбезденеді
9.Кеуде қуысының көлемі кішірейеді
10.Тыныс алу бұлшықеттер босаңсиды
|
Бағалау критерийі
-Тыныс алу механизімін зерделейді;
(Әр оқушы өз ойымен бөліседі. Бір-бірінің пікірін толықтырып, пікір алмасады, берілген тапсырманы бағалау критерийі бойынша орындайды;)
|
Дескриптор
-Тыныс алу механизмін іске асыратын құрылымдардың қозғалысын сипаттайды – 2 балл;
-Тыныс шығару механизмін іске асыратын құрылымдардың қозғалысын сипаттайды – 2 балл;
|
Презентация, оқушы алдындағы оқулықтар, оқушының жұмыс дәптері
Сонымен қатар 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.
|