Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
9.2A Тыныс алу
|
Мектеп:
|
Күні:
|
ФИО учителя:
|
Сынып: 9
|
Қатысушылардың саны:
|
Қатыспағандардың саны:
|
Сабақтың тақырыбы
|
Аэробты және анаэробты тыныс алуға физикалық жүктемелердің әсері.
|
Осы сабақтың көмегімен қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
|
9.1.4.2 - бұлшықет қажуы және аэробты, анаэробты тыныс алу үдерістері арасындағы байланысты қарастыру; аэробты, анаэробты тыныс алу үдерістерімен байланысты бұлшық еттердің қажуы
|
Сабақ түрі
|
Жаңа тақырыпты зерттеу
|
Сабақ мақсаты
|
Аэробты және анаэробты тыныс алуды білу;
аэробты және анаэробты тыныс алуды салыстыру;
физикалық жүктемелердің аэробты және анаэробты тыныс алуға әсерін қарастыру;
тыныс алу түрі бойынша шаршаудың пайда болу тәуелділігін зерттеу.
|
Бағалау критерийі
|
Аэробты және анаэробты тыныс алуды біледі;
аэробты және анаэробты тыныс алуды салыстырады;
физикалық жүктемелердің аэробты және анаэробты тыныс алуға әсерін қарастырады;
тыныс алу түрлері мен шаршаудың арасындағы байланысзерттейді.
|
Тілдік мақсаттар
|
Оқушылар орындай алады:
Бұлшықет әлсіздігі мен тыныс алу процестері арасындағы байланыс орнату. (оқу және жазу дағдылары)
Пәндік лексика және терминология:
Muscle fatigue - утомление мышц – бұлшық еттердің қажуы
Aerobic and anaerobic respiration - аэробное и анаэробное дыхание – аэробты және анаэробты тыныс алу
Lacticacid - молочная кислота - сүтқышқылы
Unableoffulloxygenation - невозможность полного окисления
Luckofenergy – недостаток энергии – энергия тапшылығы
relationship between type of respiration andfatigue – связь между типами дыхания и усталостью – тыныс алу түрлері мен шаршаудың арасындағы байланыс
Диалог құруға/жазылымға қажетті пайдалы сөздер топтамасы:
Аэробтық жағдайда, фосфат тобын қосу ...... қатысымен жүреді. Сондықтан бұл процесс тотығу фосфорлануы деп аталады. Анаэробты жағдайда бұлшықет жасушаларының белсенділігі мүмкін емес ..... .
|
Құндылықтарды дарыту
|
Сыйластық: оқушылар сабақ барысында өзіне және өзгелерге кедергі келтірмейді, өзгенің ойын соңына дейін тыңдайды.
Мұғалім әркімнің пікірін тыңдап, өз ойын білдіреді.
Академиялық шыншылдық: өзара бағалау мен өзіндік бағалауда шыншылдық таныту.
Өмір бойы оқу: оқушы деңгейіне сәйкес өз бетімен тапсырмаларды орындау үшін тапсырманы орындау стратегиясын жоспарлайды. Орындаған тапсырмаға өзіндік рефлексия жасайды.
Ынтымақтастық: әркімнің ойы құнды қағидасын ұстану; өзара оқыту ортасын құру.
Патриоттық және азаматтық позиция айналадағы жануарлар әлеміне қамқорлық танытуға, қорғауға алынған жануарларды танып білуге тәрбиелеу
|
Пәнаралық байланыстар
|
Химиямен пәнаралық интеграция - анаэробты және аэробтық тыныс алу, дене шынықтыру
|
АКТ қолдану дағдылары
|
Интернет-көзімен жұмыс
|
Алдыңғы білім
|
Анаэробты және анаэробты тыныс алуды салыстыру: оттектің болуы/ болмауы, статикалық/ динамикалық жұмыс - 7 сынып.
Тыныс алу мен тыныс шығаруға қатысатын бұлшық еттер - 8 сынып.
|
Сабақ барысы
|
Сабақтың барысы
|
Сабақтың барысы
|
Сабақтың барысы
|
5 мин
|
(I) Оқушылар онлайн тестілеуден өту үшін өткен тақырып бойынша тыныс алу туралы білімдерін қолданады.
Дескриптор:
- Аэробты және анаэробты тыныс алуды біледі
- Аэробты және анаэробты тыныс алуды салыстырады
Өзін-өзі бағалау
Орындалған тапсырмаларға талқылау жүргізе отырып, сабақтың мақсаттарын оқушылармен бірге анықтаңыз.
|
Презентация
Қосымша 1
|
10 мин
10 мин
10 мин
|
(G) Аэробты және анаэробты тыныс алуға физикалық жүктемелердің әсері туралы түсіндіріңіз.
Бейнеролик көрсетіңіз және оқушылармен бірге талқылаңыз.
Мұғалімнің бағалауы
Жаттығу:
Аяғыңызды иық деңгейінде қойыңыз. «Диірмен» секілді қолыңызбен айналмалы қозғалыстарды жасаңыз, бірақ қолыңызды бір уақытта бұруыңыз қажет, алдымен алға және артқа қарай. Жатығуды 5, 7 рет қайталаңыз.
(D) Оқушылар бұлшықеттердің максималды бұлшықет күшін және динамометр көмегімен қол бұлшықеттерінің төзімділігін зерттеу бойынша тәжірибелік жұмысын жасайды.
Дескриптор:
Бұлшық еттің максималды күшін және төзімділігін зерттейді.
Формула бойынша қолдың жұмысқа қабілеттілік деңгейін есептейді.
Берілгендер бойынша бұлшықеттердің жұмысқа қабілеттілігі динамикасының төмендеуі бойынша график құрастырады.
Алынған нәтижелер бойынша қорытынды жасайды.
Мұғалімнің бағалауы
(G) «Балалар философиясы» әдісі
Бұл әді балаларды сыни ойлауға ынталандыруға бағытталған.
Нұсқаулық:
Оқушыларды шеңбер бойымен тұрғызыңыз. Оқушылар шеңбер бойымен доп лақтыру арқылы бір-біріне сұрақ қояды.
Мұғалім сұрақтарды дұрыс құра отырып, дамытатын сұрақтар қойып немесе әр оқушының қатысуын қамтамасыз ету үшін топпен бірге әрекет ете отырып, делдал ретінде қатысады.
Өзара бағалау
Осы әдістің көмегімен мұғалім оқушылардың жаңа материалды игеру деңгейін тексереді
|
Презентация:
Бейнематериал
https://www.youtube.com/watch?v=xP1T7uPcFu4
Қосымша 2
қол динамометрі, секундомер.
доп
|
5 мин
|
Кері байланыс
Бүгін мен ..... білдім
Маған ...... қызық болды
Маған ........ қиын болды
Мен ....... түсіндім
Енді мен ....... жасай аламын
Мені таң қалдырды .........
Түсінбедім деген тұстарына тоқталып, толықтырулар жасалады.
Үй тапсырмасы
1. Мәтінді оқу.
|
Кері байланыс парағы
|
Дифференциалды оқыту – Көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?
|
Бағалау – оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз?
|
Денсаулықты сақтау және қауіпсіздік ережелері
|
Барлық оқушылар:
Тыныс алу түрлерін біледі және салыстырады
Көпшілік оқушылар: Физикадық жаттығуларының аэробты және анаэробты тыныс алуға әсерін түсінеді Кейбір оқушылар: Тыныс алу түрі бойынша қажудың пайда болу тәуелділігін зерттейді.
|
Өткен материалды қайталанған кезде (өзін-өзі бағалау).
Бейнеролик көргеннен кейін (мұғалімнің бағалауы ).
Тәжірибелік жұмыс нәтижелері бойынша. (мұғалімнің бағалауы )
Жаңа тақырыпты бекіткен кезде
|
Сабақ барысында биология кабинетіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау.
Партада дұрыс отыруына назар аудару.
|
Рефлексия
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары шындыққа негізделген болды ма? Оқушылар бүгін нені үйренді? Сыныпта қандай атмосфера болды? Мен жүргізген дифференциация іске асты ма? Мен уақытқа сәйкес жұмыс істедім бе? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды және неліктен?
|
Бұл бөлімді рефлексия үшін пайдаланыңыз (сабақ туралы ой қозғау).
Сол бұрышта тұрған Сіздің сабағыңыз туралы сұрақтарға жауап беріңіз.
|
|
Жалпы бағалау
Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті (сабақ беру әрі оқу туралы ойланыңыз)?
1:
2:
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алатын еді (сабақ беру әрі оқу туралы ойланыңыз)?
1:
2:
Мен сабақ кезінде келесі сабаққа дайындалуға көмектесетіндей сынып немесе белгілі бір оқушылар туралы не білдім?
1:
2:
|