Аялы алақанға байланысты мен бір өсиет әңгімеге тоқталғым келеді. Өсиет әңгіме. Жағдайлы бір отбасы баласын ешкімнен кем өсіргісі келмей барлық жағдайын жасайды. Қазіргі заманның озық технологиясымен жасалынған ойыншықтар, компьютер, тіптен қымбат телефонды да алып береді. Бірақ баласы осының бәріне қанағаттанбай, күнде ата-анасының жұмысқа кетпеуін өтінеді. Ата-анасы жұмысқа бармаса болмайтынын, ақша табатынын баласына түсіндіреді. Ал, баласы осы сәтте ата-анасының күніне қанша ақша табатынын сұрап біледі.
Бала сол күннен бастап ата-анасының өзіне тастап кетіп жүрген ақшасын жұмсамай жинай бастайды. Жинаған ақшасы ата-анасының бір күндік табысына жеткен күні бала ата-анасына өтініш жасайды.
— Әке, ана! Бүгін жұмысқа бармай бір күндеріңізді маған қиыңыздаршы.
Бір күнгі табыстарыңызды мен төлейін депті. (қалай ойлайсыздар бала неге өтінді?) Міне, ата-ананың аялы алақанының әсері балаға күн сәулесімен бірдей, мұны басқа ешбір нәрсе ауыстыру мүмкін емес.
Қорытынды: Жанұяның қуанышы - бала. Ал жанұяның бәйтерегі - ата, әже, әке, ана. Бала - одан тәлім - тәрбие, өнеге алушы ұрпақ.
«Жүректен жүрекке» шеңбері.
Шеңберге тұрып, өз отбасыларының жақсы қасиеттері жайлы айтып, шеңбер ішімен жүрейік.
Осындай айтылған жақсы тілектер сендердің отбасыларыңа дарысын. Отбасыларының шамшырағы болып жана беріңдер.