Сабақтың тақырыбы: Адамның сыртқы келбеті Сабақтың мақсаты



бет2/7
Дата27.04.2022
өлшемі23,06 Kb.
#32544
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Адамнын сырткы келбети

1. Астениктер. Бұлар – тар сүйектілер.

2. Нормастениктер. Бұлар – кең сүйектілер.

3. Гиперстениктер. Бұлар – өте кең сүйектілер.

Адам бойы. Жоғарғы ақыл-парасат иесі – адамдардың бойлары зор маңызға ие. Жас жігіттер бойының тапалдығынан көп зардап шексе, қыздар бойларының сорақы ұзындығынан да кейде біраз қиындықтарға тап болып жатады. Сол себепті, мамандар адамдар денесін, бойын әртүрлі жаттығулар жасап өзгертуге, өзі қалаған сымбатқа икемдеуге болатынын ескертеді. Яғни, ауыр атлетикамен (зілтемір көтеру, ядро лақтыру тәрізді) айналысқан адамның денесі мығым, баскетбол ойнағандар ұзын бойлы болады.

Адам мүсіні. Мүсін дұрыс болмаса, оның денсаулыққа зияны мол. Адамның тынысын тарылтатын жағдай да мүсінінің дұрыс болмауынан. Адам шағын бойлы келгенімен, сымбатты да мүсінді болса, ол бойшаңдау көрінеді. Халқымызда мүсінді адамдар жөнінде «Қайыңдай сұлу, сымбатты екен» деп айтылатындай, небір жақсы теңеулер бар. Дұрыс мүсінді болудың элементтері: иықты тіктеп ұстау, іштің тартылып тұруы, бастың жоғары қарап, төменшіктемеуі, бұғақтың шығып кетпеуі, аяқтың сүйретілмеуі және тағы да басқа денені қалыпты ұстаушылық, семіріп, толыспау. Мүсінді түрлі жаттығулар жасау арқылы сымбатты етіп қалыптастыруға мүмкіндік мол. Гимнастика мүсінді болуға ерекше әсер етеді. Осы орайда ортаға салынар қызықты бір мәлімет: Шығыста жүкті төбесіне қойып тасу адам қаңқасын түзейді деген сенімнің ерте кезден-ақ қалыптасқаны. Өмірде мүсінді де, мүсінсіз де адамдар бар.

Адам салмағы. Артық салмақ, семіздік адамның сыртқы келбетін бұзып, оны мүсінсіз етеді. Біз кезінде бұқаралық ақпарат құралдарынан америкалық 42 жастағы Уолтер Хадсонның салмағы 550 келіге жеткенін естіп білгенбіз. Негізінен, өздерінің салмағына үнемі көңіл бөліп отыратындар ел алдына жиі шығатын өнер иелері, олардың ішінде артистер. Адамның салмағы шамамен алғанда оның бойына 100 бірліксіз сәйкес келуге тиісті. Яғни, адамның бойы 160 сантиметр болса, салмағы 60 келі болуы, одан аспауы қажет. Әрине, бұл орайда адамның дене бітімі де, жасы да есепке алынады.

Адам пішіні. Әркім өзінің пішінін қадағалап отыруға тиісті. Әйелдер кейде сәнді көйлектердің бірінен соң бірін сатып алып, шаштаразға барып шаштарын сәндегенімен, пішіні қалай, оған мән беруді ұмытып та кетеді. Содан сымбатын, мүсінін жоғалта бастайды. Әркім пішінін қалыпты сақтауы үшін саламатты өмір сүруге, қай жаста да келбетті көрінуге ұмтылуға тиісті. Семіздік адам мүсінін бұзып, түрлі ауруларға душар етумен бірге, эстетикалық жағынан әйел, еркекті жұрдай етеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет