Адам мінезін түрі арқылы анықтау
Ғылыми жұмыстар жүргізіп, адам табиғатын зерттеушілердің, көнекөз қариялардың болжамы бойынша «Адамның беті - ішкі жан-дүниесінің айнасы».
1. Дөңгелек жүзді адам айналасына жайлы, төңірегіндегілерге қолайлы жағдай жасай алатын жан. Олар турашыл, еңбекқор, жақсы қасиеттері үнемі көбейе түсетіндер.
2. Маңдайы жалпақ, иегі сүйірленіп, үшбұрыштанып келген адамның есте сақтау қабілеті жақсы, бірақ мінезі құбылмалы. Өте сезімтал, содан қолға алған ісінен тез жалыға салатын кездері көп.
3. Ат жақты кісі жұртты бір іске бастауға икемді, зиялы, ұйымдастыру қабілеті мол. Қажыр-қайраты, ерік-жігері бір басына жеткілікті.
4. Қырынан қарағанда томпақ бет болып көрінетін адам қалжыңқой, ақжарқын.
Достарыңызбен бөлісу: |