Сабақтың тақырыбы: §45. Магнит өрісі. Тогы бар өткізгіштің өзара әрекеттесуі. Ампер тәжірибелері. Магнит индукция векторы



бет1/2
Дата28.03.2023
өлшемі0,88 Mb.
#76989
түріСабақ
  1   2

Қысқа мерзімді жоспар
Сабақтың тақырыбы: §45. Магнит өрісі. Тогы бар өткізгіштің өзара әрекеттесуі. Ампер тәжірибелері. Магнит индукция векторы.

Білім беру ұйымының атауы

№136 ЖОББМ

Пәні:

Физика

Бөлім:

Магнит өрiсi

Педагогтің аты-жөні:

Сыздық А.Н.

Күні:

28.03.23 ж.

Сынып: 10

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Магнит өрісі. Параллель токтардың өзара әсері. Магнит индукция векторы.



Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты:

10.4.4.1 - магнит индукция векторының физикалық мағынасын заманауи техниканың жетістіктері (магнит тірегіндегі поезд және т.б.)мен есептер шығару арқылы түсіндіру;

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар істей алады: Магнит өрісін біледі.
Көптеген оқушылар істей алады: магнит индукция векторының физикалық мағынасын заманауи техниканың жетістіктері (магнит тірегіндегі поезд және т.б.)мен есептер шығару арқылы түсінеді.
Кейбір оқушылар істей алады: Магнит индукциясына есептер шығара алады.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі//уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдастыру
Өзін-өзі тексеру

Сабақтың басы


10 минут

Өткен білімді еске түсіру


Жаңа білім
10 минут


Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Сабақ тақырыбын және оқу мақсатын таныстыру
Серпілген сауал әдісі бойынша үй тапсырмасын қайталау сұрақтары
1.Өткізгіштің температурасы кедергіге қалай тәуелдң болады?
2.Кедергінің температуралық коэфициенті дегеніміз не?
3.Қандай құбылыс асқын өткізгіштік деген атауға ие болады?
4.Асқын өткізгіштік құбылысы қайда қолданылады?
Жаңа сабақ
Топтық жұмыс
1 топ-Эрстед тәжірибесін қорғайды
2 топ-Ампер тәжірибесін қорғайды
3 топ-Түзу және дөңгелек токтың магнит индукциясын қорғайды
4 топ- Магнит өрісінің күш сызықтарын қорғайды.



Эрстедтің тәжірибесінен шығатын қорытындылар:


а) Магнит өрісін бақылаушыға қатысты қозғалыста болатын заряд тудырады және ол тек токқа немесе қозғалыстағы зарядқа әрекет етеді.
ә) Магнит өрісі тогы бар өткізгішке тек күшпен ғана әрекет етпейді, ол сонымен қатар магнит өрісінің күш сызықтарына қатысты оның бағытын да өзгертуге тырысады.
б) Электростатикалық өрістен магнит өрісінің айырмашылығы, магнит өрісі құйынды, тұйық өріс......

Тақырыпты бекіту сұрақтары.

1.Тұрақты магнит дегеніміз не?
Жауабы: Магниттелуін ұзақ сақтайтын денелер
2. Магниттік полюстер?
Жауабы: Магниттің қасиеттері бойынша бір-біріне ұқсамайтын екі полюсі бар: солтүстік (N) және оңтүстік (S).
3.Магниттік аномалиялар дегеніміз не?
Жауабы: Жер қойнауындағы жергілікті магнит өрістері
4.Магнит өрісіне анықтама беріңіз.
Жауабы:Өткізгіштердің электр тогымен өзара әрекеттесуі жүзеге асатын материяның түрі
5.Электрмагнит деп нені атаймыз?
Жауабы: Ішіне темір өзекше орналастырылған шарғы
6.Электрмагниттік реленің құрылысы қандай?
Жауабы: Электрмагниттік реле –ток реттегіш құрал. Ол токтың жұмыс тізбегін қосқан немесе ажыратқан кезде жұмысқа қосылады.
7.Электрқозғалтқыш дегеніміз қандай құрал?
Жауабы: Электр энергиясын механикалық энергияға түрлендіру


Оқушылар үй тапсырмасы бойынша сұрақтарға тез-тез жауап беріп белсене қатысып отырады


Оқушылар жаңа тақырыпты меңгереді Оқушылар бекіту тапсырмаларын орындайды

Дескриптор


Сұрақтарға жауап береді


Есептің шешімін слайдттан қарап тексереді
2-балл

Дескриптор


1.Қорғау тәртібін сақтайды: Уақыт және әдептілік;


2. Мазмұнның толық ашады;
3. Өмірден мысалдар келтіреді.
5

Оқулық, жұмыс дәптері, Дк экран, презентация




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет