2. Тәрбиелік әсердің психологиялық негіздері жайлы түсінік.
Егер бір адам өзге адамға әсер етіп, оны немесе оның мінез-құлқын өзгертуге тырысса, онда бұл жағдайда Тәрбиелік әсердің психологиялық негіздері жайлы сөз қозғалады.
Әсер ету – бұл өзараәрекет агенттеріне басқа әрекет қатысушыларынан мақсатты түрде ақпараттар мен мәліметтерді беру немесе іс-әрекетті жүктеу болып табылады.
Сәйкесінше, тәрбие де әсер ету үрдісі іске асатын өзарақатынастар болып табылады, яғни мұнда педагог тәрбиеленушіге әр-түрлі әсер ету құралдары арқылы ықпал жасайды, ал тәрбиеленуші өзіне маңызды болатын өзгерістерге жауап береді. Мұндағы психологиялық әсер ету оқушының бойындағы қажеттіліктерін, ұстанымдарын, қатынастарын, қабілеттерін, іс-әрекеттерін (адамгершілік сапаларды, шығармашылық өзіндіксананы, жеке басының өсуіне деген талпынысты) өзгертуге бағытталған. Осыған орай, психологтар психологиялық әсер етудің бірнеше стратегияларын бөліп көрсетеді. А.Г.Ковалев стратегиялардың манипулятивтік және дамытушы түрлерін көрсетеді. Манипулятивті стратегияда бала енжар (пассивті) ағза ретінде қабылданады. Егер әсер етуді тиімді қолдана білсең « баладан нені қаласаң, соны жасауға болады» дейді. Адам психикасының түпкірінде жатқан механизімдеріне ене отыра, адамның жеке бас мүдделеріне қарамай-ақ басқаруға болады. Бұдан түйетін ой, бұл стратегия қауіпті,себебі адамдарды зомбілеуі мүмкін.
Ынтымақтастық стратегиясы. Бұл стратегия адамның шығармашылық бастамасына сенімділік, жақсылыққа сену принциптеріне негізделе отыра құралады. Б.Г.Ананьев мұғалімнің балаға әсер етудегі бағаның, бағалаудың әсерін ерекше атап өткен. Егер бағалау оң болса, ол оқушының жетістіктерін бөліп көрсетуге, ынталандыруға көмектеседі. Егер балаға баға қойылмаса, онда ол балаларды деорганизациялайды, олардың бойында керексіздік, сенімсіздік сезімін тудырады, сонымен қоса бұл балалар бағаланбай, өзгелер сол уақытта бағаланса бұл сезімдердің туындауы екі еселенеді екен және де ол балалардың белсенділігін тежеп, олардың тұлғалық дамуын баяулатады.
3.Тәрбиелік әсердегі авторитет мәселесі.
Әсер етулердің сипаты ересектердің авторитетінен айқын көрінеді. Авторитет дегеніміз, яғни балалардың алдында мәртебесі бар, оларға маңызды болып табылатын адам өзінің мәртебесі мен билігін қолдана отыра балаға әсер етеді, ал бала өз ретінде бұл адамға өзі үшін шешімдер қабылдауға, мінез-құлқын өзгертуге құқық береді. Әр бір адамға бірінші авторитет тұлға, ол оның ата-аналары болып табылады, себебі ол олармен туғанынан бастап байланыста. Ал, бала мектепке бара бастаған кезде, ол үшін мұғалім авторитет бола бастайды. Ата-аналардың билігі әлсірей бастайды немесе нақты бір жасқа жеткенде одан ары арта түседі. Оған «Мен кішкентай болғанда, менің анам түгел нәрсені біледі деп ойлайтынмын. Ал, мектепте оқи бастағанда, анамның түгел нәрсені білмитінін түсіне бастадым. Ал, жеткіншек болғанда, мен анам түкте білмейді деп санадым. Уақыт өте келе, мен өз анамның дана екендігін және де оны тыңдасам, көптеген қателіктер жібермейтіндігімді түсіндім» деген баланың ойы мысал бола алады.
Бұнымен қоса, авторитет жалған болуы да мүмкін, яғни ол жалған негіздерден құралады, сондықтан ұзақ уақытқа бармайды. Олардың бір неше түрлерін қарастырып көрейік:
* Басу авторитеті, бұнда баланы бағындыру оған тікелей зорлық көрсету арқылы жүзеге асады екен. Шектеулер қою, қорқыту, қоқан-лоқылық баланың бойында деген қулықты тудырып, жауапкершіліктен қашуға, өз бетінше болудан бас тартуға әкеледі.
* Қашықтық авторитеті ата-ана мен баланың периодтты түрде өзараәрекеттесуі арқылы жүзеге асады. Мысалы, уақыты әкесі баласының жағдайын сұрайды, анасы олардың іс-әрекеттері жайлы баяндайды. Бұл жағдайда бала өз әлемін басқалардан жабық ұстауға тырысады.
* Чванства авторитеті. Ата-аналар баланың ерекше екендігіне сендіреді. Бұнда махаббат пен сыйлау сезімін ата-ана емес, керісінше олардың эфермерлік маңыздылықтары тудырады. Яғни, олар өздері әсер етпейді, олардың уақытылы әл-ауқаты әсер етеді. Ал, егер ата-аналар өзгелердің қатарына түсе қалса, балалар олармен санасудан қалады.
* Педантизм авторитеті. Бұнда ата-ана берген, бұйырған барлық тапсырмалар міндетті түрде, ешбір қарсылықсыз орындаулалары қажет.
* Сатып алу авторитеті. Бұндағы барлық әсер ету, бірнәрсе үшін уәде берумен жүзеге асады, мысалы жақсы баға үшін, ата-ана балаға ноутбук сатып берем деуі мүмкін. Яғни,өзараалмасу, айырбас жүреді: оқу – марапаттау.
Бұлардан басқа А.С. Макаренко достық, жылулық, жолы болғыш адам авторитеттерін де бөліп көрсетеді. Ал, Антон Семеновичтің пікірі бойынша авторитет орнату және тыңдату бұл мақсат емес, сондықтан дұрыс тәрбиелеу қажет екен.
Достарыңызбен бөлісу: |