Мына суретті танимыз ба?
Ол туралы не білеміз?
Митохондриялар — жіпше және түйіршік тәрізді органоид. Ол автотрофты және гетеротрофты организмдердің цитоплазмасында кездеседі. Митохондрияның құрамына енетін ақуыздардың көпшілігі — тотығу процесін камтамасыз ететін, матриксінде және ішкі мембраналарына орналасқан ферменттер болып табылады. Жануарлар жасушаларына қарағанда жасыл өсімдіктерде митохондриялар аз кездеседі, өйткені митохондриялардың кейбір қызметтерін хлоропластар атқарады.
Факультативті аэробтық организмдер тобына оттектің бар-жоғын талғамай тіршілік ететін организмдер жатады, мысалы, күкірт, темір бактериялары оттекті нитраттардан, сульфаттардан, т.б. қосылыстардан алады.
Облигатты аэробтық организмдер тотығу реакциясы кезіндегі энергияны пайдаланады, мысалы, сірке қышқыл бактериялары этил спиртін сірке қышқылына дейін, ал кейбір зең саңырауқұлақтары қанттарды лимон, қымыздық, глюкон қышқылдарын түзгенге дейін тотықтырады.
Оттектің (О2) қатысуымен жүретін биологиялық процесті аэробиоз деп атайды. Аэробтық организмдердің арасында ең маңыздысы фотосинтез процесіне қатысатын организмдер – цианобактериялар, балдырлар және түтікті өсімдіктер.
Аэробтық организмдер табиғатта кеңінен таралған және ондағы зат айналымына үлкен, топырақтағы түрлі ауру қоздыратын бактерияларды жояды. тіршілігіне
Ауаның құрамындағы оттектің белгілі мөлшері мен қысымы қажет.
Анаэробты тыныс алу кезінде глюкоза
реакцияға қатысады,
Нәтижесінде сүт қышқылы, энергия бөлініп шығарылады.
глюкоза→ сүт қышқылы (энергия) С6Н12О6 С3Н6О3 2 АТФ Анаэробты тыныс алу Анаэробты тыныс алу кезінде сүт қышқылы бөлінеді, ол бұлшық етте жиналып, ауырумен шаршағандық тудырады.
Анаэробты тыныс алу кезінде аэробты тыныс алуға қарағанда едәуір аз энергия бөлінеді.
Миға шабуыл: “Неге жаттығулардан сон аяқ бұлшықеттері ауырады? ”
Дем алғандағы және дем шығарғандағы ауа құрамындағы оттек пен көмірқышқыл газының айырмашылығы – өкпедегі газ алмасу нәтижесі болып табылады. Өкпедегі және ұлпадағы тыныс алу процесі қалай жүзеге асады? Бұл сұрақтың жауабын мәтінмен жұмыс жасау арқылы табасыздар.