Қолдану Абай неге адамның көп қасиеттерінің ішінен тек қайрат, ақыл, жүрек үшеуін ғана таңдап алды? Сендердің бойларыңда осы қасиеттер бар ма? Оны дамыту үшін неге сүйенесіңдер? Осы сұрақтар негізінде әңгіме, мысал, миниатюра жазыңдар.
Бағалау: Осы нақылдардың мағыналарын ашыңдар:
1.Құдайшылық — жүректе. Қалпыңды таза сақта. 2.Жүректен қызық кеткенде, тәннен қуат кетеді. 3.Қайғы келсе, қарсы тұр, құлай берме, Қызық келсе, қызықпа, оңғаққа ерме. Жүрегіңе сүңгі де, түбін көзде, Сонан тапқан-шын асыл, тастай көрме. 4. Жүрегімнің түбіне терең бойла.