IMD-2022 Цифрлық бәсекеге қабілеттілік рейтингінің нәтижелері
Бүгін, 28 қыркүйекте Халықаралық менеджментті дамыту институтының (IMD, Лозанна, Швейцария) Әлемдік бәсекеге қабілеттілікті зерттеу орталығы 2022 жылғы Цифрлық бәсекеге қабілеттілік рейтингінің нәтижелерін жариялады.
IMD Цифрлық бәсекеге қабілеттілік рейтингі-бұл елдердің мемлекеттік саясатты, бизнес-модельдерді және жалпы қоғамды өзгертуге әкелетін цифрлық технологияларды қаншалықты зерттеп, игеретіні бағаланатын зерттеу нәтижесі.
Анықтамалық:
Рейтинг 3 фактордан тұрады:
1) "Білім" — технологияларды зерделеу және ашу үшін қажетті материалдық емес инфрақұрылымды көрсетеді;
2) "Технологиялар" — цифрлық технологиялардың даму деңгейін сандық жағынан бағалайды;
3) "Болашаққа дайындық" — экономиканың цифрлық трансформацияға деңгейі мен дайындығын бағалайды.
Әр факторға 3 қосалқы фактор және 54 индикатор кіреді. 2022 жылғы рейтингке екі жаңа көрсеткіш қосылды: "Киберқауіпсіздік саласындағы үкіметтің әлеуеті" және "Заң бойынша құпиялылықты қорғау".
2021 жылы зерттеуде әлемнің 63 елі бағаланды. Цифрлық бәсекеге қабілеттіліктің әлемдік рейтингінде топ-5 ел: Дания (1-орын), АҚШ (2-орын), Швеция (3-орын), Сингапур (4-орын) және Швейцария (5-орын).
ҚР Ұлттық даму жоспары IMD Цифрлық бәсекеге қабілеттілік рейтингіндегі позиция бойынша көрсеткішті қамтиды: 2025 жылға қарай ел рейтингтің 33-жолында орналасуы тиіс.
2022 жылғы зерттеу нәтижелері бойынша Қазақстан 36-орынды иеленді және Словения (37-орын), Португалия (38-орын), Италия (39-орын), Польша (46-орын) және Түркия (54-орын) сияқты елдерден алда келеді.
Еліміз "Білім" факторы бойынша өз позициясын жақсартты, ол бойынша ағымдағы жылы 6 тармаққа көтерілді. "Оқыту және білім беру" қосалқы факторы бойынша ең күрт жақсару байқалды, онда Қазақстан ең бәсекелес позицияда – 1 орын алады. Одан кейін Гонконг (2 орын) және Канада (3 орын) сияқты елдер орналасты.
"Технология" факторы бойынша позиция өзгеріссіз қалды-40 орын. Екі қосалқы фактор бойынша позициялар 1 тармаққа жақсартылған.
Жалпы рейтингте Қазақстанның позициясы 2021 жылғы рейтингпен салыстырғанда (32-орын) 4 тармаққа төмендеп, 2020 жылғы рейтинг позициясының нәтижесін көрсетті. Позицияның төмендеуіне "Болашаққа дайындық" факторы, атап айтқанда "АТ- интеграциясы" қосалқы факторы үлкен әсер етті. Осылайша, ел 12 тармаққа түсіп, 2022 жылғы рейтингте 56-орынға жайғасты.
Қосалқы фактордың айтарлықтай төмендеуі "Мемлекеттік және жеке меншік секторлардың кәсіпорындары технологиялық дамуды қолдайды" сауалнама көрсеткішінің 5 тармаққа (33-орын) нашарлауына және "Заң бойынша құпиялылықты қорғау" жаңа енгізілген көрсеткіші бойынша төмен позицияға байланысты, ол бойынша 58-орын алады. Демек, Интернет қолданушыларының жеке деректері елдің құқықтық базасымен толық қорғалмаған.
2-тапсырма
Оқулық мәтінін оқып шығып,32 кестені талдау
|
Дескриптор: 2012-2019 жылдардағы бәсекеге қабілеттілігі динамикасын талдайды
|
Оқушылар сабаққа қатысу белсенділігіне қарай қалыптастырушы бағалаумен бағланады
|
Сабақтың соңы
10 мин
|
«Үш М» әдісі. Оқушыларға сабақта үш сәтті атауға мүмкіндік береді және келесі сабақта жұмысты оңтайландыру әрекетін ұсынады.
|
Үй тапсырмасы.
§ 56 оқу, 2022 жылғы бәсекеге қабілеттілігі динамикасын талдайды
|
Оқушылар сабаққа қатысу белсенділігіне қарай қалыптастырушы бағалаумен бағланады
|
Тапсырма орындауға қажетті құралдар
|