Әдемі әйелдің белгісі. Сән сымбатқа, мүсінге тығыз байланысты. Француз жазушысы Пьер де Бурдейдің айтуынша, испандар әдемі әйелдің 37 белгісі болуға тиісті дейді екен. Ал, олардың ең бастылары төмендегідей:
1. Үш нәрсесі ақ: терісі, тістері, қолдары;
2. Үш нәрсесі қара: көзі, қасы, кірпігі;
3. Үш нәрсесі ұзын: белі, шашы, қолдары;
4. Үш нәрсесі жіңішке: ерні, белі, толарсағы;
5. Үш нәрсесі толық: иығы, балтыры, жамбасы.
Жапондардың сұлулары – ұқыпты, таранған, үндемейтін биязы мінезді. Конфуцидің айтуынша, мылжыңдық – ажырасу үшін жеті себептің бірі.
Адамның киімі. Ол адам өмірінде маңызды орынға ие. Халық арасындағы «Киіміңе қарай қарсы алады», «Адам көркі – шүберек», - деген сөздер соны айғақтайды. Египет әйелдері бұрындары «жоғары жақсыз», тек мықындарын айналдыра мата ораған. Осы киімдердің кейбір түрлері Шығыстан тарағаны туралы деректер бар. Жібек бізге Қытайдан келсе, мақта Үндістаннан әкелінген, бағыныштылықтың белгісі – жапқыш болып табылатын қалыңдық желегі Шығыстан шыққан, орыстардың ұлттық киімі – сарафан да Шығыстан келген. Тек, сарафан Шығыста әубаста ерлер киімі болып саналған көрінеді.
Киімнен сән қуғанда оның қалай жарасатынына мән берген абзал. Мысалы, қысқа юбка кию үшін қыздардың аяғы түз, сымбатты болуы қажет. Ашық сарафанды кию арқа терісі таза, әдемі жандарға ғана лайықты. Адамның сыртқы келбетін әдемі етіп көрсетуде оның киімінің жақсы үлгіде тігілуі, үтіктелуі, аяқ киімінің тазартылған, шашының таза, көзқарасының жылы, тілектес болғаны, бетті әрлеу, үстіге иіссу құю шектен шықпауы, тырнағының күтілген, сақал, мұртының басылған күйде көрінуі шарт. Әйтеуір, сыртқы келбет пен сән бір-бірімен үйлесімді болса, сол адам өзгелерді жақсы әсерге бөлейді.
Достарыңызбен бөлісу: |