Психологиялық ахуалға берілген тақпақтарды дауыстап айтып, тілді жаттықтыру және жаңа сабаққа назар аудару.
Психологиялық ахуал.
Ортасы
Құрметті балалар!Бәріміздің көптен күткен Наурызымыз да келді.
Наурыз тойларың құтты болсын!Ұлыстың ұлы күні аталған Наурызда еңбектеріңіз өнімді боп, тілектеріңіз қабыл болсын.
Аман-есен тойдан тойға жетіп,ескі ауыртпалығыңыз ескі жылда кетіп,жаңа жылда жаңа үміт,жаңа тіршілікпен,осы ұлыстың ұлы күнінде елімізге,жерімізге Наурызымыз есігін қуанышпен ашсын.Барлық жақсы ниет,тілектеріңіз қабыл болсын!
Наурыз келсе,құт келгені,халайық
Есік ашып,шашу шашып,
Ел боп қарсы алайық. (Шашу шашылады)
Оқушы: Уа,жарандар,жарандар!
Көңілің бар алаңдар.
Ата менен анаң бар
Үлкен кіші ағаң бар.
Наурыз тойы басталды
Бәрің бері қараңдар.
-Наурыз-өте көнеден келе жатқан мейрам.Наурыз сөзі парсы тілінде "нау"-жаңа,"рыз"-күн деген сөздерден шығып,жылдың бірінші күнін білдірген.Бұл күні күн мен түн теңелетін,жан-жануарлар төлдеп,адамдардың аузы аққа тиетін,жер үстіне шаттық орнаған күн.Қазақ елі осы күнді "Ұлыстың ұлы күні"деп атаған.
Балалар,халық аңызы бойынша Қыдыр баба барлық босағаны аттап,қуаныш әкеледі,жақсылық шашады екен.
Балалар,бізге де Қыдыр бабамыз бірнеше тапсырмалар беріп жіберіпті.Кәне,соны шешіп көрейік.
1.-Не тәтті?-Ананың сүті тәтті.
-Не жұмсақ?-Ананың алақаны жұмсақ.
-Не жетім?-Жаңбыр жаумаса-жер жетім,
Басшысы болмаса-ел жетім,
Тыңдаусыз сөз жетім.
2.-Қандай ырым,тыйым сөздер білесіңдер?
1.Малды теппе,ақты төкпе.
2.Отты шашпа.күлді баспа.
3.Бос бесікті тербетпе,бесікті ашық қалдырма.
4.Бүйіріңді таянба.
5.Есікті керме.
6.Тұзды шашпа.
7.Асты оң қолыңмен алып же.
Балалар өз ойларын білдіру.
Форма
тивті бағалау.
ҚБ: Бас бармақ арқылы бір-бірін бағалау.
.
Соңы
Наурызды халқымыз,
Жыл басы санайды.
Көнермей салтымыз,
Көп елге тарайды.
Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын! Осымен балалар бүгінгі Әз Наурыз мерекесіне арналған тәрбие сағатымыз аяқталды.
Бір-біріне өз ойларын білдіру.
Педагогтің аты-жөні
Есениязова С.О.
Күні:
16.03.2021ж
Сынып: 1 «В»
Қатысушылар саны:
Қатыспағандар саны:
Сабақтың тақырыбы
16 наурыз-жайлау күні.
Сабақ мақсаты
Оқушылардың қоршаған ортаға деген махаббат құндылықтары жайлы түсініктерін кеңейту.Шығармашылық қабілеттерін, жақсылық жасай білу іскерліктерін, ойлау қабілетін дамыту, өз ойын еркін жеткізе білуге дағдыландыру.
Табиғатты қорғауға, елін, жерін сүюге, мейірімділікке, ізгілікке тәрбиелеу,экологиялық тәрбие беру, Табиғат-Анаға сүйіспеншілікпен қарауға жетелеу.