3. Шығармашылық жұмыс: жұп болып мысал өлеңнің мазмұнын өмірмен байланыстыру, тәрбиелік мәнін анықтау
Күнәсін күндегеннің жаман қатты,
Күндей ме біреуге алла берген бақты?!
Өгізді күндеп, сондай боламын деп,
Көлбақа онан қанша пайда тапты?!
Әуелде құдай өлшеп берген дене,
Қаншама зарланғанмен артылмапты.
Нақыл сөз: «Әлін білмес әлек» деген,
Осындай әуре болған жаннан қапты.
Тапсырма: 2 түрлі түсіндірме күнделігі (Автор осы мысал арқылы не айтқысы келді?)
Мақтаншақтық
Көреалмаушылық
Бақастық
Тәрбиелік мәні қандай?
«Ойлан-серіктесіңмен талқыла, ойбөліс стратегиясы»
Мәтіннен үзінді
|
Оқушы көзқарасы
|
2-тапсырма «Белсенді оқыту стратегиясы» Ливерлік әдіс(мәтінмен жұмыс)
А) бақа мен өгіздің іс-әрекеті- су ішіп жарысуы
Б) екеуіне мінездеме беру- бақастық, бақаның көреалмаушылығы, өгіздің бақаға маған жету қайда деген көзқарасы
В)іс-әрекетіне баға – бақаның өзіне қарамай жасаған ісінің мақтаншақтығы
Венн диаграмма: Салыстыру. «Өгіз бен бақа»
Ұқсастықтары
Айырмашылықтары
«Егіннің бастары» мысал өлеңінің мазмұнына байланысты сурет салу.
Бір адам жас баласын жанына алды,
Екеуі сайран етіп кетіп қалды.
Қыдырып әрлі-берлі жүрді дағы,
Егінші егін еккен жерге барды.
Аралап әр егінді қарап жүрді,
Кез еді пісіп болған егін түрлі.
Бастарын дәнге толған төмен салып,
Бидайлар бейне тағзым етіп тұрды.
Жалғыз-ақ бір бидай тұр көкке қарап,
Бейне бір жалғыз өзін көпке балап.
Баланың сол бидайға көзі түсіп,
Білмекке кетті көңіл жөнін сұрап:
Шағын топтар: (талқылау бөлісу және жасау) «егіннің бастары» мысалы
Мысалдың «егіннің бастары» деп аталуы себебі неде?
Адам.Бала.Егінші. Бидай
Әкесі баласымен егін басына келуі
Бидайлардың бейнесі
А)суреттеу
Б) салыстыру
В)зерттеу
С) қолдану мысалы,( мәтінде суреттелуін тауып оқу)
Е) талдау ( қолданысы)
«Аспектілерге бөліп қарастыру» стратегиясы (мысалдар)
А) жанр мен тегін, стилін анықтау «мысалдың лирикалық жанр, тегі-құрылымы әкесінің баласын егін басына алып келіп бидайлар сөйлесуі, бейнесі
Б)бейнелеу, насихаттау, жаңа үлгісі сурет салу- бидайды бейнелеу, насихаттау, бидайдың пайдасы, неше түрі.
В)мәтіннің тақырыбы мен идеясын ашу- адам, бидай, егінші- идеясы бір-бірімен байланысы- ырым, әдептілік туралы айтылғандығы
Тапсырма:__«Еркін_жазу»_әдісі'>Тапсырма:
«Еркін жазу» әдісі
Жеке оқушы «Өгіз бен бақа» және «Егіннің бастары» мысалының мазмұнына байланысты мақал - мәтелдер жазу.
(Дәптер бетіне өз ойынан мақал жазу: «Әлін білмеген әлек» дегендей)
Тапсырма:
Ривиндік тәсіл арқылы ( қазақ әдебиеті сабақтарында көркем шығармаларды оқытудағы әдіс-тәсілдер) (жеке баламен жұмыс)
А) азатты жолға бөлу, мазмұндау- мысалдар мазмұнына шолу жасау
Б) жоспар құру – «Өгіз бен бақа» немесе «Егіннің бастары» біреуін таңдау
В)Негізгі ойды табу- «Өгіз бен бақада»- Бақаның мақтаншақтығы
Өгіздің сабырлығы
«Егіннің бастары»- адам, баласы, егінші, бидай
III Ой толғаныс «Бір айналым сөйлесу» әдісі
- Балалар, сонымен бүгінгі сабақта не үйрендік, не білдік?
- Мысалдардың сіздер үшін тәрбиелік мәні қандай болды?
Кері байланыс: «Инсерт» стратегиясы «Динозаврлар».
Не білемін?
|
Не білгім келеді?
|
Не білдім?
|
оқушылар жеке бүгінгі сабақта үйренгендерін қағаз бетіне түсіреді, қорғайды.
IV Үйге тапсырма беру:
1. Ахмет Байтұрсынұлының мысал өлеңдері туралы қосымша деректер жинау.
2. «Өгіз бен Бақа», «Егіннің бастары» мысалдарын мәнерлеп оқып, ұнаған мысал өлеңі бойынша эссе жазу
V Бағалау «бес бармақ» әдісі арқылы
Сынып оқушылары сабақтың бөлімдері бойынша бағаланады, белсене қатысқан топ мүшелері мадақталады.
Достарыңызбен бөлісу: |