ЕБҚ бірнешеуін орындайды
Тапсырманы орындауда қолдау көрсету
Сергіту сәті
«Санаймызбізсанамақ». Бас бармағым – әкем, Балаң үйрек – шешем, Ортан терек – ағам, Шылдыр шүмек – апам, Кішкене бөбек – мен.
Бір үйде біз нешеуміз? Бір үйде біз – бесеуміз.
ТЖ.2-тапсырма.Кестені толтыр.Қосындының белгісіз компоненттерін табу үшін қосындының мәні, қосылғыш белгілі болған жағдайда белгісіз қосылғышты табу ережесін және айырманың мәні, азайтқыш (азайғыш) белгілі болған жағдайда белгісіз азайғышты (азайтқышты) табу ережесін қолданады.
ТЖ.3-тапсырма. Өрнектер құр
а) с мен 5-тің қосындысынан 20-ны азайту: (с + 5) – 20
ә) 70-тен 3 пен k-ның қосындысын азайту: 70 – (3 + k)
Қандай өрнектер жаздың?
Әріпті өрнек.
Әріптер мен сандар қалай байланысып тұр?
(с + 5) – 20 жазуында, мұндағы азайғыш –
а + 5.
Бұл өрнектің мәнін бірден таба алмаймыз, өйткені с әрпін санмен алмастыруымыз қажет, мұндағы өрнектің мәні әріптің мәніне байланысты болады және оның әрбір мәніне белгілі бір қосындының мәні сәйкес келеді.
4-тапсырма.Өрнектердің мәнін тап
Шығармашылық тапсырма ТЖ. 9-тапсырма. Екі таңбалы сандар тізбегін жалғастырып жаз.Бұл сандардың ұқсастығы неде?
Тізбек басында 87 саны және оның ондығы мен бірлігін білдіретін сандар (8 және 7) көрсетілген.
Тізбекті жалғастыратын келесі қандай сан екенін білу үшін осы санның бірлігін білдіретін санды қараймыз, ол – 7 саны, демек 7 саны келесі саннның ондығын құрайды, ал бірлігі болатын
сан – 6. 6 саны келесі санның ондығын құрайды.
Демек, бұл – 76 саны. 87 мен 76 сандарын салыстырады. Бұл сандардың ұқсастығы неде? Екі санда да 7 цифры қолданылған, бірақ 7 цифры 87 санында бірлікті, ал 76 санында ондықты білдіреді.
87 – 8 ондық, 7 бірлік;
76 – 7 ондық, 6 бірлік;
65 – 6 ондық, 5 бірлік;
54 – 5 ондық, 4 бірлік ...
Осылайша екі таңбалы сандар тізбегін жалғастырып атайды, жазады.
Үйге тапсырма 8-есеп
Сәлемдесіп,бір-біріне сәттілік тілейді
Өткен білімді еске түсіреді
Тақырыпты, сабақ мақсатын анықтайды.
Сандарды жазады
Сандарды жазады
Тапсырманы орындайды
Жаттығу жасайды
Мысалды шығарады
Тапсырманы орындайды
Ойын ойнап есеп құрастырады
Кері байланыс
жасайды
Мұғалімнің қолдау, мадақтау сөздері.
ҚБ:1-10б
Дескриптор
Сан сәулесіндегі жазылған сандарды оқиды-1б
Қалып қойған сандарды атайды-1б
Ұсынылған санның
«көршілерін» атайды,
15 санына қатысты
алдыңғы, кейінгі сандарды атайды-1б
Дескриптор
Сандардың разрядтық құрамына сүйеніп 17 мен 19 сандарын салыстырады-1б
Түсіндіреді-1б
Дескриптор Сандарды үлгі бойынша салыстырады-1б
Графикалық модельдерді пайдаланып, сандарды салыстырады-1б.