2-топ Сұйыққа батырылған денеге әрекет ететін Fы ығыстырушы күштің дене көлеміне байланысты екенін тексеру.
Дескриптор:
-Жүктерді таразы иіндеріне бекітіп, таразыны тепе теңдік қалпына келтіре алады.
-Ығыстырушы күштің дене көлеміне тәуелді екенін тәжірибе жүзінде дәлелдейді.
3-топ Fы ығыстырушы күштің ρсу сұйық тығыздығына байланысты екенін тексеру.
Дескриптор:
-Жүктерді таразы иіндеріне бекітіп, таразыны тепе теңдік қалпына келтіре алады.
-Ығыстырушы күштің сұйық тығыздығына тәуелді екенін тәжірибе жүзінде дәлелдейді.
ҚБ Әр топтың жұмысын «Үш шапалақ» әдісі арқылы бағалау.
Саралау тапсырмалары: А В С деңгейдегі есептерді шығарту. I-деңгей. Су ішіндегі массасы 600 кг, көлемі 0,23м3 тасты көтеру үшін қандай күш жұмсау керек?
ІІ-деңгей.Алюминийден жасалған бұйымның ауадағы салмағы-15 Н,ал суға батырылғандағы салмағы-9,5 Н. Алюминийдің тығыздығын анықтаңдар.
ІІІ- деңгей. Бұйымның ауадағы салмағы -5 Н, ал оның судағы салмағы-4,5 Н. Бұйым таза күмістен жасалған ба, әлде онда мыстың қоспасы бар ма?
Дескриптор:
есептің шартын құра алады
формуланы түрлендіре алады
күрделі есепті толық шығарып есептеу жолын толық көрсете алады.
ҚБ «Бас бармақ» әдісі арқылы оқушылардың жұмысын бағалау.
Техника қауіпсіздік журналы
7 сынып оқулығы
С уы бар ыдыс, массасы әртүрлі жүктер, динамометр, мензурка, жіп.
Мектеп таразысы, суы бар екі ыдыс, массасы100г болатын көлемдері әртүрлі екі дене
Мектеп таразысы, массасы мен көлемдері бірдей екі жүк, суы бар және басқа сұйықтық құйылған ыдыс.