Сабақтың тақырыбы: №28 сабақ. Оо дыбысы және әрпі Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты



бет4/6
Дата14.10.2023
өлшемі4,14 Mb.
#113913
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
1 сынып Әліппе 28-33 сабақтар Ләззаат

Білім беру ұйымының атауы

А.Байтұрсынұлы атындағы №7 мектеп-лицейі

Пәні:

Әліппе

Бөлім:

Әліппе кезеңі

Педагогтің аты-жөні:

Юсупова М.Р

Күні:

06.10.2023

Сынып:

1 «В» сынып




Сабақтың тақырыбы:

31 сабақ. Ққ дыбысы және әрпі

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты:

1.1.5.2 сөйлеу барысында дауыс ырғағын, екпін, әуен, қарқын, кідірісті сақтау, ойды ым-ишара, қимыл арқылы жеткізу;
1.2.1.2* оқу түрлерін (буындап оқу, тұтас оқу, мәнерлеп оқу, түсініп оқу) қолдану;
1.4.1.1* айтылуы мен жазылуы бірдей сөздерді көшіріп және есту, есте сақтау арқылы жазу;

Сабақтың мақсаты

Ққ дыбысы және әрпімен таныстыру, меңгерту

Құндылықтар

Талап: қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту







Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі//
уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақ
тың басы
5 минут
Өткенді пысықтау
5 минут


Сабақ
тың ортасы
20 минут

Сергіту сәті


2 минут

Сабақты қорыту
6минут

Қосымша тапсырма


2минут

Кері байланыс


5 минут



Сабаққа дайындық жасау
Психологиялық ахуалды жақсарту
«Сиқырлы сандық» ойыны
Оқушылар сандықтың ішінен парақшаларға жазылған жылы сөздерді таңдап, сол қасиетке лайықты сыныптастарына сыйлайды. Соңында
бір-бірін қошеметтеп, алғыс айтады.
Өткенді пысықтау
Жұмбақты шеш:
Өзі бір қу,
Жүрген жері айқай, да шу
Жауап: түлкі.

« Бірге оқимыз» әдісі


Оқылым
Сөздерді буындап, тұтас оқу.
Ту тар от тас тос
Тау тор Отан тасу тосу


Тақырыпты ашу
ФС тапсырмасы
Сурет мазмұны бойынша әңгіме құрау:
Сұрақ қою және оқушылар жауабының дұрыс және толық болуын қадағалау:
- Бүгін күн қандай?
– Бүгін күн жылы.
-Аулада нелер жайылып жүр?
–Аулада қозы мен лақ жайылып жүр.
–Балалар не істеді?
- Балалар асық атып ойнады
Бүгін күн жылы. Аулада қозы мен лақ жайылып жүр. Балалар асық атып ойнады
Жаңа тақырып
Оқылым.
1.Оқулықтың 34-бетінде берілген сөздер мен мәтінді мұғалімнің оқушылармен бірге буындап, тұтас оқуы.
2.«Қ» дыбысының сөз алдында, ортасында, соңында келетін орнын оқушылардың өздіктерінен табуына мүмкіндік жасау.
3.Сөз мағынасымен жұмысты перспективті қатардағы сөздермен ұйымдастыру. Сөздің басына (ақ - лақ), ортасына (қалта - тақта),
соңына (қала -қалақ) тиісті дыбысты қосу
арқылы оның мағынасы өзгеретінін түсіну.
Жазылым
1.Оқулықтағы «Қ» әрпінің таңбалануына назар аудару.
2.«Қ» әрпін тақтаға жазып көрсету.
3.«Қ» әрпін ауада жазып көрсету.
4.Жазу дәптерімен жұмысты ұйымдастыру.

Көңіл күй жаттығуы



ЕБҚ
«Қар жауар» ойыны арқылы жұбыңмен бірге дыбыстарды ажырат

ЕҚБ
Қ дыбысынан басталатын сөздерді тауып, оларға дыбыстық талдау жаса.


Саралау тапсырмасы


1-деңгей:
Дыбыс сызбасына сәйкес келетін суретті анықта. Сөзге дыбыстық талдау жаса.
Қарға
2-деңгей:
«Қаратау» мәтінінде құрамында «қ» дыбысы кездесетін сөздерді тап.
Қаратау, қала, Қанат
3-деңгей:
«Тышқан», «сауысқан», «асық» сөздерінің бірімен сөйлем құра.
Біз асық ойнадық.
ҚЖ:
«Оздыра оқыту» әдісі
«Кім оқи алады?» ойыны









Ойын ойнайды


Жұмбақтың шешуін табады


Сөздерді хормен оқиды

Қ» дыбысының айтылу ерекшелігімен танысады


«Қ» дыбысының таңбасы – оның әрпімен танысады
Асықтардан «Қ» әрпін жасау

Буындарды жеке, тұтас сөздегі айтылуымен оқиды


Оқушылар жазу дәптеріндегі тапсырмалар
ды орындайды

Көңіл күйлерін өзгерте отырып,


жаттығу жасайды

Жеке жұмыс жасайды


Оқушылар өздеріне берілген саралау тапсырма


ларын орындайды.

Сөздерді оқи алатын оқушыға оқытып, басқаларына үйретеді


Кері байланыс жасайды



Мақтап, мадақтап отыру

Дескриптор:
Әр буындағы дыбыстарды
тұтастырып, «бір дыбыс» сияқты қосып оқыды
Буындарды жеке тұтас сөздегі айтылуымен оқыды.

Дескриптор:


Сұраққа жауап болған сөйлемдерден әңгіме құрды
Әңгіменің неше сөйлемнен тұратынын анықтады



Дескриптор:


Әр буындағы дыбыстарды тұтастырып, «бір дыбыс» сияқты қосып, яғни дауыссыздан дауыстыға қарай және дауыстымен үндестіріп оқыды..
Әрбір дыбысты естіп, әріпті көріп, өздігінен саналы оқыды.

Дескриптор:


Сызықтарды бастырып жазу арқылы Қ әрпінің бас және кіші әрпін жазды.
Оқушылар таныс әріптерді қолданып сөз құрап, жазады.
Каллиграфиялық талапқа сай дұрыс және сауатты жазды



Керемет!

Дескриптор:


1-деңгей
Дыбыс сызбасына сәйкес суретті анықтады
Сөзге дыбыстық талдау жасады.
2-деңгей
«Қаратау» мәтініндегі «қ» дыбысы кездесетін сөздерді анықтады
3-деңгей
«Тышқан»,
«сауысқан», «асық» сөздерінің бірімен сөйлем құрады.
Дескриптор:
Буындап оқыды, тұтастай оқыды
Сөздердің мағынасын ажыратты
Қ дыбысы қай буында кездесетінін анықтады

«Алма ағашы» әдісі



Сандық, жылы сөздер жазылған


ақ қағаздар



Оқулық

суреттер






Суреттер
Жұмыс дәптері


Суреттер





оқулық

Суреттер
оқулық

Қималар
Кері байланыс плакаты


Смайликтер


Тексерілді: Аскарбекова Г.М















Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет