Бекітілді:
Директордың оқу-әдістемелік жұмысы
жөніндегі орынбасары Сайын Е.С.
Бөлім: 6-бөлім
Бөліп шығару
|
Колледж:№1 АҚМГПК
|
Пәні: Биология
|
Оқытушының аты-жөні: Туралиева Г.А.
|
Топ: 13Б,16Б,11Р,11Д-15Д
Күні: 22.11.21.-27.11.21
|
Қатысқан білім алушылар саны:
Қатыспаған білім алушылар саны:
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Адам денесіндегі қан мен басқа сұйықтықтарды жасанды тазарту
|
Осы сабақта жүзеге асатын оқу мақсаты
|
Қан және қан жасушаларына анықтама беру, қызметтерін ажырату, сұйықтықтардың жасанды тазарту жолдарын үйрену.
|
Сабақтың мақсаттары
|
Барлық білім алушылар орындай алады:
Қан және қан айналым жүйесіне анықтама бере алады;
Білім алушылардың көпшілігі:
Қан плазмасы және қан жасушаларына кесте жасай біледі;
Кейбір білім алушылар:
Қан және басқа сұйықтықтарды жасанды тазартудың әдіс-тәсілдерін біледі ;
|
Бағалау критерийі
|
Ағзаның ішкі сұйық ортасына, дәнекер ұлпасына анықтама бере алады;
Қан айналым жүйесіне анықтама бере алады;
Қанды жасанды тазартудың әдістерін жіктеу;
|
Тілдік мақсаттар:
|
Білім алушылар орындай алады:
Организмнің ішкі сұйық ортасына түсініктеме бере алады.
Пәнге қатысты лексика мен терминология:
қан, лимфа, ұлпа сұйықтығы, қан айналым жүйесі, бүйрек, гемодиализ;
|
Құндылықтарды дарыту
|
Сабақ барысында білім алушылар тапсырмаларды орындауда жауапкершілікті сезінуі, топтық жұмыстар кезіндегі ынтымақтастықтың болуы, жаңа сабақ бойынша білім алу мен ізденуге деген ынта-талапты қалыптастыру.
|
Сабақтың түрі
|
Аралас сабақ
|
Әдіс-тәсілдер:
|
Серпілген сауал, түртіп алу, жұлдызды баспалдақ, ауалы білім шары, құпия конверт,табыс ағашы.
|
Пәнаралық байланыстар:
|
Химия
|
Алдын-ала білім:
|
Су мөлшерін реттеу. Нысана мүшелер
|
Кезеңдері
|
Оқытушының іс-әрекеті
|
Білім алушының іс-әрекеті
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
Ұйымдастыру
0-7мин
7-22мин
22-42мин
|
-Амандасу
-Кезекшімен сұхбаттасу
-Психологиялық ахуалды қалыптастыру
-Сергіту сәті
«Серпілген сауал» әдісі арқылы өткен сабақты бекіту үшін сұрақтар беріледі.
Жаңа материалды белсенді меңгеруге білім алушыларды даярлау кезеңі
1-кезең : “ой қозғау”
Қан тазарту (плазмофорез) деген – ондағы улы заттарды алып тастау. Қан 50 пайыз судан тұрады, қалғаны – жасуша, май, ақуыз, витамин, гормон сияқты заттар. Тіршілік әрекеттері барысында ағзаға зиянды заттар түседі, олар қанға да өтеді. Ал жасуша, ұлпа, жасушааралық кеңістік сияқты қолжетімсіз жерлерден гөрі тамырдағы қанды алып тазарту, оны таза күйінде кері, орнына қайтару оңай. Ол былай іске асырылады:
Адам бір сағаттай кереуетте жатады, вена қан тамырларынан қан сорылып алынады да, тазартылып, ағзаға қайта ендіріледі. Сосын таза қан айналымы арқылы жасуша, ұлпа, жасушааралық кеңістік, органдар да тазарады. Қан алып, тазартудың науқастың ерекшелігіне, жай-күйіне қарай қолданылатын өзіндік ереже-тәсілдері бар. Тазартылғанда ол арнайы сүзгіден өтеді. Қан тазартудың нәтижесі:
қанның қоюлануы болмайды;
ішкі ағзалардың жұмыс істеуі жақсарады;
ұйқысы түзеледі; ойлау, есте сақтау қабілеттері артады;
иммундық жүйе нығаяды;
аллергиялық аурулар азаяды.
Тақырып бойынша білім алушылар интербелсенді тақтадан оқиды, «Түртіп алу» әдісі бойынша мәтіннен өздеріне қажет деп санаған ақпарат пен термин сөздерді дәптерлеріне жазып алады.
Қан қан тамырларының тұйық жүйесі бойынша үздіксіз айналалып, ағзадағы түрлі функцияларды атқарады:
|
Амандасу
Сынып басшысының есеп беруі
Сергіту сәті
Ыстық лебіздерін білдіру
Үй тапсырмасын қайталайды.
Эритроциттер (қанның қызыл түйіршіктері) – формалық элементтердің ең көп тараған түрі. Жетілген эритроциттерде ядро жоқ және олардың формасы екі жағынан бүгілген диск тәрізді. Оның тіршілік ұзақтығы 120 күн, бұдан кейін байыр мен көкбаурда бұзылады.
Тромбоциттер (қан пластиналары) жасушалық мембранамен шектелген сүйек кемігіндегі ірі жасушалар. Қан плазмасының ақуыздарымен бірге (мысалы, фибриноген) олар зақымдалған тамырдан ағып жатқан қанның ұюын қамтамасыз етеді, бұл арқылы ол ағзаны қан кетуден сақтайды.
Лейкоциттер (ақ түсті қан жасушалары) ағзадағы иммундық жүйенің бір бөлігі. Олар қан жүйесінен тыс тіндерге шығуы мүмкін. Лейкоциттердің басты функциясы – бөтен денелер мен қоспалардан сақтау.
|
|
Сабақтың ортасы
42-49мин
49-65мин
|
Тасымалдаушы — қанды айналдыру; оның бірнеше кіші функциялары бар: демалу, қоректендіру,экскреторлық, термореттегіш, реттеуші, қорғаныс, гомеостатикалық, механикалық.
№1-әдіс Термосқа 1 ас қасық балғын қалақай (крапива) жапырағын, 2-3 дана қарақарақат жапырағын, 2 дана таңқурай жапырағын, 1 дана грек жаңғағының жапырағын саласыз. Үстіне 1 литр қайнаған су құйып, бетін жауып қойыңыз. Шамамен 20-25 минуттан соң тұнбаны сүзіп алып, жылы күйінде қабылдайсыз. Егер татымы ұнамаса бал немесе лимон қосуға болады. Емделу тәртібі 100-150 мл-ден күніне 2-3 рет ішесіз. Емделу ұзақтығы – 2-3 апта. №2-әдіс 200 гр. қалақай жапырағын жақсылап жуып, эмаль ыдысқа саласыз. Үстіне 500 мл қайнаған су құйып, қақпағын жауып қойыңыз. 1-2 сағаттай тұнған сусынды сүзіп алып, 500 гр. қант араластырасыз. Ыдысты отқа қойыңыз. Қант ерігенше баяу отта қыздырасыз. Бір қайнап шыққан соң дайын болған тұнбаны шыны ыдысқа құйып, қақпағын мықтап жабыңыз. Бұл тұнба қанды тазалаумен қатар, жөтелді, баспаны, суықты емдеп, иммунитетті көтереді.
№3-әдіс 200 гр. балғын қалақай жапырағын тазалап жуып, ыдысқа саласыз. Үстіне 1 стақан қайнаған су құйып, отқа қойыңыз. 2 минуттай қайнаған соң оттан алып, қақпағын жауып қоясыз. Салқындаған соң емдік сусынды сүзіп алып, шыны банкіге құйыңыз. Үстіне ұсақтап туралған 3 дана лимон мен 1 стақан балды қосып, мұқият араластырыңыз. Дайын болған тұнбаны 1 ас қасықтан күніне 2 рет ішесіз. Егер үзбей қабылдасаңыз 1 аптадан соң-ақ қаныңыз тазарып, бойыңыздан жеңілдік сезінесіз. Қанмен бірге теріңіз де, ағзаңыз да жасарады.
|
Достарыңызбен бөлісу: |